Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет27/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
367983 3

Лепті сөйлемдер
Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіріп, арнайы лептік интонациямен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемді сөйлемнің қай тобына жатқызу жөнінде ғалымдар арасында пікірталастар болды. Ғалымдардың бір тобы мұны сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінген тобына қосса, екінші бір тобы оны басқа топқа жатқызады. Соңғы пікір бойынша, сөйлемдерді лепті, лепсіз, яғни эмоциялы, эмоциясыз деп бөлу өз алдына бір принципке сүйенеді. Бұл топтау сөйлемдердің мазмұнына эмоцияның қатысуына, қатыспауына және эмоцияны білдіретін формаларының көріну, көрінбеуіне негізделеді.
Сөйлеуде сезімді білдірудің негізгі құралы дауыс ырғағы болғандықтан, сезім мақсатына сай хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерге де лептік интонация қосылып, лепті етіп айтыла береді.
Лепті сөйлем жасауда интонациямен қатар одағайлардың да қызметі мол. Одағайлардың өзі – басқа сөз топтарымен салыстырғанда әуезділік, ырғақ, сезімдік құбылмалылық пен көтеріңкі интонацияға бай сөздер. Олар лепті сөйлем құрамына енгенде, олардың эмоциялық мағыналары сөйлем мағынасымен ұштасады.

  1. Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауышының құрамында -ау, -ай демеуліктері айтылады. Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ.Мүсірепов).

  2. баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлемдер жасалады. Шіркін, тезірек ауылға барсам!

  3. Өткен шақ есімшеге екен көмекші етістігі қосылып, өкініш мәнді лепті сөйлемдер жасалады. Балаңды кеше жібермеген екенсің де!

  4. Масаттану, мақтан ету мағынасындағы лепті сөйлемге қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай деген сөздер қатысу арқылы жасалады. Айналаға қарасам, елім қандай тамаша!

  5. Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынада лепті болып жұмсалады. Шіркін, Көкшетау! Дүниеде сендей жер бар ма екен! (С.Мұқанов).

Лепті сөйлемнің төмендегідей түрлері бар: Құрамы ағынан бейімделген лепті сөйлемдер; баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан лепті сөйлемдер; үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлемдер; реплика ретіндегі лепті сөйлемдер; ренішті, сесті білдіретін лепті сөйлемдер.
Лепті сөйлемдер эмоциялық бояуы мол сөйлем болғандықтан, пгоэзия мен публицистикада, ауыз екі сөйлеу стилінде кең қолданылады. Ал іс қағаздары мен ғылыми стильде лепті сөйлемдер кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет