Өзінің ішкі қоғамдық мазмұнымен ,тарихи оқиғалардың мәнділігімен өзіне дейінгі және өзінен кейінгі уақыт аралықтарынан ерекшеленетін уақыт бірлігін эра деп атаймыз
Өзінің ішкі қоғамдық мазмұнымен ,тарихи оқиғалардың мәнділігімен өзіне дейінгі және өзінен кейінгі уақыт аралықтарынан ерекшеленетін уақыт бірлігін эра деп атаймыз Тарихи әдебиеттерде «эра» түсінігі жиі кездеседі. Бұл сөз немесе термин бізге Рим империясынан қалған. Көпшілік елдерде сол елді билеген патша, хан, шах, карольдердің билеген уақытын эра деп атайды. Шамасы, бұл сөз Рим империясын біздің жыл санауымызға дейінгі 30-шы жылдың 29-шы тамызында таққа отырған Август кіргізген болуы керек. Мұны ғылымда «экс анте» жүйесі деп атайды. «Эра» деген сөз «ав эксордио регни Аугуст» деген сөз тіркесінің бас әріптерін қыс-қартқан түрі( аббревиатура) болуы мүмкін. Мұндай жүйе кейде қазақ тарихында да кездесіп қалады.
Қолданыста кейде «дәуір» (эпоха) терминін де кездестіріп жүрміз.Дәуір эраға қарағанда аз уақыт мөлшерін қамтиды. Бұл сөз ХҮ ғасырда Еуропа тарихында пайда болды. Тарихтағы мерзімі бойынша ұзақ, ерекше бір ортақ белгілері бар уақытаралығының бір түрін дәуір деп атаймыз.Әр дәуірде тарихи процестегі тарихи жүйелер ауысады. Кеңес тарихнамасында қоғамдық-экономикалық формацияны қамтитын уақытты дәуір деп атады. Мысалы, империализм дәуірі, Кеңес дәуірі,, өткен дәуірі, сияқты сөз тіркестерін қолдандық.
Тарихтағы уақыт аралығы ирархиясының келесі сатысында –кезең термині тұр. Кезең дегеніміз тарихтағы біткен процессті белгілейтін уақыт аралығы.ір тарихи жүйенің ішіндегі жағыдайлардың ситуация ауысуы. Белгілі бір тарихи жағыдай(ситуация) аясында тарихи процестегі әртүрлі оқиғалардың бірінен кейін бірі ауысуын белес(этап) деген терминмен белгіленеді.
Тарихи зерттеулердің объктісіне байланысты кезеңдеу так-сондары да әртүрлі болады. Яғни эканомика,мәдениет, саясат тарихын кезеңдеген уақытта олардың таксондары өздеріне сай,әртүрлі болуы мүмкін.
Осыған байланысты кезеңдеу критериі проблемасы туындайды. Кезеңдеу критериі дегеніміз тарихи дамудың бір сатысын екіншісінен айыратын немесе ерекшелендіретін белгі (признак)Тарихи дамудың әрбір сатысының белгілері логика-лық ішкі байланысы болуы қажет.Кеңес тарихының негізгі критериі өндіргіш күштермен өндірістік қатнастар арасындағы қарама-қайшылықтың дамуы болды.
1997 жылы Москвада орыс ғалымдары И.М.Савельева мен А.В.Полетаевтың «История и время» деген көлемді моногра-фиясы жарық көрді. 800 беттен тұратын зерттеу осы проблема бойынша бүкіл әлемде жазылған ғылыми еңбектерді қорытын-дылайды.
Тарихшы болған уақиғаны тек уақыт аралығында қарас-тырғанда ғана алдына қойған мақсатын орындай алады. Атақты Ф.Бродель «күрексіз жер өңдей алмасаңыз, уақытсыз тарихты да жаза алмайсыз» деген екен.
Жоғарыдағы авторлар уақыттың екі образына тоқталады. Біріншісі – статистикалық, гомогенді және казуалді-нейтральді, дискреттік. Екіншісі – динамикалы. Тарихи уақыттың екі образы да батыс тарихнамасында бірнеше ғасыр пайдаланылып келеді.
Тарихи танымның негізгі қиындығы әр уақытта болған құбылыстарды жіпке тізгендей қылып көрсету. Хронологиялық таблицаны толтырған кезде кейбір тарихи уақытта қандай оқиға болғанын білу қиын, ол жөнінде бізде дерек жоқ. Сондықтан да тарихшы өзіне белгісіз оқиғаның уақытын қажет етпейді. Содан болар тарихи процесті толық зерттеу мүмкіншілігі туа бермейді. Тарихтағы ақтаңдақтар осыдан пайда болады.
Тарихи уақытты ғылыми айнылымға кіргізуге әсер ететін факторлардың бірі сол замандағы белгілі бір мемлекеттің идеологиялық ұстанымдары. Мысалы, Кеңес уақытында, коммунистік партияның пленумдары, конференциялары, съездерінің болған уақыты астрономиялық дәлдікпен берілді. Кеңес тарихында әрбір завод, фабриканың іске қосылған уақыты да бізге белгілі.
Тарихи шығармаларда уақыттын екі бейнесі де қатысады. Авторлардың белгіленгендей – тарихшылар өткенді қазіргі кездегі көріністермен сәйкестендіре қайырды. Хронологиялық кесте - әр қалай толтырылады, көрсетілген уақыт арасында не болды және қандай жағдай сипатталатыны белгісіз. Уақытты және оқиғаны таңдау – субъективті. Деректердің жоқтығынан уақытты фактілермен толтыру мүмкін емес.
Қазіргі кезде Еуропа тархшылары әйелдер тарихын жазумен әуестеніп жүр.. Кейде сол заманның өзекті бір әлеуметтік теорияларыменде айналысады.е (шиеленістер, биліктер, жаңарту және т.б). Сол себептен, тарихшылар өз пәнін уақыт бойынша, бөлшектеп, әр түрлі қөзқарастармен зерттейді.. Ретсіздік, бөлшектеу, теңсіздік, әр кезеңді (дәуірді) зерттеудегі мозаикалық әр түрлі географиялық кеңістік, - тарихи уақытта көптеген «ақтаңдақтар» туғызады.
Жоғардағы авторлар проблеменың барлық кешені қарастырады: оқиға және тарихи уақыт, күнтізбелік уақыт, хронология, тарихи дәуір, «әлем тарихынын» категориясы, циклдар және тарихи даму кезеңдері.
.
Тарихшылардың өзі уақыт жөнінде ойлауға көп көңіл бөлмейді. Осылардың ішінен бөліп жарып айтатынымыз француз тарихшысы Ф.Бродельдің «Тарих уақыттын әр алуан ұзақтығы» деген тұжырымдамасы. Ол өзінен көңілін – «тарихи құбылыстардың архитектурасы» деген құрылымға бағыттады.
Ф.Бродель уақыттың үш қатпарын бөліп көрсетті, қоғамдық тұрмыстың төменгі қабатында негізгі белгілері – адам, жер, космос болып табылатын тұрақты құрылым билік етеді. Бұл «ұзақ уақыт». Екінші «қабат» - уақыт ара қашықтығы қысқа, циклдік сипаттағы экономикалық және әлеуметтік қызмет. Үшінші «қабат» - саяси жағдайлар хронологиямен анықталады.
Ф.Бродельдің ойы бойынша «длительной протяженность» тұжырымдамасы тарихшыларға «оқиға» тұтқынынан сатылып, оларға «басқа» көз қараспен қарауға көмектеседі деді. Ф.Бродельдің ізін қуушылар шыға бастады. 1974 жылы Ле Руа Ландери «Неподвижная история» деген кітабын басып шығарды. Бұл тұжырымды жақтаушылар ХVІІІ ғасыр аяғындағы француз революциясының дәстүрлі тұжырым-дамасын қайта қарауға тырысты. Мұнымен көптеген тарихшы-лар келіспеді.
Тарихшы жаңа тұжырымдар мен жолдарды қолданғанда шектен шықпай, әрбір «жаңа» ойды қолдап, бірақ оның мүмкіндіктерін шынайы бағалап, шебер қолдана білу керек.
Тарихуақыт аралығында болған құбылыстарды толық түсіну үшін оны, яғни, уақытты бөлшектеп зерттеу қажет.Тарихипроцессті кезеңдеудің бірнеше түрі бар. Соларға толықырақ тоқталайық.
Әлемдік ғылымда тарихи процестің уақыттық аспектісін типологиялау үшін циклдық және эволюциялық әдістерді қолданатыны белгілі.
Циклдік әдісті қолдаушы белгілі ғалымдар О. Шпенглер және А. Тойнби тарихи процесс тұйық цикл бойынша айнала береді дейді. Кез-келген процестің көтерілуі бар, ол өзінің даму шегін жетіп гүлденеді де, келесі сәтте құлдырайтын көрінеді. Сондықтан тарихты кезеңдеудің қажеттілігі жоқ.