Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет33/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жарыстық әдіс - жарыс үшін көптеген сипаттағы белгілерін игерген (сайыс), бірақ жарыспен салыстырғанда барынша кең ауқымда қолданылады. Жарыс дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылдануды ұйымдастыру әдістерінің бірі болып және оқушыларды ынталандыруда жарыстық әдістің барынша ашық көрсетілгені болып табылады. Дегенмен, жарыстық әдіс сондықтан да барынша кең ауқымда пайдаланылады, өйткені ол сабақтың кез келген ұйымдастыру түрінде жарыстық құралы кез келген дене жаттығулары бола тұрып қолданылады. Мысалы, жарыстық әдіспен мектепте сабақты түгелдей өтуге болады, яғни оқушыларды сапқа тұрғызудан бастап, залдан сабақ бітіп шыққанға дейін.
Жоғарыда атап өтілгендей, бүл әдіс ойындық әдіспен жалпылама ұқсас. Дегенмен, олардың арасында принципті айырма бар. Өйткені ойындық әдісте оқытып үйретуде барлық уақытта сюжеттік мазмүн бар. Ал жарыстық әдісте бұл сәт болмайды, қозғалыс әрекетін орындау сәті бүтіндей оның мазмұнына бағынышты. Мысалы, бөрененің үстінде қозғалуды жетілдірудің ордан өту түрінде даму (сюжеттік) мазмұны бар, яғни ойындық әдіс қолданылады. Егер дәл сол жаттығудың жоғарыдағыдан даму мазмұнының (сюжеттік) бояуы болмаса, ал әрекет ету әдісін жетілдіру, орнынан ауысу жылдамдығы және т.б. міндетіне бүтіндей бағынған болса онда жарыстық әдіс қолданылады. Бұл айырма еш уақытта ойын әдісіндегі жарыстық кезеңді алып тастай алмайды, бірақ ол жаттығудың даму мазмұнына бағынады. Бұдан да басқа егер ойындық әдістің мазмұны жалпыға таныс маңызды бір ойын болса (мысалы, баскетбол, пионербол) және осы ойыннан жарыс өткізілсе, мұнда екі әдістің арасындағы айырма жойылады.
Жарыстық әдістің барынша сипатты белгілері мыналар:

  1. Алдын-ала жоспарланған ережеге сәйкес белгілі бір немесе басқа бір қозғалыс әрекетінде жеңу міндетіне барлық қызметін бағындыру.Мұндай міндет қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылығын ынталандырудың қозғаушы күші болып табылады.

2.Біріншілікте, жоғары спорттық нәтижеге жету үшін күресте дене
және психикалық күштерді максимальді жұмсау, көрсету, нәтижесінде жарыстық әдіс ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін толық ашу үшін жағдай жасайды.
3. Оқушылардың алатын жаттығу жүктемесін реттеуді басқаруда мүмкіндіктер шектелген. Сонымен, бұл әдіс оқушылардан қозғалыс әрекеттерін орындау барысында туындаған міндеттерін шешуде өзін-өзі басқаруды, дербестікті талап етеді. Одан әрі, жарыстык әдіс қозғалыс әрекетін жетілдіруде барынша тиімді, бірақ алғашқы сатыдағы үйрену кезінде емес; қозғалыс сапаларының, әсіресе, кешенді көрсетудің жеткілікті дәрежеде жоғары даму деңгейін талап етеді; бүл әдіс оқушылардың жеңіскс және сәтсіздікке байланысты психикалық табандылығын дамытуда педагогикалық тұрғыда өзін ақтайды. Бұл әдіс, бірінші жағынап, оқушыларды алдын ала жан-жақты дайындау жағдайында барынша педагогикалық тұрғыда тиімді, ал басқа жағынан өздерінде бар дайындық деңгейін оның жәрдемімен одан әрі дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет