Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет48/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
2. Көркемдік тіл кестесі мен лиризм.
Қазақ ақындық өнерінің үлкен саласының бірі бұрыннан келе жатқан сал-серілер поэзиясы болатын. Олардың шығармашылығының өзіндік ерекшелігі, сал-серілік өнердің әйгілі өкілдері, олардың шығармалары жөнінде кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов сияқты ғалымдар еңбектерінде жазған болатын. Сал-серілік өнердің өкілдерінің шығармашылықтары кейінірек жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасына қамтыла бастады. А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» атты еңбегінде ақындар мен сал-серілердің өмірі мен шығармашылығын арнайы қарастырды. Е.Ысмайылов «Ақындар» монографиясында сал, сері ұғымдарын тарата айтып түсініктер беріліп, тұжырымдар жасайды. Ақындық, жыршылық, аңшылық, мергендік, палуандық, күлдіргішілдік сияқты сан қырлы өнер иесі болғандығын көрсете отырып, сонымен бірге сазгерлігін, неше түрлі спорт ойындарын көрсетіп отыратындығын да айтады.
Белгілі ғалым М.Мағауин де «Ғасырлар бедері» атты монографиясында қазақ мәдениеті мен әдебиетінің үлкен бір арнасы, сал-серілік өнер туралы ғылыми негізде анықтама, түсініктеме жасап біршама келелі түйінді талдау жасады.
Сал-серілік өнер әлі де негізделіп, зерттеле түсуді қажет етеді.
Сал-серілер – сегіз қырлы бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, сазгер, би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз жандар болған. Ол қандай оғаштық, еркелік мінез көрсетсе де не істесе де халық төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Мысалы, ауылдың немесе үйдің сыртында аттан түсіп жатып алуы, оны қыздардың келіп басын көтеретін, ертіп үйге кіргізуі, тамақты алуы сияқты салттар болған.
Олардың киім киісінде де жұрттың ортақ салтында жоқ өзіндік ерекшеліктері болған. Күлкілі, көз тартарлық әлеміштенген киімдер киіп, жарқылдақ моншақтар да тағынғаны жөнінде айтылады. Бас киімдерінің, шапан, шалбарларының да маталары ала-құла болып, әртүрлі құраулы маталардан болған. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадап алатын болған. Сырт киімдерін кейде бірыңғай ақ, қызыл-жасылдан, кейде әр түрлі шайыны араластырып тіктірген; шекпен мен құрым да араластырылып тігілетіні туралы да айтылады. Мысалы: Біржан салды көрген Ілмяс Мейірбанұлы ол жөнінде «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қамзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді. Қалтасында күрен шұға тақиясы да бар екен», - деп жазады. (Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеңдер А.1967. 179-бет)
«Сал-серіліктің тағы бір қасиеті ашық-жарқын мінезі, сыпайылығы және өмірге құштарлығы, әсемдіктен ләззат ала білуі» дейді Ө.Танабаев
Серілердің салдардан өзгешелігі оларда өрескел мінез, ерсі, оғаш қылықтар болмайды. Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы болып, сәнді киінетін болған.
Сал-серілік әрдайым халықтың ортасында болып, сал-серілер қасына ақындарын, жыршыларын, әнші, күйлерін, өлеңші, домбыраларын ертіп, кейде оларды бірыңғай киіндіріп топ құрып жүретін болған. Олар ойын-сауықтық, той-думанның сәнін, ажарын кіргізіп жүрген.
Сал-серілік өнердің негізін салған қалыптастырған өнерпаздардың басы Дәстем сал, Дүйсен сері, Сегіз серілер деп айтылады. Бұл өнерді Сейтжан сал, Салғара сал, Жанай сері, Құшан сері, Нияз сері, Шәрке сал, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Ағашаяқ, Әздембай сал, Кемпірбай, Шашубай сияқты өнерпаздар жалғастырған. Мысалы, Шашубай: аяғына бақан байлап алып гармонға қосылып билеу, тақиясын маңдайына, желкесіне секіртіп, жылжытып әкелу, аттың үстінде төбесімен тұрып шабу, қолымен жылдам жүру т.б. Ол мұндай өнерлердің Балуан Шолақ пен Кемпірбайдан үйренгенін айтады екен.
Сал мен серілердің мінез, қылық киім кию, жүріс-тұрыстарындағы өзіндік ерекшеліктері болса, поэзияда тақырыптары ұқсас. Олардың шығармаларынан махаббат, жастық шақтың ерекшеліктері үлкен орын алады. Сұлу ән, өлеңдерімен қатар, суырып салмалық өнер, айтысқа түсу, әзіл-сықақ өлеңдер, дастандар жазу да олардың шығармашылықтарында жиі кездесіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет