Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет47/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
1. Лекция тақырыбы: Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы
2. Лекция жоспары:
1. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларының ұлттық тағылымы.
2. Көркемдік тіл кестесі мен лиризм.
3. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлердің әдебиет тарихындағы алар орны


3. Лекцияның мақсаты: ХIХ ғ. 2-жартысындағы тарихи-әлеуметтiк жағдай, мәдениеттің, әдебиеттің даму сипатына тоқтала отырып, әнші-ақындар шығармашылығының ерекшеліктерінен мәліметтер беру. Біржан сал мен ақын Сараның шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындау, шығармашылығының зерттелуін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын түсіндіру, игерту.
4. Лекцияның мазмұны: Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларының ұлттық тағылымы.
ХIХ ғ. 2-жартысында қазақ елі түгелдей Ресей патшалағының қоластына өтуіне байланысты тарихи-әлеуметтiк жағдайда үлкен өзгерістер болды. Ресейдің саяси-әлеуметтік дамуы 1861 жылғы реформадан кейін жаңа белең алған болатын. 1867-1869 жылдардағы «Ереже» қазақ даласын біржолата бағынышты өлкеге айналдыруды көздеді. Жаңа заңдар шығарылды. Хандық жойылып аға сұлтандық әкімшілік басқару тәртібі орнады да осыған орай елдің экономика мен мәдениетiнiң дамуында да өзгерістер болды. Жер иелігі патша өкіметінің қолына көшті. Дін туралы ереже мұсылман дінінің уағыздалуына тежеу салды. Ақшалы-товарлы қатынас қазақ даласына да еніп бұрынғы жағдайға өзгерістер ендіре бастады. Бұл құбылыстар халық наразылығын туғызды.
Патша өкіметінің саясатын жергілікті жерлерде іске асыру мақсатында осыған орай мәдени, оқу орындары ашылып, мерзімді басылымдар, баспалар да іс жүргізе бастады. Қазақ даласына орыс интеллегенциясы арқылы демократиялық идеялар да тарай бастаған болатын. Ол қазақтың оқыған азаматтарының көзқарастарының қалыптасуына да белгілі дәрежеде әсер етті.
ХIХ ғ. қазақ әдебиетінің дамуына орыстың реалистік әдебиетінің ықпалы зор болды. Қазақ ақындары өздерінің жаңа реалистiк әдебиетін, поэзиясын дәстүрлі үлгі формаларында да жырлады. Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне орыс мәдениетi мен әдебиетiнiң үлкен әсері болды. 1870-1880 жылдардағы қазақ тіліндегі алғашқы ресми баспасөздiң – «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» пайда болуының да қазақ мәдениетінде мәнi аз болмады. Қазақ әдебиетінің Шығыс, Батыс әдебиетiмен байланысы дами түсті. Қазақ ауыз әдебиетімен қатар жазба әдебиетінде де Шығыс әдебиетмен байланысы көрініс тауып отырды. Шығыстық қисса-дастандар нәзиралық дәстүрмен кең жырлана бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет