Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Тарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы



бет31/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлемдік философияда өздерін структурашылдар деп атайтын топ пайда болды. Адамзат тарихында болып өткен уақиғалар қоғамдағы кездейсоқ құбылыстардың жиынтығы деп атауға болмайды. Кез-келген оқиға қоғамда болып жатқан күрделі құбылыстардың бір тетігі. Бірімен-бірі кезектесіп болып жатқан оқиғалар легі белгілі бір жүйені құрайды. Әрбір жеке-леген оқиға функциональды талдау жасауды қажет етеді.
Қоғамда макроструктура және микроструктура бар. Олар белгілі бір заңдылықтар негізінде өмір сүреді. Егер арасындағы байланыс үзілетін болса, немесе бұзылатын болса онда бүкіл структура жойылып кетуі мүмкін. Тарихшы әрбір процесті тек даму барысын зерттеп қана қоймай, олардың ішкі функциональды байланысын, себеп салдарларын да анықтауы қажет. Мұндай жағдайда процесс барысындағы жеке тұлғаның орны көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ одан қауіптенудің қажеті жоқ.
Бұл теорияның негізін қалаушы француз ғалымы Ф.Де Сосюр синхрония және диахрония терминдерін ғылымға енгізді. 1951 жылы этнолог Леви-Стросс «Структуралық антропология» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды. Ол структура теориясын зерттеу моделі ретінде қарастыруды ұсынды. Қоғамда болған фактілерді жинақтап, талдап оны логикалы түрде түзеу (құрастыру) қажет. 1973 жылы Халықаралық конгресте арнаулы баяндама жасап, бұл теорияны тарих ғылымында пайдалануды ұсынды.
Ресейде алғаш рет 1976 жылы Москва университетінің профессоры И.Д. Ковальченко осы әдіс негізінде тарихи зерттеулерде математика ғылымының мүмкіншіліктерін пайдалануды ұсынды. Бұл жөнінде келешекте оқылатын лекцияларда толық тоқталамыз.
Постмодернизм (постструктурализм)Өткен ғасырдың 70 жылдарында тарихи таным теориясын қайта қараушылар саны көбейді. Бұл жөнінде пікір айтқандар тарихи құбылыстарды зерттеу барысында дерек ретінде тіл мен белгілердің мүмкіншілігін толық пайдалану қажеттілігін алға тартты.
Тіл тек күнделікті байланыс құралы емес, сонымен қатар оның құрамында өткен замандарда бабаларымыз пайдаланған сөздік қор бар. Сондықтан кез-келген бізге жеткен нарративті деректерді зерттеу барысында пайдалануға сақ болуымыз керек. Тіл қоғамның дамуына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырайды. Олар терең сараптауды қажет етеді. Көне мәтіндерді оқығанда тілдің дәуірлік ерекшеліктерін ескеру ғылымның ерекше көңіл аударатын мәселесі.
Постмодернші тарихшылар тарихи дерек ретінде пайдаланатын мәтін сол заманның ахуалын объективті түрде көрсетпейді. Мәтін сол құбылысты баяндайтын белгілер жиынтығы. Сондықтан оны әрбір зерттеуші өзінше түсініп, өзінше оқиды. Тарихшы оқырманға өз түсінігін жеткізеді. Оқырман оны өзінше түсінеді. Оқырманның түсінігі сол заманның келбетіне, болып өткен құбылысқа сәйкестігі шынайы ма? Міне осындай сұрақтарға жауап беру шаруа.
Тарихшының қолында тек қана текст (мәтін) ғана бар. Мәтіндегі ақпаратты басқа да дерек көздермен салыстырудың мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан тарихшы сол мәтінді ғана баяндайды. Тарихи зерттеулеріне мұндай көзқарас тарихтың ғылым екендігіне күмән туғызды.
Әлбетте, тарихшылар мұндай пікірге тікелей қарсы болып, өз шығармаларын одан әрі жаза берді.
Дегенмен осы кезде пайда болған тарихи шығармаларда жаңа бағыттардың, жаңа ой-пікірлердің әсері болғандығын айта кеткен жөн. Әсіресе, Францияда пайда болған «структурашыл-дардың», Германиядағы «герменевтикашылдар» мен Америка әдебиетшілеріне еліктеген тарихшылар ғылымды жаңа еңбек-термен толықтырды.
Америка Құрама Штаттары тарихшыларының көрнекті өкілі Хайден Вайт жазған «Метаистория историческое воображение в Европе девятнадцатого столетия» деп аталатын шығармасы осы ағымдардың нәтижесінде жазылған.
Бірте-бірте тарихшыларға айтылар сын тағылар мін азая бастады, жұмсара бастады. Ғалымдар жаңа ағымның өздері қажет деп тапқан тұстарын зерттеу барысында пайдалана бастады. Көне мәтінді пайдалануда оларды терең талдауға тырысып, күмәнді жерлерін басқа да деректермен салыстыруды жолға қойды.
ХІХ ғасырда Европа көркем әдебиетінде көптеген тарихи романдар пайда болды. Мұндай әдебиеттің пайда болуына тарихшылардың да үлкен әсері болғаны түсінікті. Осы кезде тарихи көркем әдебиет пен тарихи ғылыми шығарма арасында пайда болған зерттеулер көрініс тапты.
ХХ ғасырда бұрынғы Кеңес заманында біздің елдің тарихшылары марксшілдік идеологияның шеңберінен шыға алмағандығы белгілі.
Ал енді ХХІ ғасырда елдің саяси өмірінде де, шаруашылығында да көптеген өзгерістер болды. Ғасырдың алғашқы онжылдығында тарих ғылымы да дағдарысқа ұшырады. Ескі маркстік догмадан бас тартқанымен жаңа концепция ойлап табылмады.
Соңғы жылдары Қазақстан тарихы бойынша қаншама мақала, оқулық, монография жарық көріп жатыр. Көрші Ресей елінде де әртүрлі жанрдағы, мұқабасын кісі қызығарлықтай, көлемі жұртты таң қалдырған тарихи шығармалар жарық көруде. Өкінішке орай осыларға философиялық тұрғыдан сараптама беру жағы көңіл көншітерлік емес.
Лекция соңында қозғалған тақырып жөнінде өз ойымызды да айтып кетуді жөн көрдік. Біріншіден, тарихшы зерттеу барысында белгілі бір теориялық тұжырымды басшылыққа алуы қажет. Теориясыз тарихи ізденістің ертегіден айырмашылығы жоқ. Екіншіден, міндетті түрде бір ғана философиялық бағыттың құрсауында қалып қоймай, әртүрлі өзіне ұнайтын, жүрегіне жақын тұжырымдарды пайдаланған жөн. Үшіншіден, қандай философиялық тұрғыны негізге алсаңда өз зерттеуіңнің деректер қоржыны толықтығын ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет