Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет82/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147
Бақылау сурақтары
1. Қандай дене сапаларын білесіз?
2. Дене сапаларына анықтама беріңіз.
3 Дене сапаларын тәрбиелеу әдістерін атаңыз.
4.Жас ерекшеліктеріне қарай дене сапаларын дамытудьщ өзгешеліктері.
5. Абсолюттік және қатынастық күштер арасындағы айырмашылық неде?

17 Лекция сабағының тақырыбы: Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтырын өткізудің құрылымы мен әдістемесі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерге бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктерін оқытып үйрету.
Жоспары:

  1. Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері.

  2. Білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.дене шынықтыру сабақтарының құрылымының ерекшеліктері.

  3. Қозғалуға үйрету, дене сапаларын тәрбиелеу, сабақтары іс-әрекеттің ұйымдастыру мен басқару әдістемелерінің ерекшеліктері.



Лекция мәтіні: Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтырын өткізудің құрылымы мен әдістемесі
Мектеп жасы қоғамның белсенді мүшесіне айналып қалыптасатын 7 жастан 17-18 жас аралығын қамтиды. Балдырған сәбиден мектеп оқушысы еңбекке, Отанын қорғауға дайын азаматқа айналады. Дәл осы жаста біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде және сонымен бірге, арнайы орта және кәсіптік-техникалық орта оқу орындарында жалпы көпшілікке орта білім беру іске асырылады.
Дене тәрбиесі сабағы оқу орындарындағы барлық оқу-тәрбие процесінің бөлігі, маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Мектеп жасындағы балаларды жас ерекшелігіне қарай бөлу.
Мектептерде дене тәрбиесі сабағы балалардың жас және жыныс, анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері қатаң ескеріліп жүргізіледі. Жас ерекшелік мүмкіндіктерін білу мыналарды анықтауға мүмкіндік береді :
1/ балалардың шамасы жететін мүмкіндіктерін дұрыс бағалау ;
2/ ағзадағы оңды өзгерістерге сүйену және өсудің қиындығын сездірмеу ;
3/ белгілі бір бағытта, бөліп айтқанда қозғалыс сапаларының қайсы бірімен жұмыс жүргізу үшін барынша ұтымды кезеңдерді жіберіп алмау ;
4/ Әрбір оқушының типтік ерекшеліктерін білу арқылы толығымен, жеке әрбір оқушының өзін көрсетуіне мүмкіндік беріп, дене дайындығына қарай күрделіленуіне мүмкіндік жасау. Биологиялық дамуына байланысты мектеп жасындағы балалар мен қыздарды жас ерекшеліктеріне бөлу ғылыми негізделіп, қазіргі таңда былай анықталған : екінші балалық шақ -8-12 жас ер балалар және 8-11 жас қыздар ; жасөспірім шақ - 13-16 жас ер балалар және 12-15 жас қыздар ; бозбалалық шақ- 17-21 жас бозбалалар және 16-20 жас бойжеткендер.
Педагогикалық іс тәжірибеде екі жыныстағылардың сыныпқа бөлінуіне қарай келесі жас кезеңдеріне бөлу тараған: майда немесе бастауыш мектеп жасындағылар 7-10 жас, І-ІV сыныптар ; орта сынып жасындағылар – 11-15 жастағы балалар, ІV-VІІІ сыныптар ; жоғары сынып жасындағылар жасы – 16-18 жасар бозбалалар мен бойжеткендер, яғни ІХ-ХІ сынып оқушылары.
Мектеп жасындағы балалардың денесін тәрбиелеу мәдениеті міндеттері келесі бейнеде нақтыланады :
Сауықтыру міндеттері :
1. Өсіп келе жатқан ағзаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу және оны біртіндеп ұлғайып келе жатқан жүктемеге дайындау, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, жүрек-қантамыры айналысы мен тыныс алу жүйелерін дамыту, зат алмасу процесінің қызметін жеделдету, жүйке жүйесін бекіту.
2. Белгілі бір жастағылардың және жыныстағылардың қозғалыс сапаларын дамыту.
3. Шынығу сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның (қалыптылығын) бейімділігін орнықтылығын арттыру. Сергектік, өмірге деген құштарлық сияқты жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін бұл іргетассыз мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу міндеттерін шешу мүмкін емес. Мектеп оқушыларының әрбір жас ерекшеліктеріне қарай ағзаның даму ерекшеліктері есепке алынып, жекелеген міндеттер шешіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының жасында тірек - қозғалыс аппаратының дамуы, жалпы дамып, беку сыйпатын қамтамасыз етеді. Қаңқаның қатты иілгіштігі, бұлшық ет ұлпаларының созылғыштығы, ірі бұлшық еттердің дамуы басым болатыны ескеріледі.
Орта сынып жасындағыларда, балалардың бойы, дене мүшелері тез өседі бірақ пропорцияға сай емес (аяқ, қолдар денеге қарағанда тезірек, сүйектер бұлшық еттерге қарағанда жылдам өседі, олардың созылғыштығы азаяды) және қыздар мен балаларда бірдей жылдамдықпен емес, сондықтан бұлшық еттерге жан-жақты әсер етіп оның әртүрлі көріністерінде күшін, буындардың қозғалмалылығын, босаңсыту қабілетін дамыту қажет .
Жасөспірімдердің тыныс алуына, бұлшық еттеріне ерекше назар аударылады, өйткені көкіректің көлемі мен дененің өсуі ара қатынасында үйлеспеушілік пайда болуы мүмкін (физиологиялық қушық кеуде). Жоғары сынып оқушылары жасында дененің өсуі азаяды, бұлшық ет көлемі артады, бұлшық ет ұлпаларының құрылымы жетіледі, күш және жылдамдық дайындығын жақсартуға барынша күшейтілген жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге, жасөспірім бозбалалар және бойжеткендермен жұмыс тек жүктеме жағынан ғана емес бағыттаушылық жағынан да күрделіленеді.
Әртүрлі жас ерекшелігі топтарында сауықтыру міндеттерінің ең маңыздыларының бірі нақтыланады, яғни ол дұрыс дене тұлғасын (сымбатын) қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасында дене сымбатының үнемі өсіп қалыптасуының жалғасатындығынан балаларды дене жаттығуларын орындатқан кезде күрт қозғалыстан, ауытқудан, секірген кезде қатты жерге түсуден т.б. сақтандырған жөн. Қан айналу және тыныс алу органдарының жүйелері мектеп бітірген жасқа дейін дамуын жалғастырады.
Бастауыш сыныптарда жүректің соғу, жирылу күші әлі күшті емес. Жүрек минутына 90 рет соғып, тез жиырылады, тыныс алу да минутына 20-22 рет және терең емес. Тек жоғары сыныптарда ғана жүрек-қан тамыр айналысы жүйесінің қызметі жүйелі атқарылады, оның реттеуі-жетілген, дегенмен ер балаларға қарағанда қыздардың қан айналу және тыныс алу органдарының қызмет ету мүмкіндіктері төмен болады.
Бұл ерекшеліктерін жылдамдық және төзімділік сияқты сапаларды дамыту кезінде ескеру қажет. Мысалы , бастауыш сынып жасында жылдамдық дыбысқа, белгіге тез жауап беру реакциясы түрінде дамиды. Бұл кезде күш төзімділігі күшті дамиды, бірақ балаларды бірсарындылық, бірқалыптылық шаршатады.
Сондықтан, олардың денесін статикалық қалыпты жағдайда ұстауға біртіндеп үйрету керек. Сонымен бірге, жаттығуды орындағанда бір мезгілде дұрыс тыныс алуға үйрету, қозғалысты тыныс алумен жүйелі үйлестіру қажет. Жоғары сынып жасында (ІХ-ХІ сынып) жылдамдық күш дайындығын қамтамасыз ету және төзімділікті дамыту жұмыстарына кірісу қажет. Жоғары сыныпта төзімділікті дамытуға үлкен мән беріледі. Олар ересектердің жүктемесіне таяу шыдайды. Алайда аса ауыр жүктеме, көңіл күйі нашар кезде, аурудан соң орындалған жаттығулар оқушы ағзасына үлкендерге, ересектерге қарағанда зиянды.
Ағзаны шынықтыру - аса маңызды сауықтыру шараларының бірі. Шынықтыру процедураларын мектепке дейінгілерге қарағанда оқушыларға байқап және біртіндеп жасаған жағдайда ғана күшті әсер етеді.
Өмір сүру бейнесі мен күн тәртібінің өзгеруіне қарай мектеп оқушыларына жүйелі түрде шынығу қиындайды. Сондықтан, үзілістегі дене жаттығуларымен дене тәрбиесі сабағын таза ауада өткізу мүмкіндігі пайдалы.
Сауықтыру міндеттері екі жақты шешілуі мүмкін : 1/ Дербес, өзбетінше, дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын арнайы таңдап, яғни, дұрыс дене дамуына жәрдемдесетіндей немесе дене сымбатының бұзылуын, салмағын, белгілі бір бұлшық ет топтарының нашар дамуын қалпына келтіретіндей мүмкіндік туғызу. 2/ Кез келген білім алу және тәрбие міндеттеріне жол ашу. Мектеп оқушылары үшін жеткілікті белсенді қозғалыс күн тәртібі, күнделікті орындалатын дене жаттығулары маңызды ; ерекше таза уақытқа (дозировка) есептеліп жасалынған жүктеме, ағзаның қуат қорын (ресурстарын) ашуға жол бермейді, өсуіне қажет жеткілікті демалыспен, ұйқымен, тамақпен өз уақтында күшін бастапқы қалпына келтіруі ; барынша жақсы гигиеналық жағдай жасау- сабақтың сыртқы ортамен және материалдық - техникалық қамтамасыз етілуімен байланыс ; денсаулық жағдайына және дене дайындығы көрсеткіштеріне жүйелі түрде дәрігерлік – педагогикалық бақылау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет