Жақты, жақсыз сөйлемдер, түрлері Жақты сөйлемге қойылатын негізгі критерий – бастауыштың болуы және ол сөйлемге қатыспай тұрса да, баяндауыш формасының сол сөйлемде бастауышты қойып айтуға мүмкіндік беруі. Грамматикалық бастауышы бар, егер бастауышы болмаса, оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрі – жақты сөйлем. Бір ғана жақты сөйлемдер тобына жататын сөйлемдер өз ішінде бір-бірінен ерекшелігі бар топтарға бөлінеді.
Арнаулы жақты сөйлем. Бастауышы мен баяндауышы белгілі бір жақта қиысқан сөйлем. Мен студентпін.
2. Ауыспалы жақты сөйлем. Арнаулы жақты сөйлемде жақтық мағына сол жақтың өзіне қаратылса, ауыспалы тұрғанымен, мағынасы сол жақтың өзіне қаратылмай, басқа жақтың мағынасында айтылады.
а) І жақ көпше формасы І жақ жекеше ІІ жақтың орнына: Біз бұл мақаламызда мына мәселеге тоқталмақпыз. (І жекеше)
ә) ІІ жақ анайы, сыпайы түрлері І жақ мағынасында.
Бөлмені аштық. Қараңғылығы соншалық – ешнәрсе көре алмайсың. Ексең егін, ішерсің тегін (жалпылама жақтық сөйлем)
б) формасы ІІІ жақта тұрса да, мағынасы І не ІІ жақта тұрады. Шіркін, көлге барар ма еді! 3. Белгісіз жақты сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет бір белгісіз субъектіге тән болады. Бұл сөйлемнің ерекшелігі – 1) бастауышы айтылмайды, бірақ қажет жағдайда оны қойып айтуға болады, 2) баяндауышы ІІІ жақта тұрады.
Сібірде көлікке итті де жегеді. Бұрын 13-те қыз айттыратын. Бастаушы жоқ және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болмайтын бір құрамды сөйлемнің түрі жақсыз сөйлем деп аталады.
Оның жақты сөйлеммен айырмашылығы, біріншіден, грамматикалық бастауышқа байланысты, 2-ден, баяндауыштың жасалу жолы мен формасына байланысты. Ескеретін жайт: жақты сөйлем баяндауышы дара, күрделі болып, өз бастауышымен қиыса байланысса, жақсыз сөйлем баяндауышы тек қана ІІІ жақ жіктік жалғауы формасында тұрып құрамы жағынан үнемі күрделі болып келеді. Жақсыз сөйлемнің негізгі белгілері:
Грамматикалық бастауышы мүлде болмайды.
Іс иесі-субъект ілік не барыс септігінің тұлғасында болып, сөйлемде анықтауыштың не толықтауыштың қызметін атқарады.
Баяндауышы негізінен күрделі болады.
Қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.
а) Күрделі баяндауыштың І сыңары барыс септігінде тұйық етістік + бол, тура келу, рұқсат, Маған кіруге рұқсат па? ә) –қы/-кі, -ғы/-гі+кел. Ұшқыш болғым келеді. б) түбір тұлғалы не барыс септігіндегі тұйық етістік керек, қажет.
Бізге көп оқу керек. в) тәуелдік жалғаулы тұйық етістік + мүмкін, тиіс. Менің баруым мүмкін. г) баяндауышы бастауышы – баяндауыш қатынасында тұрғандай болып көрінген, бірақ сөйлем мүшесіне ажыратуға келмейтін кейбір тұрақты тіркестер: берекесі кетті, іші пысты, ішек-сілесі қатты, ашу-ызасы келді, быт-шыты шықты, тауы шағылды, қарны ашты, қолы тимеді т. б.