Оқушыға дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуге мына келесі жағдайларда болады: а) егер мұғалім денсаулық жағдайына байланысты қозғалыс әрекетін жақсы орындай алмаса; ә) егер мұғалім жаттығуды көрсету кезінде түсіндіруге қолайсыз жағдайда (мысалы, басымен төмен) қалса; б) тапсырманың орындалуының мүмкін еместігі жайлы оқушылардың көзқарасын өзгерту қажет болғанда; в) оқушыларға мысал ретінде жас баланың орындау әдісінің жекеленуін көрнекілік ретінде көрсету. Көрсету кезінде мұғалім оқушылардьщ барлығын бақылайтындай, басқаруға тиімді жерде түруы тиіс (мысалы, биік жерде тұрып барлық сьшып оқушыларын бақылауға болады), ал оқушыларға дене шынықтыру жаттығуын, яғни қозғалыс әрекетінің құрылымын көрнекілікпен көрсететін жазықтан көру (мысалы, оқушыларға қырынан тұрып аяқтың дұрыс алға бүгілуін көрсету оңай) қолайлы.
Көрнекі құралдарды көрсету қозғалыс әрекетінің заттық бейнесін ұғып қабылдауға арналған. Көрсетудің, нақтылы педагогикалык, міндеттермен байланысқанда ғана дидактикалық маңызы болады. Оның көмекші болып, талапқа сай тиімді әсері болуы басқа әдістермен үйлестірілгенде ғана іске асады. Көрнекі құрал мөлшері, көлемі, түрі, түсі, маңызы, мазмұны және өз элементтерін сызбалық (графикалық) кескіндеулерді түйсіну, ұғыну принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Әрбір көрнекі құралдың түрін көрсетуде кейбір әдістемелік ережелер есепке алынып жүргізіледі.
Плакат (мәтіні қысқа, нақты әрі ұтымды сурет) қозғалыс әрекетін көрсету кезінде түсіндірілуі, көрсетілуі киын сәттерді дәл көрсетуі тиіс. Сондықтан кескіндеу оқушылардың майда бөлшектерге көңіл аударып, басты мәселеден ауытқымауынан сақтандыруы қажет. Әсіресе, мазмұнына қарай ең маңыздысы, ең бағалы, құндысы қозғалыс әрекетінде дәйектілік, бірізділік және қозғалыстың бір уақытта орындалуын кескіндеп көрсететін плакаттар болып табылады. Көрсету оқушылардың оқу материалын қабылдауға дайындығына жол салуы тиіс: біріншіден, балаларда көрсетілетін материалдың шамасын байқауға деген қызығушылық қалыптасуы қажет; екіншіден, олардың назары оқытып үйретудің нақтылы міндеттерін шешу үшін жетекші рөл атқаратын элементгеріне аударылуы тиіс. Түсіндіру мен көрсетудің уақыт және көлемінің арақатынасы оқытып үйрету міндетіне тәуелді. Дегенмен, оқушының көрнекілікті қабылдау нәтижесін тексеру үшін мұғалімнің сұрағы мен оқушының жауабы кез кслген жағдайда пайдалы. Плакатты көрсету әдісіне бірегей қойылар талап жоқ. Плакаттарды сабақ басталмас бұрын алдын- ала материалмен таныса беруі үшін немесе сабақ басталған соң қажетті болған жағдайда іліп қоюға болады. Мұнда шұғылданушылардың назарын нақтылы міндетті шешуге шоғырландыру қажет. Плакатты оқушылардың назары ауа бермеуі үшін көрсетіп болғаннан кейін жинап тастауға және арасында оған қайталап түсіндіруге оралу үшін қалдыруға да болады, қозғалыс әрекетін дамытуды көрсеткенде плакаттардың жалғастырылатын барлық серияларын бірден іліп қоюға болады.
Егер мұғалім эстетикалық жағынан жақсы кескіндей алса, плакатқа сурет салуда басымдылық қабілеті болса тақтаға бормен салынған кескіндеме суреттерді пайдалануға болады. Біріншіден, қозғалыс орекетінің элементтерінің жекелеген кескіндерін бірізділікпен салып кезекті қозғалыс кезеңдерінде әдістің негізі және бөлшектері жайлы барынша есте қаларлықтай мағлұмат беруге болады. Екіншіден, сурет өте қарапайым, оқушылардың назарын аудармайтындай бөлшектермен миды ашытатындай үйіп тасталмаған болуы тиіс. Үшіншіден, тақтаға салынған сурет шапшаң, тез, қолма-қол көрсету әдісі болып табылады. Мұны мұғалім сабақтың кез келген уақытында қосымша уақыт шығындамай пайдалануына болады.