Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Оқытып үйрету жуйесіндегі қозғалыс әрекетін дамыту



бет35/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   147
Оқытып үйрету жуйесіндегі қозғалыс әрекетін дамыту.Дене тәрбиесінің көп түрлі міндеттерінің ең басты негізгісі қозғала білу және дағдылар жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Білім, қозғала білу және дағдылардың қалыптасу жүйесінің бастапқы кезеңі үйренушілерге арнайы білімді меңгеру болып табылады. Бұл білімдердің көзі сөзбен түсіндіру және педагогтің жаттығуларды көрсетуі болып табылады. Бұл жүйенің заңдылықтарын білу қозғалыс әрекетін оқытып үйретудің әрбір кезеңінің ұтымды мазмұнын қамтамасыз етіп, қозғалыс әрекетін меңгерудің бірқалыпты еместігін дұрыс бағалауға және үйрету мүмкіндігінің өзгеру жағдайын сабақ жүйесі мен ұштастырушы жаттығулар жүйесін, дағдыларды тасымалдау арқылы барынша сауатты қүруға мүмкіндік береді. Қозғалыс әрекетіне үйрету, оқытып үйрету жүйесінде адам денесінің бір бөліктеріндегі қозғалысты басқару сипатын өзгертеді. Нәтижесінде қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейі артады. орындау үшін шектеулі мүмкіндікті меңгеріп (қозғалыс біліктілігін), шексіз келешектік жетілдіру мүмкіндігіне ие болады (қозғала білудің жоғарғы тәртібі). Қозғалыс әрекетін меңгерудің үш деңгейге бөлінуі шартты болып табылып, тұрақты бөліну шекарасы болмайды, бірақ білім беру міндетін анықтау үшін аса пайдалы.
Қозғалыс әрекетін меңгеру жүйесі алдын ала алған білім мен бұрын жинақтаған тәжірибеге сүйенетін қозғала білуді қалыптастырудан басталады. Қозғала білу бүл үйретілетін қозғалыс әрекеті кіретін оқушының әрбір қимылға ықыласпен назар салу жағдайында қозғалыс әрекетін орындау қабілеті (қозғалыс міндетін шешу).
Спорттық белгісі. 1. Бүтіндей қозғалыс әрекетін қүрайтын қозғалысты басқару автоматты емес түрде жүреді. Нәтижесінде оқушының сапасы әрбір қозғалысты бақылаумен сала жүгі ауырлайды, жүмыс үнемделмей, елеулі дәрежеде шаршаумен атқарылады. 2. Қозғалыс міндетін шешу жолы тұрақты емес, сондықтан оны шешудің барынша жақсы әдістерін іздеу жүргізіледі. 3. Қозғалыс әрекетін игерудің бірінші деңгейі ретінде, қозғала білуді бірде-бір үйренуші айналып өте алмайды. Бұл дағдыға өтудің ауыспалы кезеңінің ұзақтығы әр түрлі және ол оқушының қабілетіне, үйрету әдістемесінің жетілгендігіне, қозғалыс әрекетінің күрделілігіне байланысты.
Маңызы. Қозғала білудің негізі шығармашылық іздену, салыстыру, қозғалысты орындау әдісін бағалау, олардың түтас қозғалыс әрекетін біріктіру болып табылады, ал бұл өзіне үлкен білім беру мүмкіндігін әкеледі. Барлық үштастырушы жаттығуларға тән ерекшелік қозғалыс әрекетін игеру деңгейі қозғала білу болып табылады. Егер олар тұрақтандырылған болса, онда үйретілетін қозғалыс әрекетінің қозғалыс дағдысын қалыптастыру кезінде шиеленісіп кетуі мүмкін (жеке, бөлек үйретілген бөлім бүтіндей қозғалыс әрекеті қүрамына кіріп, кейбір өзгерістерге ұшырайды).
Салыстырмалы түрде тұрақты оқытып үйрету кезінде қозғала білудің көп рет көрінуі біліктіліктің қозғалыс дағдысына айналуына әкеледі. Қозғалыс дағдысы - бүл әрекеттің нәтижесіне және жағдайына назар аудартуға мүмкіндік туғызатын қозғалыс әрекетін орындау қабілеті (оған кіретін жекелеген қозғалыстарда емес) болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет