Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Фронтальді, топпен және жекелей жұмыстарды үйлестіру



бет90/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147
Фронтальді, топпен және жекелей жұмыстарды үйлестіру. Оқу процесі оқу материалы мен шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері есепке алынған жағдайда ғана тиімді болады.

  • Сабақ мазмұнының, оны ұйымдастыру мен өткізудің тұрақты түр өзгерістері. Сабақтың мазмұнының әдістемесінің әртүрлілігі және оны процессуальды қамтамасыз ету оқушылардың дене жаттығуларымен шұғылдануға қызығушылығын қамтамасыздандырады және олардың белсенді қызметін жандандырады.

  • Сабақтың жарақат алу қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Дене тәрбиесі сабағындағы жарақат алу қауіпсіздігінің артуының себебі, оның спецификалық мазмұнында әртүрлі гимнастикалық қондырғылардағы, спорт құралдарымен және оларсыз әртүрлі қозғалыс қызметін орындау болып табылады. Оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырмау оқушылардың жарақат алуға әкеледі. Сабақты жақсы ойланып ұйымдастыру, әдістер мен жәрдемдесу жолдары арттырылған жарақат алу қауіптілігі бар жаттығуларға бөліп тік назар аудару (гимнастикалық қондырғылардан секіріп түсу, арқанға өрмелеу, граната лақтыру және т.б.), сабақта жарақат алмаудың алдын алады.

  • Оқушылардың оқу қызметінің барысы мен нәтижелерін тұрақты бақылау. Әрбір сабақта оқушылар қызметін оперативті басқару қамтамасыз етіледі. Бұл шұғылданушылардың оқу тапсырмаларын орындауын, сонымен бірге олардың өзіндік сезінуі есепке алынып ағзаның жүктемеге реакциясын бағалау және талдау негізінде іске асырылады.

    Сабақтың құрылымы және оның бөлімдеріне сипаттама. Дене тәрбиесінің әрбір сабағы үш қызметтік байланыстағы құрамдас мына бөлімдерден тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды.
    Бұл бөлімдердің сабақтастығы дене жүктемелерінің әсерімен ағза жұмыс қабілеттілігінің өзгеру заңдылықтарын көрсетеді. Жүктеменің басында ағза өз органдары мен жүйелерінің қызметтік жұмыс қабілеттілігін біртіндеп арттыру есебінен тыным алу реакциясын жеңіп шығады. Бұл сабақтың дайындық бөліміне сәйкес келетін өндіру фазасы деп аталады. Содан кейін, деңгейіне жеткен жұмыс қабілеттілігі белгілі уақыт аралығында біршама өзгерулермен арту және төмендеу жағына қарай сақталады. Бұл негізгі бөліміне сәйкес келетін тұрақты жұмыс қабілеттілігі фазасы деп аталады. Ағзаның жұмыс органдары мен жүйелерінің қызметтік қорларының жұмсалу шамасына қарай (жүрек қан тамырлары, тыныс алу, бұлшық ет және т.б.) шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігі біртіндеп төмендейді. Бұл сабақтың қорытынды бөліміне сәйкес келетін титықтау немесе қажу фазасы деп аталады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет