Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет10/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
367983 3

Баяндауыш
1.Баяндауыш туралы жалпы түсінік
2.Баяндауыштың тұлғалық белгілері
3.Баяндауыштың түрлері
4.Етістіктен болған дара және күрделі баяндауыштар
5.Есім баяндауыштар және олардың жасалу жолдары
6.Құрама баяндауыштар,олардың жасалу жолдар

Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшенің бірі - баяндауыш. Бастауышқа бағынып,оның қимылын , іс-әрекетін ,кім, не екенін, заттық, сындық, сандық қасиеттерін білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейміз. Әрбір сөйлем мүшесіне тән қасиеттер бар. Баяндауышқа тән қасиеттер:


1.Баяндауыш - бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.
2.Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.
3.Баяндауыш бастауыштың әртүрлі қасиетін көрсетеді.
4.Баяндауыш бастауышпен жақ-жағынан, жекеше, көпше түрде байланысады.
5.Предикативтілікті білдіреді.
6.Сөйлемнің бас мүшесі.
Бастауыштың грамматикалық белгілері мыналар:
а) Баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, сапаны айтады.
ә) баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар - шақтық форма, жақтық форма, модальдық форма. Осылар қатысып сөзге баяндауыштық форма береді.
б) бұнымен қатар -дікі, -нікі, -тікі қосымшаларын жалғап иелік форма алған сөздер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.
Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субьектілік предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, бастауышпен қатар қойып айтқанда айқын болады. Баяндауыш қызметінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке бейім сөз табы - етістік. Етістіктер дара тұрып , түбір күйінде көбірек баяндауыш болады. Етістіктер баяндауыштық қызметінде түбір күйінде түрлі жұрнақты, жалғаулы және түрлі көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. Етістіктердің түбір күйінде келуі көбіне екінші жақтық баяндауышқа қатысты. Мысалы: Сен орыстың және дүние жүзі әдебиетінің классиктерін көп оқы (Ә.Шәріпов). Баяндауыштың жұрнақты түріне негізінде етістіктерден түрлі грамматикалық категорияларының жұмсалуы жатады.
Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға болып табылады. Жіктік жалғаулы сөздер көбіне сөйлемнің соңына келіп, арнайы баяндауыштық тұлға болады. Мысалы: Бөгемеңдер, жол беріңдер (Ғ.Мұстафин). Мен қаланы таңдана аралап шықтым .
Баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары - есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы өзара бірдей емес. Ондай кезде көп жұмсалатыны - зат есімдер. Дегенмен, есімдердің бәрінің де баяндауыш болу принципі бір іспеттес. Есімдер де етістіктер сияқты түбір күйінде және түрлі жұрнақтар арқылы жасалады. М: Қаланың іші-сырты - әскер (Х.Есенжанов). Барлығы – он жеті (А.Байтұрсынов). Ауа-тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ (Ғ.Мұстафин). Мұндай жағдайда бастауыш пен баяндауыш бірдей айтылу керек.
Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында жалғаулардың да қызметі ерекше. Әсіресе,жіктік жалғауы, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баяндауыш қызметінде мол жұмсалады. Ұлпан биыл жетіде (Б.Майлин). Екі жұмадан бері тынышпыз (Ғ.Мұстафин). Барым - бір өзің (М.Әуезов).
Баяндауыш қызметі жіктік жалғауларға тікелей байланысты болмағанмен, көбінесе баяндауыш сөзге жалғанатын қосымшаның бірі -дікі, -нікі. Бұл қосымша жалғанатын баяндауыштар басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тәуелді етіп, өзі меншік иесі болады. Мысалы: Киіз кімдікі болса,білек соныкі (Мақал). -нікі,-дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш болу амалы да оның сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан мұндай тұлғадағы баяндауыштар, бастауыштардан соң тұрады, бастауышсыз айтылмайды.
Сенің ұлың менікі
Бақытты біздің жердікі
Ер өмірі күнде той
Ойқай,қызық заман ғойІ (Жамбыл).
Түркітану және қазақ тіл білімінде баяндауыштардың негізгі бір сөз болатын мәселесі - олардың түрлері. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен,баяндауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөз таптары-етістік пен есімдер тобы. Профессор М.Балақаев осы ерекшелікті ескере отырып, 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық грамматикада баяндауышты есімді және етістікті деп берсе, 1971 жылғы еңбегінде құрама баяндауышты қоса береді. Біз де осы негізде баяндауышты мынадай басты-басты салаларға бөлеміз: 1.Етістік баяндауыштар. 2.Есім баяндауыштар. 3.Есім мен етістік түрі аралас құрама баяндауыштар.
Әрбір сөйлем мүшелерінің жасалуына белгілі бір сөз таптары негіз болады. Баяндауыштардың жасалуында ең негізгі сөз табы - етістік. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Етістік қимылды білдіруге байланысты сөйлемді тиянақтаудың басты шарты болуы тиіс. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені - етістікті баяндауыштар. Айттым ,болды. Кестім,үзілді. Тараңдар! (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, олар дара күйінде баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді. Тереңге мені сал,биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөз таптарын ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та келеді.
Етістіктер дара күйінде бұйрық рай, шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі, түрлі етіс жұрнақтары арқылы және түрлі туынды түрінде де жұмсала береді. Бірақ, осылардың ішінде жай сөйлемнің немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы, яғни тиянақты баяндаушы ретінде бұйрық рай, есімше, қимыл есімі, туынды етістіктер ғана жұмсалса, ал шартты райлы немесе көсемшелер әдеттегі жай сөйлемнің баяндаушы ретінде арнайы жұмсала алмайды. Өйткені, олар сөйлемді тиянақтау процесіне толық қатынаса алмайды. Мысалы:
-Ей,бері қара, кел, отыр, біз Жалпақ сазға барамыз (Ш.Айтматов).
Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады. Өнер -білім бар жұрттар,тастан сарай салғызды (Алтынсарин).
Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: 1,2 жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, 3 жақта жіктік жалғау жалғанбайды. Апаң келген соң , біздің үйге тұрарсың (С.Мұқанов).
Баяндауыштың екінші түрі – есім баяндауыштар. Есім сөз таптары баяндауыш болу үшін, біріншіден, олар сөйлемнің соңында келуі керек. Екіншіден, бұл сөз таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтау процесі нақтылы болуы керек. Үшіншіден, есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған кезінде, тұлғалық жағынан әдеттегі қолданылу ерекшеліктеріне, яғни морфологиялық өзгерісіне бұрынғы қалпымен салыстырғанда өзіндік айырмашылықтары да болады.
Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда әр есімнің де, етістіктің де элементтің қатысындағы негізге алынған. Әрине, құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы,оларды құрайтын бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың өзіндік мағынасының ерекшеліктері мен бұл процестегі кейбір даму процестерін жеке-жеке сөз етуді керек етеді. Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары яғни есімді мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары есімдер болады да, екінші сыңары етістік делінгенмен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де, ет көмекші етістіктері қатысады. Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары лексикалық мағынаға ие бола алмайды, тек көмекшілік қызметте есімдерге шақтық мағына үстемелеу үшін ғана қолданылады. Мысалы: Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді (С. Мұқанов). Сонда да бәрінің көзі әлі Орынбайда еді (Н. Әбуталиев). Біз манадан бері соны әңгіме еттік (Қ. Жұмаділов). Сұлу қыз осыдан қысылып қып-қызыл болыпты (М. Әуезов). Ғұмырында шалының да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны бірінші еді (Н. Серғалиев). Ат құйрығын кестім, бүгіннен бастап сендік емеспін (Н. Әбуталиев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет