Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет5/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бақылау сұрақтары
1. Дене мәдениетінің қоғамдағы орнын атаңыз.
2.Дене мәдениеті ілімі мен әдістемесінің оқу және ғылыми пән ретіндегі құрылымына сипаттама беріңіз.
3.Негізгі мына ұғымдарды анықтаңыз: дене дамуы, дене жаттығулары, дене білімі, дене дайындығы, денені жетілдіру, дене тәрбиесі жүйесі, дене мәдениеті, спорт және методологиялық негіздері мен дене мәдениеті ілімін ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістемесі.


2. Лекция сабағының тақырыбы. Дене түрлерімен әдістемелік қызметтері.


Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздерін оқытып үйрету


Жоспары:
1.Дене тәрбиесінің түрлері мен әдістемелік қызметтері.
2. «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің» негізгі түсініктері.
3. Дене шынықтыру қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
4. Дене мәдениетінің жалпы және кәсіби қызметтері.
5. Дене мәдениетінің базалық, қолданбалы және тұрмыстық түрлерінің мәні.
Лекция мәтіні: Адамның дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануының тиімділігі педагогикалық жүйенің ұйымдастырылуына, ғылыми және материалдық қамту деңгейіне, басқару және бақылау органдарының жетілуіне байланысты. Дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдері белгілі бір құрамымен, оның атқаратын тиісті қызметімен, өзге қоғамдар жүйесінің өзара байланысының ерекшеліктерімен сипатталады. Барлық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі мақсаты - адам денесінің жан-жақты жетілуін жүзеге асыру. Жүйенің жұмыс істеу нәтижесі оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге енетін бөлімдерді жетілдіруіне байлайысты.
Дене тәрбиесінің жүйесі қоғамның өзге де жүйелерімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Мәдениеттің, ғылымның, экономиканың және өнердің әсерімен дами отырып, дене тәрбиесінің жүйесі қоғамдық өмірдің барлық салаларына өзінің әсерін тигізеді. Жүйенің өз қызметін толық мағынасында атқаруы әр түрлі жағдайларға, әсіресе, қоғамдық саяси құрылымның сипатына тәуелді. Оның себебі, дене тәрбиесінің жүйесі сол құрылымның ішінде бірге дамиды. Бұл ретге мынандай жағдай ескеріледі: тек қана мемлекеттік құрылыс дене тәрбиесі жүйесінің идеялық бағытымен бірге мүліктік қорын (спорт құрылыстарын салу, арнаулы құрал-жабдықтар, маманданған кадрлар дайындау, ғылыми жағынан қамту, әдістемелік әдебиеттермен жабдықтау т.б.) белгілеп отырады.
Қазақстан Республикасының бағыты даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Қазіргі кезеңде еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердін жан-жақты жетілуіне, барлық қызметін бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылуға тиісті. Дене тәрбиесінің жүйесі әр түрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін, өзара байланыстағы жекелеген дене тәрбиесі жүйесін құруға тиісті. Бала-бақша, орта мектеп жасындағы балалардың, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметке баратын, жоғары оқу орындарындағы жастардың әлеуметтік ұйымы болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өткенбіз. Дегенмен, "дене тәрбиесі", "спорт", дене шынықтыру" және т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу үшін ең әуелі оның ғылыми ілімдік анықтамасын білу талап етіледі.
Дене тәрбиесі негізгі 2 бөлімнен тұрады: біріншісі - спорт, бұл жеке тұлғаның белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы. Екіншісі - дене шынықтыру, бұл жеке адамның тек өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал "Дене тәрбиесі", "Денені шынықтыру" деген түсініктен туындап, негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады. "Дене тәрбиесі" педагогикалық жүйеде үш бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Соңғы кездерде арнайы спорттық әдебиеттерде жиі кездесетін түсінктердің бірі "дене рекреациясы" дегеніміз - белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін баска бір іспен айналыса отырып, үзіліспен дене тәрбиесінің тағы бір міндетін шешуді көрсетеді.
"Дене реабилитациясы" дегенімізді денені қайта қалпына келтіру деп түсінуге болады. Атап айтқанда, дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып, уақытша денсаулығын жоғалтқан адам ағзасының мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалануын айтады.
"Денені шынықтыру мәдениеті" жекеден жалпыға сияқты "мәдениет" деген түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шьшықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жүмыс тәртібі деп ұғынамыз.
Материалдық игілік деп іс жүзіндегі сабақ, жаттығу өткізуге қажетті әр түрлі спорт құрылыстары, арнаулы жабдықтар мен құралдар, қаржыландыру мәселелері, дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық, ұйымдастырушылық және ғылыми бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік жетістіктерді айтады. Барлық материалдық және рухани игіліктер қоғамның дене шынықтыру саласындағы қызметінің нәтижесі туралы бағалауға көмектесетін мәдени дәстүрлер ғана болып қоймайды, сонымен қатар оны пайдалануға және қолдануға итермелеп, нәтижесінде алдағы уақытта оны толықтырып отыруды қажет етеді. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық, ғылыми, сонымен бірге педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді біріншіден арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық жұмыста, екіншіден, тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен айналысу түрінде, үшіншіден, көпшілік қауымды қамтитын баспасөз, радио, теледидар т.б. арқылы әр түрлі таралымдар түрінде пайдалануға тиістіміз.
Орта мектептердегі өткізілетін дене шынықтыру шаралары қоғамымызда қалыптасқан және жасөспірім балаларды өмір сүруге даярлайтын материалдық, сонымен бірге рухани игіліктердің жиынтығынан құралады. Әрбір қоғам мүшесінің денесін шынықтыру жөніндегі игілік тұтастай алғанда ол мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі тиісті. Ал мектеп көлеміндегі бұл саладағы жұмыстар халыққа білім беру мекемелері мен сауықтыру жұмыстарымен шұғылданатын кызметкерлердің үлесінде.
Дене шынықтырудың құрамдас бөлігі спорт болып табылады. "Спорт" ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне пайдалану деп білеміз. Сонымен қатар жарыс арқылы жоғары мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы, шапшаң қарқынмен морфологиялық қызметін және психологиялық даярлықты айқындау.
Спорттың басқа да қызмет аясы жеткілікті. Біріншіден, спорт өз алдына адамның тәрбиелік жағына дүрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді де шеше отырып қызмет етеді. Екіншіден, спорт өндірістік қызметке жатпайды және материалдық игіліктерді тікелей ендіруге байланысы жоқ.
Спортқа тән барлык белгілер тұтастай балалар спортында да сақталады. Оны баланың сабақтан тыс кездегі қызметінің әр түрлілігі арқылы анықтауға болады. "Балалар спорты" дегеніміз арнайы дайындық негізінде, алдын-ала үйренген қозғалыс-қимыл мүмкіндіктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жұмыстарда өнер көрсету деп білеміз.
"Жасөспірімдер спорты" деген түсінікке талдау жасайтын болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдермен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың да қатысуына байланысты.
"Мектептегі спорт" деген түсінік қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарағанда "балалар спортына" сәйкес келеді. Бұл екі түсініктің айырмашылығы "балалар спортын" мектептерде және мектептен тыс мекемелерде ұйымдастырса, "мектеп спортын" тек мектепте ғана ұйымдастырады.
Жоғарыда айтылған спорт салалары белгілі бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада, жеке сайыс түрлерінде болуы мүмкін. Мысалы, маманданушылық кейбір ойындарға, спорттық гимнастикаға еніп, оларды спорттың жеке түріне айналдырады. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті спортты ойын қызметі деп қарауға болады.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін қүрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. Әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда аталып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде білімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды.
Дене тәрбиесі туралы ғылымда ізденіс дүниесі (объектісі) мынадай педагогикалық қозғаушы күштер болуы мүмкін:
- дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, оқыту әдісі және т.б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның әсер етуді (реакциясын) немесе іс-қимылын зертгеуді айтады. Сөйтіп, кез келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объекті де өмір сүрмейді.
Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің жалпы заңцылықтарын тұрақтандыру дене тәрбиесінің ілімін зерттеу пәні болып табылады. Жалпы зандылықтар деп хайықтың кез келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын айтады (балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығуларымен енді ғана айналысушылар мен жоғары дәрежелі спортшылардың).
Дене тәрбиесінін әдістемелік зерттеу пәні деп дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық жұмыс барысында нақты бағыты бар жалпы заңдылықтарды жүзеге асыруды айтады. Дене тәрбиесінің заңдылықтары диалектикалық материализм ашқан табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарының жеке көрінісі. Жоғарыда айтылған ойды түйіндейтін болсақ, дене тәрбиесінің заңдылықтары арнаулы таным әдістері және адам денесінде болатын өзгерістер жеке методологияның бірі - дене тәрбиесінің методологиясын құрайды. Оның жалпы методологиямен байланысы мынадай жағдайларға тәуелді: жалпы әдістемелік жөніндегі ережені пайдалануға, дене тәрбиесі сияқты әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын ғылыми зерттеулердің бар екендігіне, түсінік аппаратының кең көлемде пайдаланылуына.
Осыдан барып дене тәрбиесін зерттейтін өзге пәндердің ішінен ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің методологиясы есебінде, тұтастай қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесінің көп қырлы ішкі және сыртқы байланыстарын бәрінен бұрын ашып көрсетеді. Сондықтан да дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі оқу пәні есебінде әрбір маманның еркін бағдарлама жасауға және дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуде өзін-өзі көрсете білуге мүмкіншілік беретін дене тәрбиесі аясындағы методологиялық дайындықты қамтамасыз етуге арналған.
Дене тәрбиесі жүйесінің кез келген педагогикалық бағытының тиісті әдістемесі бар: жалпы дене шынықтыру әдістемесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі және спорттық бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі. Осы әрбір әдістеменің ішінде жеке әдістер болады. Олардың әр түрлілігі жаттығушылар контингентінің жасына, жынысына, кәсібіне және спортгық мамандықтарына сәйкес келуге тиісті. Әдіс деген сөз ғылыми оқу пәндерінде шартты жекеше түрде қорытынды сөз ұғымы (термин) ретінде қолданылады. Ол жеке спорттық-педагогикалық пәндердің әдістемесін (гимнастиканың оқыту әдістемесі, күресті оқыту әдістемесі т.б.) және жеке ғылыми пәндерді құрайды. Дене тәрбиесінің ілімі, дене тәрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидалардың динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырылады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі саласын тұтастай жетілдіру келешектік алға ілгерілеу мүмкіндіктерін (перспективасын) жасайды, дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды және оларды дене тәрбиесінің барлық әдістерінің игілігіне айналдырады.
Дене тәрбиесінің әдістері жекелеген заңдылықтарды белгілей отырып, ілімдік білімнің жинағын жасау үшін негіз жасайды, ал педагогикалық ұсыныстар түріндегі жүйені заңдылықтарға айналдыра отырып, жалпы ілімді, қағидаларды мұғалім мен оқушылардың нақты іс-қимылын жазба түріне айналдырады. Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы қоғамдық игілік жеке игілікке (денсаулық жағдайын жақсарту, дағдыларды меңгеру) айналуы жүзеге асырылады. Сондықтан да әрбір әдіс нақты ұсыныс жасау үшін заңдылықтарды пайдаланып қана қоймай, жаттығулардың белгілі бір тобымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс барысына тән заңдылықтарды да қоса пайдаланады.
Мұның барлығы "Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі" деп бір атпен аталатын екі оқу пәнінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Пәндерді зерттеу сипатына байланысты олар педагогика ғылымының жүйесіне кіреді. Алайда кез келген педагогикалық пән есебінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі өзінің педагогикалық қағидаларын әлеуметтік, психологиялық және биологиялық зандылықтармен негіздейді.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы мына екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағанымыз жөн:

  1. пәннін әлеуметтік мәселелерінің кеңеюі және дене тәрбиесі лімінің дене щынықтыру іліміне айналуы;

Пәннің педагогикалық мәселелерді түсіндіру жайы аспектісінің кенеюіжәнедене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы. Екі бағытта бір-біріне қарама-қарсы емес, қажетті жағдайларда бірін-бірі біріккен түрде толықтырып отыруы мүмкін. Қазіргі кезеңде оқу материалын кеңейту оқу сағаттарының көлеміне байланысты шектелуі мүмкін. Болашақта дене шынықтыру педагогикасының негізінде дене шынықтыру тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және басқа да арнаулы ілімдік пәндер материалдарын іріктіретін тұтас бірыңғай оқу пәнінің құрылымын күтуге болады. Ал олай болған жағдайда бір немесе өзге педагогикалық қағидаларды жан-жақты сипаттау мүмкіншілігі пайда болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет