Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Оқушылардың жеке және топпен дайындалғандығының



бет24/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147
Оқушылардың жеке және топпен дайындалғандығының сәйкестігі. Мысалы, жақсы дайындықтан өткен оқушыларға кейбір козғалыс-қимыл әрекеттерін үйренгенде, бөліктерге бөліп үйрету әдісін қолдану ыңғайлы емес, ал аз дайындықтан өткендерге бұл қозғалыс-қимыл әрекеттерін меңгерту үшін жанама жаттығуларды игерту арқылы орындалады.

Сөзбен түсіндіру әдісін пайдалану кезінде оқушылардың жалпы білім деңгейін, әсіресе, тиянақты, тыңғылықты ескеру керек. Егер олардың жалпы білім деңгейі жеткілікті, жоғары болса, онда шұғыл бұрылыстармен (виражбен) жүгіруді түсіндіргенде, мысалы, олардың білімін физика пәні ауқымынан пайдалану керек.
7. Мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің сәйкестігі. Әрине, әрбір ұстаз-педагог барлық оқытып үйрету әдістерін толық көлемде меңгеруі тиіс. Дегенмен, қатарынан көптеген себептерге қарай бір мұғалімдер бір әдісті, ал басқа біреулері басқа бір әдісті жақсы меңгереді. Бұл ерекшеліктерін ескермеске болмайды. Егер, нақтылы жағдайда екі әдістен, мысалы үшін, бірдей нәтиже шықса, онда мұғалімнің өзі жақсы меңгерген әдісін пайдаланғаны дұрыс.

  1. Сабақтың жағдайының сәйкестігі. Мысалы, мектеп сабағында арқанға өрмелеуді үйрету кезінде және 2-3 арқан қосымша тұрса бүтіндей әдіспен үйретуді қолдану дұрыс болмас еді. Дәл бұл жағдайда сабақтың тығыздығы өте төмен болған болар еді. Мұғалім сөзбен түсіндіру әдісін қолданбас бұрын залдың акустикалық (дыбыс әуенін шығару) қасиетін, алаңның көлемін ақыл-оймен саралап есептеуі тиіс.

9.Әдістердің әр түрлілігі. Әдістердің ішінде тек біреуі ғана негізгі немесе тек біреуі ғана әмбебап болып танылуы мүмкін емес. Әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқытып үйретуде үлкен жетістіктерге жетеді.Нашар әдістің болмайтындығын есте сақтаған дұрыс. Әрбір оқыту әдісі өзінше жақсы. Оларды пайдалануда қабілеті жоқ сауатсыз мұғалімдер "нашар" етеді. Бір педагогикалық сәттерде әдістердің пайдалы әсер еткені, екіншісінде олай әсер етпеуі, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан педагогикалық қызмет барысында оқытып үйрету әдістерінің жүйесін пайдалану қажеттілігі туындаған. Бұл жүйелерде әдістердің күшті жақтары пайдаланылып және әлсіздері бейтарапталады. Бұл ереже іс-тәжірибеде оқу-тәрбие жүйесінде қолдау табады, яғни көрсету кезінде сөзбен түсіндіріліп, суреттеу, нұсқау беру арқылы үйлестіріліп, түсіндіріледі.
Барлық шұғылданушыларға және жұмыс жағдайының барлығына бірдей жарайтын әдістің болуы мүмкін емес. Қайсы бір әдісті әмбебап (универсалды) әдіске теңеу мұғалімнің шығармашылық бастамашылдығын, белсенділігін тежейді, оқушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануларына кедергі жасайды. Бұл мәселе жөнінде дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің ұлы ғұламасы П.Ф.Лесгафт: "Әдіс деген-бұл мен деп айтуға болады", - дейді. Әдіс түрі туралы білімі және ұғымы бар педагог оны өз ісіне ендіретіндігімен тұжырымдалады.
Оқушыларға білім мен біліктілікті беру жолдарымен барлық әдістер үш топқа бөлінеді. Бұл үш топтың әрқайсысы бірнеше әдістерге бөлінеді, расында, іс жүзіндегі қызметте кейде пайдаланылуы бірдей емес бағаланылуы жиілілігімен айырмаланады.
Егер, мысалға алсақ, түсіндіру, көрсету әдісінсіз дене тәрбиесінің кез келген сабағын көзге елестету өте қиын, ал плакат, сурет, кинофильм, видеофильм және т.б. көрсету әдісі өкінішке орай өте сирек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет