Арнайытөзімділік - пайда болған шалдығуға қарамастан белгілі бір еңбек немесе спорттық қызметте жүмысты тиімді орындау қабілеті. Арнайы төзімділік түрлері былай айырмаланады: жылдамдық, күш, статикалық. Кейбір спорт ойындарындағы циклмен орындалатын жаттығуларда (100-200 метрге жүгіру) жылдамдық төзімділігі қысқа уақыт аралығында жаттығу қарқынының өте жоғарылығынан жүрек-қан айналу және тыныс алу жүйелері бүлшық еттерді оттегімен қамтамасыз ете алмауынан, елеулі оттегі жетіспеушілігінің пайда болуымен байланысты. Сондықтан бұлшық етте жүмыс атқаратын барлық биохимиялық жүмыс жүйелері түгелге дерлік оттегісіз жағдайда орындалады. Оттегі борышының көп көлемін қалпына келтіру жаттығу аяқталғаннан кейін іске асады. Тағыда төзімділіктің бір түрі айырмаланады - күш төзімділігі, яғни жаттығуды үзақ уақыт орындау талап етілетін елеулі күш жұмсау қабілеттілігі.
Статикалық (тұрақты қалып) күш салу төзімділігі - тұрақты қалпын өзгертпей ұзақ уақыт аралығында бұлшық ет қуатын сақтай білу қабілеті. Кәдімгі жай кезде бүл тәртіппен жекелеген бүлшық ет топтары ғана жұмыс істейді. Мұнда оның созылуы арасында қарама-қарсы тәуелділік бар, яғни күш салу неғұрлым көп болса, солғұрлым жаттығудың созылу уақыты қысқа болады. Арнайы төзімділіктің басқа түрлері бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір еңбек, тұрмыстық, қозғалыс әрекеті немесе жаттығу түріне сәйкес келеді.
Төзімділікті тәрбиелеу - күрделі қызмет тәртібі, өйткені ол шұғылданушылардан елеулі ерік-жігер күш салуын талап етеді. Төзімділік деңгейінің артуы сабақ барысывда жаттығушылар белгілі бір дәрежеге дейін шаршап, өздерін нашар сезіну нәтижесінде байқалады.
Арнайы төзімділікті дамьггу үшін төзімділіктің базалық (қорының) деңгейі, яғни жалпы төзімділік қажет. Төзімділікті дамытудың әдістемесі әр түрлі. Жаттығуды орындау кезінде жүктеменің кейбір төменде көрсетілген құрамдас бөліктерін ескеру қажет:
жаттығудың қарқындылығы (қозғалыс жылдамдығы);