Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қозғалу шеберлігінің ең жоғары тәртібі



бет38/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Қозғалу шеберлігінің ең жоғары тәртібі. Қалыптасқан қозғалыс дағдысын жетілдіру жүйесі шексіз. Оның негізгі міндеті оқушыны кез келген жағдайда, яғни өндірістік, тұрмыстық, әскери, спорттық дағдыларды еркін меңгеруге үйрету болып табылады. Тек осы жағдайда ғана дағды өзінің іс жүзіндегі бағасын алады. Егер оқушы спорт залда биіктікке секіруде межелі биіктікті алса, бірақ осы дағдыны табиғи кедергілерден өту кезінде пайдалана алмаса, онда мұндай дағдының іс жүзіндегі бағасы нөлге тең болады.
Қозғалу шеберлігінің ең жоғары тәртібі бұл жатқа үйренген қозғалыс әрекетін өмірде іс жүзіндегі жағдайда пайдалана білу. Мұндай біліктілік қалыптасқан қозғалыс дағдысы және салыстырмалы түрде арнайы білім дайындығының жоғары деңгейі негізінде пайда болады. Шын мәнінде біліктіліктің жоғары тәртібі оқытып үйретудің соңғы міндеті болып табылады.
Ерекше белгілері. 1. Шеберліктің жоғары тәртібі сананың іске қосу қызметінен көтеріңкі рөлімен айырмаланады. Мүндай күрделі жағдайда, атап айтқанда, бәрінен бұрын уақыт тапшылығынан күшті әсер етуге әкелетін қажетті қозғалыс дағдысын орындауға дүрыс талдау ғана мүмкіндік береді. 2. Егер үйренбеген жағдайда түзету қажет болса қозғалыс әрекетін құрайтын қозғалыс дағдылы түрде іске асырылуы, бірақ сананың бақылауына түсуі мүмкін. 3. Біліктіліктің жоғары тәртібі барлық уақытта бүтіндей қозғалыс қызметінде көрінеді.
Маңызы. Қалыптасқан дағдының өзгермелі жағдайға бейімделуі оқушының ақыл-ой жүйесінің қарқынды дамуына мүмкіндік туғызатын шығармашылық жұмыс жүйесі болып табылады. Біліктіліктің жоғары тәртібін қалыптастыру дене тәрбиесінің іс жүзінде қолданылатын мәнін көрсететін спорттық шеберлігін арттырудың қайнар көзі болып табылады.
Қозғалыс дағдыларына көрсететін талап етудің сипаты шеберліктің жоғары тәртібінің әр түрлі үш түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Меңгерген дағдыны бірдей қатарымен немесе әр түрлі жүйелілікпен қоршаған жағдайдың талаптарына сәйкес ұтымды пайдалана білу. Мысалы, табиғи кедергілерден өтіп, жүгірудің дағдысын іске асыра білу. Бір уақытта екі немесе бірнеше қалыптасқан дағдыларды пайдалана білу. Мысалы, жүгіру кезінде лақтыру. Жүйелілікпен екі немесе бірнеше қалыптасқан дағдыларды бір уақытта пайдалана білу. Мысалы, домалауды орындап болғаннан кейін тепе-теңдікке арналған жаттығуларды орындау. Жоғарыда аталған түрлер бір-бірімен тығыз байланыста және әр түрлі үйлестікте көрінуі мүмкін.
Қалыптасу заңдылықтары және қозғалыс дағдысының жетілдірілуі қозғалыс әрекетіне үйретудің әрбір кезеңінде көрінеді. Алайда қалыптасудың үзақтығы, жетілдірілуі немесе баяулауы өте айнымалы және оқушының қабілетіне, дағдының өзінің ерекшеліктеріне, оқытып үйрету әдістемесінің жетілгендігіне және мүғалімнің жеке түлғасына, бұған дейінгі оқушының қозғалыс тәжірибесіне және т.б. байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет