Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет27/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Бірінші проблема. Тарихи зерттеулерде факты мен процесті бағалау. Тарихшы зерттеу барысында фактілерді молынан пайдаланады. Соның негізінде сол тарихи процеске өз бағасын береді. Процесті, құбылысты тану және оларды бағалау зерттеу жұмысының екі жағы. Осылар бір-біріне сәйкес келе ме? Фактіге қарап сол құбылысты жағымды немесе жағымсыз деп есептеуге бола ма? Міне бұл үлкен философиялық проблема. Тарихшы белгілі бір қоғамның субъектісі. Оның маман ретінде қалыптасқан өзінің көзқарасы бар. Оған белгілі бір діни, саяси идеялогиялық факторлар әсер етеді.
Үшінші проблема. «Тарихи ретроспекцияның» шынайылығына баға берудің әдіснамалық сипатына байланысты. Тарихшы образға кірген артист сияқты. Зерттеп отырған заманының рухани, саяси өмірін білуі қажет. Сол заманның тарихи оқиғаларын, сол заман адамының көзқарасы арқылы қарастыруы керек.
Төртінші проблема. Бізге дейін жеткен тарихи деректерді сын елегінен өзкізуге байланысты. Тарих ғылымында болған оқиғаларды фальсификациялау, сол заманнан қалған құжаттарға әдейілеп түзету-өзгерту енгізген фактілер кездеседі. Сондықтан империкалық материалдарды эксперимент арқылы теориялық деңгейге жеткізу үлкен философиялық проблема.
Бесінші проблема. Тарих ғылымының тарихи процесс субъектілерін топтау әрекетіне байланысты. Адамзат тарихы жеке адамның әлеуметтік топтардың, ру-тайпалардың таптардың, ұлыс-ұлттардың тарихынан тұрады. Тарихи процесс субъектілерін типологиялық талдаудан өткізу үлкен философиялық проблема.
Алтыншы проблема. Тарихи зерттеулердің әдіснамасына тікелей байланысты. Егер біз әдіснама ғылымы тарихи танымның әдістері дейтін болсақ, онда әдіс зерттеу жұмысы ұстанымдарының жұмысы. Кез келген ғылымның әдіснамалық негіздері философия аясында анықталатыны белгілі. Бұл философияның негізгі атқарар қызметі. Жалпы ғылымда пайдаланатын әдістердің көпшілігі жеке бір ғылымның меншігі болса, философия соларды ой елегінен өткізе отырып, философиялық бағыт-бағдар береді. Әлбетте, тарихшылар жалпы ғылыми әдістерді, оның философиялық нұсқаларын пайдалана отыра, өзіне тән әдістерді де пайдаланады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында әдістерді таңдау тарихшының жеке басының шаруасы.
Соңғы проблема тарихпен теориялық білімнің қиылысқан жеріне байланысты. Жарық көрген тарихи еңбектерді теориялық және методологиялық тұрғыдан баға беретін тарих ғылымының саласы тарихнама. Тарихнама ғылымы өзінің әдістері жағынан философияға тым жақын. Оның метатеория ретінде негізі міндеті тарихи оқиғалармен процестердің зерттелу деңгейіне баға беру. Ғылымдағы әртүрлі авторлардың, ғылыми мектептердің, ғылыми бағыттардың әрекетіне талдау жасау. Сөйтіп, ғылымда ашылмаған немесе шала зерттелген, терең зерттеді қажет ететін проблемаларды анықтап беру.
Төменде тарих ғылымының дамуына және жаңа мектептердің пайда болып белгілі мектептердің көбеюіне елеулі үлес қосқан негізгі философиялық бағыттарға (жолдарға) мінездеме беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет