Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қозғалыс дағдыларын тасымалдау



бет37/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Қозғалыс дағдыларын тасымалдау. Дене тәрбиесінің білім беру міндеттерінің бірі қозғалыс дағдыларының белгілі бір жүйесін құру міндеті болып саналады. Бірнеше қозғалыс дағдыларының нәтижесінде бір уақытта немесе жүйелілікпен қалыптасып бір-біріне әсер етеді. Физиологиялық көзқараста дағдылардың өзара әрекеттестігі әрекетгің жүйелі қалыптасқан құрылымының бір уақытга немесе жүйелілікпен өзара әрекеттесу жүйесі болып табылады (шамамен бір мезгілде бірнеше қозғалыс әрекетіне үйрету кезінде, мысалы, сериялы сабақтарда, бір сабақта немесе бір әрекетті үйретуді аяқтаған соң басқасын үйретуде).
Дағдылардың өзара әрекеттестігінің бірнеше түрлері айырмаланады.
Дұрыс тасымалдауда бұрын қалыптасқан дағды келесі дағдылардың қалыптасу барысын жеңілдетеді. Мысалы, кіші допты лақтыру дағдысы граната лақтыруды меңгеруге көмектеседі. Әрбір келесі қозғалыс дағдысының қалыптасуы өмірдегі тәжірибе мен оқып үйренудің нәтижесінде ертеде жинақталған дағдыларға сүйенеді. Мұнда бүрын қалыптасқан дағдылардың қүрылымдық элементтерінің жаңа дағдының сәйкес элементтерімен үқсастары пайдаланылады.
Теріс тасымалдау дегеніміз бұрын қалыптасқан дағды келесі дағдының қалыптасу жүйесін қиындататын дағдылардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Мысалы, белтемірге тартылып, аяқты сермеу арқылы көтерілу дағдысы үстімен шығып көтерілуді меңгеруді баяулатуы мүмкін.
Дағдылардың өзара әрекеттік сипатын дене жаттығуларын жіктеу, денеге білім беру бағдарламасын жасағанда, оқу жұмыстарын жоспарлағанда, ұштастыру жаттығулары жүйесін таңдау кездерінде ескеру қажет.
Мұнда дұрыс тасымалдау мүмкін болған күшті әсерді барынша пайдалану және кері әсерінің алдын алуды ескерген жөн. Дегенмен, егер екі өзара кері әрекет жасаушы дағдылар қалыптасып қойған болса, онда оларды бір сабақта біріктіруді қозғалыс әрекетін жетілдірудің әдістемелік тәсілі ретінде пайдалануға болады. Мысалы, "атта" аяқты бүгіп, қолды тіреп секіру және қолды тіреп секіру кері тасымалдау принципі бойынша әрекет жасайды. Егер қозғалыс әрекетінің екеуі де жатталып, жетілген болса (дағдылар қалыптасқан), онда оларды одан әрі жетілдіру мақсатында қозғалыстың бір сипатынан екіншісіне қайта ауыстыра білуді бір сабақта кезекпен қайталауға болады: бірде секіру, бірде қолды тіреп қарғу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет