Жекелеген уақытпен мөлшерленген жаттығулар әдістері -оқушыларға олардың алдарына қойған міндеттерін шешулеріне салыстырмалы еркін әрекет етуді таңдап беру қарастырылған. Бұл әдіс тәртіп бойынша шеберлікті жетілдіру кезеңінде қолданылады. Мұнда оқушылар жеткілікті біліктілік пен дағдыны меңгереді. Бұл топқа жататын әдістердің (ойындық және жарыстық әдістер) әр түрлі белгілерін игеріп, жалпы бір жерде тоғысады, яғни оны қолданғанда оқушылардың арасында өзара қарсыластық элементі, қайсыбір қимылды орындауда өзінің артықтығын дәлелдеуге ұмтылысы болады.
Ойындық әдісі- дене тәрбиесіндегі көптеген ойынға арналған сипаттамалары мен белгілерін иемденеді. "Дене жаттығуларының педагогикалық жіктелуі" тақырыбында дене жаттығуларына тән жүйе ретінде, яғни дене тәрбиесінің құралы түрінде ұсынылған. Дегенмен, ойындар дене тәрбиесінде оқытып үйрету мен тәрбиелеудің нәтижелі, пайдалы әдісі болып сипатталады. Сондықтан ойын әдісінің табиғатын түсіну үшін, тек ойын мәнінің негізін ашу арқылы қол жеткізуге болады. Ойынның мәнін оқып, үйренуінің барынша келешектік бағыты үлгілеу ілімі (теория моделирования) саналып, оған сәйкес ойын ақиқат өмірдің элементтерінің өзіне тән үлгісі ретінде қаралып, яғни адамның алдын ала анықталған шарттылықтарының шекарасындағы іс жүзіндегі мінез-құлқын еске түсіру болып табылады. Ойында шартты түрде бүтіндей өмірдегі жағдайлар (мысалы, имитациялық еліктеу ойындары), кейбір адамның тұрмысқа, еңбекке және әскери қызметке, қорытындысында ең бастысы, ойында барлық уақытта адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгілері жасалынады (моделируются). Ойын тарихи жинақталған қоғамдык құбылыс ретінде адамның еңбек және әскери қызмет негізінде өмірге келген және адамның өмірдегі материалдық және әлеуметтік жағдайларымен анықталады. Іс жүзіндегі ойынның маңыздылығы және оның өткізілетін жердегі шекарасы шарттылығы тұтастықта алға шығады. Ойын өмірлік нақтылы шындықты көрсетеді, бірақ бір уақытга оны өзінің шартты заңдылықтарына жиі бағындырады. Ол қоршаған қызмет әрекетін өзгертуге шақыру емес (бұл мағынада ойын салыстырмалы дербестік), бірақ адамды шығармашылық өмірге құлшындырады, адам мәдениетінің қалыптасуының маңызды көзі ретінде алға шығады. Осыған байланысты ойын келесі қызметтерді атқаруы тиіс: дайындык (адамның дене және рухани күштерін жетілдіру, әлеуметтік белсенділікке және шығармашылыққа тәрбиелеу), бой жазатын (бос уақытын дұрыс пайдалану үлгісі ретінде) және адамдардың қатынасын, сонымен бірге адамдар арасында және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын қалыптастыру қызметін. Осы негізгі қызметтері ойынның бағыты мен мазмұнын анықтайды. Дене тәрбиесіндегі кез келген ойынның мазмұнының негізін адамның дене жетілуін қамтамасыз ететін қозғалыс әрекеті құрайды. Ойындардың, гимнастиканың, спорттың және туризмнің өзара айырмашылығын, көбінесе шартты түрде түйсіну керек. Әрі бұл шарттылық ойын түрінің даму шамасына қарай барынша айқын болады. Ойынды анықталған ереже ауқымында орындалатын қозғалыс әрекетінің нақтылы жүйесі сияқты тану, айыру қажет (бұл белгілерімен, мысалы, "Жасақ" ойынын, "Үшінші артық" ойынынан айыруға болады) және әдіс ретіне дене шынықтыру жаттығуларының сипатына тәуелді емес әр түрлі педагогикалық міндеттерді ол арқылы шешуге болады.
Ойын әдіс ретінде тек көпшілік мақұлдаған ойындар арқылы ғана іске асырылмайды. Ойын әдісінің ұғымы іске асырылу құралы және түрі жағынан ресми ойындарға қарағанда әлдеқайда кең. Мысалы, ойын әдісімен дене тәрбие сабағын түгел "Әскери кеме вахтасында" деген ұранмен сабақ барысында бірде- бір ресми ойынды қолданбай өткізуге болады. Шамамен тепе-теңдікке құрылған жаттығуды үйрету кезінде оны кедергі арқылы өту ойыны түрінде ұйымдастыруға болады.
Ойын әдісінін сипат белгісіне келесілерді жатқызуға болады:
1.Жарыстастық және тез әсерленгіш (эмоциялық) сезімдері басым ойын барысында ашық көрінетін сипат белгісі. Ойын әдісі салыстырмалы түрде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты көз алдына елестетуге мүмкіндік береді. Жарыс жағдайының өзінде, мысалы, жүгіруде қатысушылар арасында екі адам арасындағы ойындарға қарағанда көп қырлы жағдайлар көп болмайды. Осыған байланысты ойын әдісінде әсіресе, ойнаушылардың арасындағы өзара қарым-қатынасы ерекше тыңғылықты уақытпен мөлшерленеді.
2.Жағдайдың төтенше өзгергіштігімен күрес жүргізу, қозғалыс әрекетін орындау жағдайы, оның нәтижесінде ойнаушылар туындаған міндетті шешудің көп түрлі әдістерін білуі тиіс, ал олардың қалыптасқан дағдылары иілгіштігімен, өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделгіштігімен ерекшеленуі керек.
3.Қозғалыс әрекетіндегі шығармашылық ынтаға жоғары талап қойылады. Ойындық жағдайдың түр өзгерісі барынша нәтижелі дене шынықтыру жаттығуларын таңдауды, белсенді дербестікті талап етеді.
4.Жүктемеге және қозғалыс әрекетінің сипатындағы қатаң уақытпен мөлшерленудің болмауы. Ресми және шартты ереже шегінде оқушылар өздерінің пікірі бойынша барынша нәтижелі, пайдалы міндетті шешу үшін қажетті қозғалыс әрекетін пайдаланады. Бұл кезде қатысушыға түсетін жүктеме ойында орындайтын қызметіне және бірқатар алдын - ала анықталған жағдайларға оның белсенділігіне тәуелді (әдісті қолданудың ұзақтығы, қатысушылардың саны, ойынның мазмұны және т.б.)уақытпен мөлшерленген дәреже салыстырмалы түрде сирек жағдайда, қашан ойын әдісі жаңа қозғалыс әрекеттерін үйрену үшін қолданылғанда артады.Мысалы, ойын әдісімен арқанға үш әдіспен өрмелеудің бір бөлшегін үйренуге болады, яғни қолды тура ұстап тартылып тұрып аяғын алға бүгу
(оқытып үйретуді ойын түрінде ұйымдастыруға болады, мысалы, тербеліп тұрған арқанға тартылып тұрып терең ордан секіріп өту).
Әр түрлі қозғалыс дағдылары мен сапаларын ойын қызметіндегі міндеттерге сәйкес кешенді көрсету. Дене тәрбиесінде ойындар қандайда бір ерекше қозғалыс әрекетімен ерекшеленбейді. Оларда ережеге сай өздерінің табиғи түрімен айырмаланатын қозғалыс әрекеттері кездеседі (жүгіру, секіру және т.б.). Көпшілік ойындарда ойнаушылар табысқа жету үшін бір қозғалыс әрекетін емес, бірнешеуін әр түрлі үйлестірудепайдаланады. Осылардың барлығы ойнаушылардың ағзасына кешенді әсер етуді қамтамасыз етеді.
Көп жағдайда ойнаушылардың арасында өзара қарым-қатынас қандай да бір зат арқылы іске асады, мысалы, доптар, жалаушалар және т.б. Ойын әдісі мазмұнының және сипаттамасының байлығының арқасында үйлесімділікті дамыту, күтпеген жағдайда кенеттен пайда болған міндеттерді тез шеше білу, кідірмей қажет жұмыс қарқынына араласу іске асады. Ол оқытып үйретудің тиімділігін тексерудің құралы ретінде және жалпы дене дайындығы деңгейін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ойын әдісі дүрыс қолданылғанда ұйымшылдық, белсенділік, бастамашылдық, табандылық, батылдық, ұстамдылық, саналылық және тәртіптілік сезіміне тәрбиелеу үшін үлкен маңызға ие болады. Бұл әдістің әлсіз жағына жаңа, әсіресе, ерекше күрделі қозғалыс дағдысын қалыптастыру кезіндегі шектелген мүмкіндігі жатады.