Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Салынған сурет (зарисовки)



бет30/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   147
Салынған сурет (зарисовки). Оқытушылардың өздерінің нұсқалы пішін түрінде (контурные фигуры) салған суреті оның өзінің жеке қозғалыс әрекетін ұғынуына, графикалық айтуына, көрнекі түрде ойланып орындауына, өзінің қателігін табуына мүмкіндік береді.
Пәндік оқу құралы. Пәндік оқу құралы салыстырмалы түрде шектелген дидактикалық мүмкіндіктерімен қабілетті болады. Көлемдік және жазықтық топсалы үлгілері (плоскостные шарнирные модели) дененің жекелеген мүшелерінің қозғалыстарын, қозғалыс траекториясы мен амплитудасын, кеңістіктегі дененің қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді (бірақ мұның барлығы тек бір жазықтықта).
Кинофильм. Педагогикалық қызмет барысында кинофильмді көрсетудің барлық техникалық қиындықтарына қарамастан орасан зор дидактикалық мүмкіндіктері бар. Кинофильмнің көмегімен жоғары спорттық шеберлігі деңгейінде қозғалыс әрекетін орындауды көп рет қайталап көрсетуге, сонымен бірге әр түрлі жазықтықта оның бөлшектерін үлкейтіп, дәл көрсетуге болады. Қозғалысты көрнекілікпен қабылдау үшін, оны жоғары жиілікпен түсірген кинофильмнің үлкен маңызы бар. Кинофильмнің түсіру жылдамдығынан аз жылдамдықпен шығарылған кескіні (проекциясы) киноэкранда баяулатылған қозғалысты, яғни оның барлық қозғалыс-қимыл бөлшектерін қарап, көруге мүмкіндік береді.
Дыбыспен және сәулемен белгі беру қозғалыс әрекетінің (немесе жеке қозғалыстың) басталуы және аяқталуы үшін қажетті есіту және көру бағдарларын жасайды, белгілі бір қозғалыс қарқынының бағытын, амплитудасын және т.б. туғызады.
Қозғалыс әрекетінің орындалуы жайлы жедел хабар (информация) беру үшін арнайы құралдар, электро нысана, электро дыбыс лидерлері кең тарай бастады (мысалы, гимнаст тербелісінің мөлшері).
Кейбір тәжірибелік зерттеудің нәтижелері оқушылардың денс шынықтыру жаттығуларын орындау уақытын жедел түрде хабарлаудың әр түрлі әдістерін кең қолданудың пайдалылығы жайлы мағлұмат береді. Жедел хабарлау белгісі әбден қалыптасқан дағды жағдайында түзету қарқыны сапасын нашарлатуға, қозғалыстың үйлесімділігін бұзуғ, қозғалыс әрекетінің барынша максимальді қара бастың қамымен, мақсатсыз пайдалы әсеріне үмтылуға айналуға әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет