Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Әдістің ғылыми негізделгендігі



бет23/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

1.Әдістің ғылыми негізделгендігі - материалистік ілімі тұрғысынан қарағанда таным ілімі және адамның жоғары ақыл-ой жүйесінің қызметі туралы материалистік ілім.
2. Оқытып үйретудің қойылған міндетті шешуге сәйкестігі. Нақтылы міндеттің болмауы оқытып үйрету әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік бермейді. Егер, мысалға алатын болсақ, сабақты "ешкіден" екі аяқты ашып, қолды тіреп секіруді үйрету міндеті қойылған болса, онда оқытып үйрету әдісін анықтау мүмкін болмайды (бөліктерге бөліп үйрету әдісіне және бүтіндей үйрету әдісіне бағдар жасауға болады). Барынша нақтылы міндеттерді шешуде, мысалы, "ешкіден" екі қолды тіреп, екі аяқты ашып секіруді үйреткенде, бөліктерге бөліп үйрету әдісін қолдану қажеттілігі туындайды.
3. Оқытып үйретудің тәрбиелеу сипатын қамтамасыз ету. Әрбір таңдап алынған әдіс берілген қозғалыс әрекетіне оқытып үйрету жүйелігінің тиімділігін қамтамасыз етілуімен ғана бағаланбауы тиіс, яғни қазіргі заманғы өскелең өмір тәжірибесі талабы деңгейінде болуы шарт.
4. Әдістердің қолданылуы оқыту принциптері жүйелерініңсәйкестігімен іске асуына сүйенуі тиіс. Бір жақты әдістің жеке алынғанпринциппен байланысын мазмұндау дұрыс емес. Мысалы, егер мұғалімкөрсету әдісін қолданды десек - онда ол көрнекілік принципін толық шешеді. Белгілі болғанындай, бұл принцип бүтіндей әдістер жүйесі арқылы іске асырылады.

  1. Оқу материалының ерекшелік, өзгешелікке (спецификаға)сайлылығы. Оқытып үйрету әдістерінің дене шынықтыру жаттығулары түрлері арасында белгілі бір тәуелділігі бар. Кейбір жағдайларда тек сөзбен айту әдісімен шектелу дұрысырақ, ал басқа күрделірек тапсырмаларда көрсету әдісін қолдануға болады. Ойындық, гимнастикалық, спорттық және туристік жаттығулардың жеке өздерінің меншікті оқытып үйрету әдістері болмайды. Олар дене жаттығуларының барлық түрлері үшін бірдей. Сонымен бірге, осы түрлері көп жағдайда әрбірі бірдей әдістемелік тәсілдерді пайдалануға қолайлы болып тұрады және аз жағдайда басқаларын пайдалануға бейім.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет