Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Айтудың - әңгіме түрінде мазмұндалып баяндалатын түрін мұғалім оқушылардың ойындық қызметінде қолданады. Суреттеу, бейнелеу



бет27/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147
Айтудың - әңгіме түрінде мазмұндалып баяндалатын түрін мұғалім оқушылардың ойындық қызметінде қолданады.
Суреттеу, бейнелеу - бұл қозғалыс белгісінің сипатын, не істеу керектігінен және қозғалыс әрекеті туралы көрсетуді, бірақ неге олай екенін айтпай ұйымдастыру әдісі. Суреттеу жаңадан орындайтын қозғалыс «әрекетінде немесе қарапайым қимылды үйрету кезінде көрсетіледі, яғни оқушылар өзінің білімін және қозғалу тәжірибесін пайдаланады.
Түсіндіру-қозғалыс әрекетіне саналылықпен қарым- қатынасын дамытудың маңызды әдісі болып саналып, ең басты "неге?" деген сұраққа жауап береді.
Әңгімелесу, кеңесу - бірінші жағынан, оқушылардың белсенділігін арттырады, өз ойын айта алу қабілетін дамытады, ал екінші жағынан, Мұғалімге өзінің оқушыларын білуіне, істелінген жұмысын бағалауына жәрдемдеседі. Әңгімелесу мұғалімнің сұрақ беруімен және оқушылардың жауап беруімен немесе өз көзқарастарын еркін бөлісулері түрінде өтеді. Әңгімелесудің әр түрлілігі белсенділікті дамытады, сонымен бірге оқушылардың барынша жоғары білім деңгейін және қозғалыс тәжірибесін арттырады.
Талдау - біржақты, тек мұғалім тарапынан немесе оқушы мен мұғалімнің қатысуымен пікірлесу түрінде екі жақты болуы мүмкін. Талдаудың әңгімелесуден айырмасы қандай да бір тапсырманы орындағаннан соң өткізіледі (мысалы, ойыннан кейін). Мұнда талдаудың екінші түрі, яғни оқушы мен мұғалімнің әңгімелесу, пікірлесу әдісі білім беру және тәрбиелеу міндеттерін үлкен тиімділікпен шешуге мүмкіндік туғызады.
Тапсырма беру - сабақтың алдында немесе сабақ барысында жекелеген міндеттерді шешуге жағдай жасауға жәрдемдеседі. Тапсырманың бірінші түрінде мұғалім орындалатын жаттығудың барлық орындау әдістерін түсіндіреді, ал оқушыларға тек қойылған талапты орындау ғана қалады. Тапсырманың екінші түрі оқушылар үшін барынша күрделілеу, өйткені мұнда олар орындайтын міндеттерінің тұжырымдамасын ғана алады, ал оны шешу әдістерін өз беттерінше ізденуі тиіс.
Нұсқау беру - (немесе тәртіп беру) қысқашалығымен айырмаланады және сөзсіз орындалуды талап етеді. Нұсқау алу арқылы оқушылар міндеттерді шешуге және ешбір негіздемесіз оны орындаудағы қателіктерін түзеуге бағдарлама алады. Оқушылардың сабақ барысындағы міндеттерді шешуін бағалау, оқыту құрылымындағы қозғалыс әрекеттерін талдаудың нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет