Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


ақынның өмiрi, шығармашылығы, зерттелуi



бет41/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
4 ақынның өмiрi, шығармашылығы, зерттелуi.
Майлықожа қазіргі Отырар ауданына қарасты «Қожатоғай» деген жерде 1835 жылы туылған. 1898 жылы алпыс үш жасында Арыс ауданындағы Ақбұлақ деген өзенінің бойында қайтыс болады.
Әкеден 14 жасында жастай айрылады. 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған.
Майлықожа өзінің ақындық қызметінде ауыз әдебиеті шеңберіндегі поэзияның барлық жанрларын дерлік пайдаланып оларды дамытып, ауыз әдебиетіндегі көркемдік мүмкіндіктерді де тиімді пайдаланып отырған.
Бұхара, Самарқанд, Ташкент сияқты қалаларда болып, өзіндік оқу, тынымсыз ізденуіне байланысты ақындық өнердегі қарымы өсіп, шығармашылығының тақырып аясы кеңіп, жетіле түседі. Ақын жас кезінде ауқатты кісінің қызы Ханалыны алып қашып Бұхара жаққа өтіп кеткенде сол жақта жүріп Шығыс ақындары шығармаларымен танысады (Ө.Күмісбаев). Р.Бердібай: “Қазақстанның оңтүстік жартысын (Аралдан Аягөзге дейін) алып жатқан ұлан байтақ өлкеде Майлы сөздерін білмейтін жер некен-саяқ шығар. Ақын өлеңдерінің жоғалмай, ауызша да, жазба түрінде де мол сақталып келуі олардың өміршеңдігін дәлелдесе керек”. Ж.Жабаев: Майлықожа, Құлыншақ –Пірім едің бас ұрған.
Ө.Күмісбаев: “Майлықожаның Мәделі, Молда Мұсамен, Шортанбай, Дулаттармен заманы қатар еді, өзі әлеуметтік теңсіздік көріп өскен ақын озбыр таптың оспадарсыздығын, зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін сынауға, мінеуге келгенде, тура бидің тезіне салып айтты”.
Майлықожа шығармалары зерттелуі: Алғаш рет баспа бетінде ақынның ''Райымқұлға'', ''Үш жігіт'', ''Қасқыр '', ''Ноғай мырзаға'' өлеңдері Ташкент мұғалімдер семинариясының оқытушысы Я.Лютш 1893 жылы құрастырған ''Киргизская хрестоматия'' кітабында жарияланады. 1929 жылы ''Жаңа әдебиет'' журналында Сүйінбаймен айтысы жарияланды, кейін ол 1935 жылы Сүйінбайдың шығ-ың жинағына еніп жарық көрді. “Айтыс өлеңдер'' деген жинаққа (1948) ''Түйе мен Майлықожа'' айтысы енеді.
Ә.Оспанұлы ұсынуымен Майлықожа шығармалары 1960 жылдардан бастап мерзімді басылымдарда 2005 жылға дейін өмірі, шығармашылығына қатысты деректер, шығармалары жарияланып келді. 1962 ж. шыққан ”ХҮІІІ–ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары шығармаларының жинағына” толғаулары мен термелері, тағы бір топ өлеңдері енді.
1972 ж ''Нақыл'' жарық көрді. ''Үш ғасыр жырлайды'', ''Бес ғасыр жырлайды'' жинақтарында өлеңдері, айтыс жинақтарына айтыстары еніп жарияланды.
1993–1996 ж Шымкент қаласындағы “Шымған'' баспасынан жанрлық ерекшеліктерімен топтастырылып ''Дүние-ай'', ''Қара сөз'', ''Тымсал'', ''Әмір Әмзе'' жарық көрсе, кейін ''Жеті ғасыр жырлайды'' енді. 2005 жылы 864 беттен тұратын бұл қомақты кітап болып шықты.
Ақын шығармашылығындағы жаңашылдық - қазақ поэзиясын көркемдік деңгейімен бірге тақырыбы жағынан да байытты. Табиғат құбылыстарын арнайы жыр еткен
Ақынның тағы ерекшелігі – сол кездегі халықтың тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларын сыншыл көзқараспен қарап бейнелей алғандығында да еді.
Өзі де жер жыртып егін салуды әдет еткен ақын еңбектің мәні туралы айтқанда егіншілік мәселесі де шығармашылығында біршама орын алған. Ақын «Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр», «Ескі мырза, манаптар, бегі, салы» деген өлеңдерінде қазақтың диқаншылықты кәсіп етуі керектігі жөніндегі ойларын қоян жылғы ауыртпалықтардың нақты көріністерін бейнелей отырып айтады.
Майлықожа туралы «Майлы - өлең мен өнер қадірін білген ақын. Ол ақын шабытына, сөз шеберлігіне, шығармасының терең ойлы маңызды болуына мән беріп, өзі де халқының, елінің керегіне жарар сөздер қалдыруға күш салған» ақын деп көрсетеді белгілі ғалым Х.Сүйіншәлиев.
5. Өлеңдерi, арнаулары, айтыстары.
Ақын «Тәтті жырым төгілсін» атты өлеңінде өзінің ақындық мұрат-мақсатын көрсетеді.
Ұлы Абай сияқты Майлықожа да өлең өнерін, ақындықты таным, тәрбие құралы деп түсінді.
Жыршының көбі жыртақы,
Қызықсып тұрар қиылып.
Емініп жүріп ел ақтап,
Не береді деп пәленше,
Қалтаға тұрар үңіліп,- ...
Кей ақынның белгісі
Сапырып сөзді ерінбей.
Оңды-солды сөйлейді,
Мысалы сөзі тегіндей.
Ақындардың көбі алжасып,
Былғайды-ау сөзді ант ұрып, -
деп оларды өткір тілмен шенейді.
«Өз өнерім – қызыл тіл, Бағасы артық таңдаймын», деп өзінен кейінгі ұрпаққа ғибратты сөз қалдыруға тырысады.
Өшпес із, ұмытылмас сөз қалдырған озық өкілдерін, Науаи, Фердауси сияқты ақындарды үлгі ете:
Сартта өткен Науайи
Тілдің гаућар гүлі еді.
Парсыда өткен Фердауси,
Заманында дүр еді, -
Майлықожаның мысал өлеңдерінің жалпы саны жетеу - «Бұлбұл», «Қасқыр», «Есек пен құлан», «Үш жігіт», «Тотынама», «Момын», «Нақыл», «Аңқау мен қу» [38.207- 497]. Мысалдарының кейіпкерлері-қарапайым адамдар, патша, оның уәзірі, сарай қызметкерлері болып келеді.
Тақырыбы тұрғысынан келгенде Майлықожа мысалдары жоғары адамгершілік қасиеттерді насихаттауға, үгіттеуге арналған.
Ақынның қазіргі кезге дейін белгілі болып баспа бетінде жарық көрген дастанының саны жетеу. Олар: «Патша мен ұры», «Жақсы найып», «Зәйіт ұры», «Әбділдә бала», «Ысламнама», «Әмір Әмзе», «Зарқұм».
Ғалым Ә.Оспанұлының зерттеп көрсетуінше «Тотынама» мысал дастаны парсы, араб әдебиетінде «Кәлила мен Димна», ал үндістанда «Панчатантра» деген атпен белгілі болған аңыз-әңгімелерден алынған.
Майлықожа жыршылық, ертегішілгімен бірге, көптеген жанрда әр түрлі тақырыптардағы өлеңдер шығаруымен қатар өз замандастары ортасында айтыскерлік өнерімен де ерекшеленген ақын. Мәделіқожамен, Құлыншақпен, Тұрыс деген ақынмен, сонымен қатар Айман қызбен, Гүлханыммен, Ұлбикемен, қырғыз ақыны Жаныспен айтысқа түскен. 1860 жылы Сыпатай батырдың асына барғанда Сүйінбай ақынмен де сөз қағыстырған деген деректі ғалым Х.Сүйіншәлиев айтады. Сондай-ақ ғалым Ә.Оспанұлы Майлықожаның 25 жасында Нұратаға барған сапарында сол жақта өзбектің 95 жасқа келген ақынымен сөз қағыстырғаны жөнінде деректер бар екенін жазып, ол айтысты кезінде жариялады да.Майлықожа ақынның, айтыстың дамуына қосқан өзіндік үлесі, айтыстарының да өзіндік ерекшеліктері бар. Ол көптеген ақындармен ауызша айтысумен бірге, жазбаша түрде де айтысқан.
Ақынның Құлыншақпен айтысы жазбаша хат арқылы да айтысқан деген дерек болғанымен, жазбаша айтысы бізге жетпеген.
Майлықожаның Құлыншақпен бізге жеткен бұл айтысының жалпы көлемі 200-ден аса өлең жолынан тұрады.
Майлықожаның Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары тақырыптық жағынан алып қарағанда әйел теңдігі, ақындық өнер, олардың өмірдегі орны, байлық пен жоқшылықтың арақатынастарына арналады.


5. Бақылау сұрақтары.
1. Мәделi ақынның өмiрi, шығармашылығы, зерттелуi.
2. Өлеңдері, арнаулары, айтыстары.
3. Майлықожа ақынның өмiрi, шығармашылығы, зерттелуi.
4. Өлеңдерi, арнаулары, айтыстары.

  1. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ сұрақтары.

  1. Мәделi ақынның шығармаларның мәтінін оқу, талдау.

  2. Мәделi ақынның шығармашылығының зерттелуi.

  3. Өлеңдері, арнауларының мәні.

  4. Майлықожа ақын шығармашылығының зерттелуi.

  5. Майлықожаның айтыскерлік өнері.



7. Қажетті әдебиеттер

  1. XIX ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Құраст. Х.Сүйіншәлиев. –А: «Ана тілі», 1992.

  2. Ай, заман-ай, заман-ай. –А: 1991

  3. Айтыс. Көптомдық. 1-2 том. –А: “Жазушы”, 1988.

  4. Айтыс.Үш томдық. -Алматы: 1965.

  5. Майлықожа. Қара сөз. –Шымкент: «Шымған». 1993.

  6. Майлықожа. Тымсал. Шымкент: «Шымған», 1993.

  7. Майлықожа. Нақыл. –А: «Жазушы», 1972.

  8. Майлықожа. Әміре-Әмзе. –Шымкент: 1996.

  9. Майлықожа. Дүние-ай. –Шымкент: 1993.

  10. Майлықожа. Дүние-ай…-Шымкент: “Шымған”, 1993.

  11. Майлықожа. Нақылият. -Шымкент: “Шымған”, 1993.

  12. Майлықожа. Шығармалар. -Алматы: 2005.

  13. Сүйiншәлиев Х. ХIХ ғасырдығы қазақ әдебиетi (Оқулық). –Алматы: 1992.

  14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –А: “Санат”, 1997, 2005.

  15. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармашылығы. 1962.

  16. Күмісбаев Ө. Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі. –А: «Қазақ университеті», 1997, 78-87-беттер.

  17. Оспанұлы Ә. Қаратау атырабының ақындары. –А: «Ғылым», 1983.

  18. Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. – А: 2001.

  19. Жармұхмедұы М. Айтыс. –А: Бiлiм қоғамы, 1990.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет