Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Төл сөз. Осы кезде үйден Салиқа шығып, қонақтарға: «Ас пісті»,- деді. Төлеу сөз



бет62/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
367983 3

Төл сөз. Осы кезде үйден Салиқа шығып, қонақтарға: «Ас пісті»,- деді.
Төлеу сөз. Осы кезде үйден Салиқа шығып, қонақтарға ас піскендігін айтты ( Мұқанов).
Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Табыс жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші тұлға болып есептеледі.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің келесі бір түрі-үлестес сабақтас құрмалас сөйлем.
Үлестес сабақтас сөйлемдердің басқа сабақтардан елеулі айырмасы бар. Онда бағыныңқы компонент басыңқы компонентті мағыналық жағынан айқындап, соған тәуелді болып тұрмайды. Әр компонент өзінше дербес мағынаға ие болып тұрады. Ал басыңқыға бағыныңқының тәуелділігі тек алғашқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыздығынан ғана көрінеді. Сондықтан мұндай сөйлемдерге бағыныңқы деген термин тіркелмейді, тек формалық тиянақсыздығына байланысты «үлестес сабақтас сөйлем» деп қана аталады.
Мұндай сөйлемдерді сабақтастың басқа түрлерінен қалай ажырату керектігі жөнінде мынадай пікір бар:
1. Үлестес сабақтас сөйлемдерде басқа сабақтастардағыдай себептестік қарсылықты, шартты, амалдық, мақсаттық, салыстырмалы қатынастар болмайды;
2. Компоненттер арасындағы тәуелділік тек формалық жағынан болады;
3. Мұндай сөйлемдер бір мезгіл ішінде бірінен кейін бірі іркес-тіркес жалғаса болған я болып жатқан, біріне-бірі тәуелсіз іс-әрекетті, жай-күйлерді баяндайды;
4. Олар көсемшенің –п формасы мен шартты рай тұлғасынан жасалады.
5. Мұндай сөйлемдердің компоненттерінде бір тұлғалас сөздер жұптаса, іліктесе айтылады.
Мысалы: Дастарқан жайылып, қымыз да құйылып жатыр. Жастар жылқы айдап, ересектер ұсақ малдарын түртпектеп жапа-тармағай көше бастады. Бір үйлерде күй тартылып жатса, енді бір үйде ән айтылып жатыр. Ара-тұра үкі үһілеп, әлдеқандай белгісіз құс шар ете қалады.
Демек,бағыныңқы компоненті басынқы компонентке тек баяндауыш тұлғасының тиянақсыздығы арқылы ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, бір мезгілде өтіп жатқан немесе іркес-тіркес өтіп жатқан әрекетті, жай-күйді білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемді үлестес сабақтас құрмалас дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет