Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем



бет45/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
367983 3

Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары

  2. Компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері

сөйлемдер туралы қунды пікір айтушы М.Балақаев болды. Ол сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдерінің өзінің жай сөйлемдік қасиетін жоймайтындығын айтқан еді. Сонымен бірге автор: «сабақтас сөйлемдердің синтаксисін айқындауда бағыныңқы сөйлемнің қызметі ерекше. Сондықтзн сабақтас сөйлем синтаксисінің басты обьектісі бағыныңқы сөйлем болады,- деп жазады /7/.


Ал Н.Сауранбаев сабақтас құрмаласты тану жөнінде мынандай тұжы-рым жасайды: егер сөйлем ішінде компоненттердің дербес бастауышы болатын болса, онда ол сөйлем қурмалас сөйлем болғаны, ал сөйлем бүдан өзгеше болып шықса, ол бірыңғай мүшелі жай сөйлем болады . Әрине бұл жөнінде орыс, түркі және қазақ тіл білімінде қаншама дау-дамай болды. Соның қорытындысы, нақты шешімі ретінде Н.Сауранбаевтың жоғарыдағы пікірін келтіруді жөн көрдік.
Бул қазақ тілі бағыныңқыларын топтауда бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негізделуіне жол ашады. Сабақгас құрмалас сөйлемді дәл тануда субъекг-предикаттық қатынас еңбасты белгі болып табылады. Сонымен сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін тануда төмендегідей ерекшеліктер меже етіп алынады: Бағыныңқы компоненттің баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақ жағынан біркелкі болмайды. Бағыныңқы компоненттің жеке, өз алдына бастауышы болады. Компоненттің белгілі мөлшерде сөйлемдік мағына дербестігі болады,
яғни бұл компонент тұлғалық жағынан аяқталып "тұрмағанмен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады. Аталған компонентте тиянақсыз интонация ғана болады. Сабақтас құрмалас сөйлемді әр түрлі топтарға бөлу А. Байтұрсынұлы жазған еңбектерден басталады. Сол мезгілден бастап 60-жылдың басына дейің, әр зерттеуші әр түрлі пікірлер айтып келді. Жіктеуде бірізділік бол-мауының ең негізгі себептерінің бірі — жіктеуге критерий етіп алған белгілерінің әр түрлілігінде болды. Мысалы: А. Байтұрсынұлы еңбегінде сабақтас сөйлемді жіктеуге бағыныңқы компоненттің басыңқы компонентпен қан-дайлық мағыналық қатынаста тұратындығы негізгі бел-гі етіп алынған. Осы белгісіне қарай бағыныңқы компоненті сөйлем мүшелерінің атымен бастауыш бағыныңкы, анықтауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш бағыныцқы, сын пысықтауыш бағыңыңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқы, ереуіл бағыныңқы деп тоғыз түрге бөлген. Бірақ бұлардың әр түрінің қалай жасалатындығы саралап ашылмаған. Келтірген мысалдарына қарағанда, сабақтас сөйлем жасайтын негізгі тұлғасы етіс-тіктің шартты райы тәрізді.
Отызыншы жылдардың алғашқы жартысында бастауыш кластарға арналып «Үш жылдық тіл кітабы» (Т. Шонанов) «Төрт жылдық тіл кітабы» (С. Аманл<о-лов) деп аталған оқулықтар жазылды. Т. Шонанов, С. Аманжолов жазған бүл оқулыктарда А. Байтүрсын-ұлының «Тіл құралындагы» пікірлер ықшамды түрде қайталанып шыккан және құрмалас сөйлемді тек салалас, сабақтас деп қана бөлгендік болмаса, оларды өз ішінен ұсақ топтарға жіктеу болмаған.
Сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеудің. екінші түрі Қ. Жұбановтың басшылығымен 1936 жылы жаеалған оқу бағдарламасында берілді. Бұл автор да етістіктін, шартты рай формалы түрін сабақтас сөйлем жасаудын негізгі тұлғасы ретінде алған. Бірақ сабақтасты түрге жіктеуде алдыңғылардан басқа принципке сүйенеді. Автордың тұжырымдарына, келтірген мысалдарына қарағанда, сабақтас болу үшін бағыныңқы компонент шартты райға аяқталу керек те, басыңқы компонентте бағы-ныңқы сөйлемде айтылатын сұрау есімдігіне жауап ре-тінде келетін сілтеу есімдігі болу керек. Сол сілтеу есім-дігі сөйлемнің қай мүшесі болса, қандай тұлғада айтылса, сабақтас сөйлем сонын. атымен аталып, жіктелу керек. Мысалы: Кімді айтса, сол келеді. Ол қандай болса, мен де сондай, деген сөйлемнін, алдынғысында «сол» есімдігі сөйлемнвд бастауышы, сонғы сөйлемде баяндауышы болып түр. Сондықтан бірінші сөйлем бас-тауышы бағыныңқы, екінші сөйлем баяндауыш басыңқы болады. Дәнекер ёсімдік, яғни «сол» есімдігі септік жалғауында айтылса, септес бағыныңқы, ілік жалғауында тұрса, іліктес бағыныңқы болады дейді. Сөйтіп, алдыңғы екі сабақтас сөйлемді жіктеуде дәнекер есімдік-тін, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанына сүйенсе, кейінгілерінде дәнекер есімдіктіқ қандай тұлғада айтылғанына сүйенген, Бүдан әрі автор Сабыр қалай жүрсе, Мәмет те солай жүреді. Сабыр қайда барса, Мәмет сонда барадьі. Сабыр қандай болса, Мәмет сондай деген сөйлемдердің біріншісін шақтас бағыныңқы, екіишісін жанас бағыныңқы, үшіншісін қабыс бағыныңқы деп атайды. Бүл жіктеуде автордың қандай принципті басшылыққа алғаны тым бұлдыр. Сөйтіп, жіктеуге әр түрлі белгілерді критерий ете отырып, Қ. Жүбанов сабақтас қүрмалас сөйлемді бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, септес бағыныңқы, іліктес бағыныңқы, шақтас бағыныңқы, жанас бағыныңқы, қабыс бағыныңқы сабақтастар деп жеті түрге бөлген. Автордың бұл бөлісі ғылымда баянды бола алмады '.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет