Бекіту сұрақтары: 1. Тарихи факт түсінігіне сипаттама беріңіз? 2. Факт ұғымына Г.М.Ивановтың берген анықтамасы, фактіні нешеге бөлді? 3. И.Д.Ковальченконың тарихи фактіні категория бойынша бөлуі, тарихи маңызы? 4. Тарихи фактінің оқиғаның көрінісіне әсері қандай? 5. Герменевтика түсінігіне анықтама беріңіз? Әдебиеттер: Гуревич А.Я. Територия историка // Одиссей 1996. Гуревич А.Я. Человек в истии. М., 1997. С.92, 94. Иванов Г.М. Методология исторической науки. Карр Э. Что такое история? Алматы 1997. Ковальченко И.Д. Количественные методы в исторических исследованиях. Москва, 1984. Мерзон Л.С. Проблема научного факта. Л., 1972 15-16 с. Аманжол Күзембайұлы.Тарихтану теориясы. Оқу құралы. Қостанай. 2011. Қосымша мәлімет. 7.Тарихи уақыт ұғымы және тарихи процесті кезеңдеу.
Тарихи уақыт ұғымы.
Т арихи құбылыстар белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақыт аралығында өтетіндігін біз жоғарыда айтып өттік. Тарихи уақытты біз әртүрлі түсініктермен есептейміз.
Секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, заман, дәуір, кезеңдеген терминдерді жиі кездестіреміз. Бірақ көбіміз осыларға мән бере бермейміз. Әрине, алғашқылары цифрмен өлшенеді. Ал кейінгі үшеуінің мағынасына әркім әр-түрлі мазмұн береді.
Тарихи хронология деп аталатын арнаулы пән бар.Тархи уақыт сол пәннің зерттеу объктісі. Бүгінгі міндетіміз осы уақыт өлшемдерін теориялық жағынан қарастыру.
Адамзат көне заманда-ақ уақытты өлшеп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. Осы үшін алдымен ойлап тапқаны – күнтізбе (календарь). Күнтізбе жасау үшін, әрине, аспан денелері жөніндегі білімді қажет ететіндегі белгілі.
Қазақ тарихнамасында бұл түсініктерге ортақ пікір жоқ. «Белес-этап», «дәуір-эпоха», «кезең-период»деген термин-дерге әр тарихшы өзінше мағана береді.Тарихи әдебиетте аталған терминдерді пайдалануда бір ізділік жоқ.Мысалы археологияда «қола заманы» «қола ғасыры» деген сөз тіркестері қатар жүреді.Тіпті орыс тіліндегіҚазақстан тарихының ака-демиялық басылымында «эпоха древнекаменного века»деп аталатын анықтама да кездеседі.( История Казахстана с дре-внейших времен до наших дней. В четырех томах. –Т. 1. –Алматы, 1996. –С.68 )
Т арихи процессті кезеңдеу үшін екі негізгі теориялық мәселені шешіп алу қажеттілігі туындайды..Біріншісі- әрбір тарихи кезеңді анықтайтын терминдерді іріктеу. Екіншісі әрбір тарих кезеңді бір бірінен айыратын белгілер тобын яғни критерилерін анықтау қажет.
Яғни жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты тарих ғылымында да кезеңдер классификациялық жүйенің иерархиясын құруы қажет.Олай болатын болса тарихи кезеңдеу барысында таксономя принциптерін пайдаланамыз.Таксаномия дегеніміз классификацияжәне жүйелеу (систематизация ) принциптері мен практкасы туралы ілім.(Шаталкин А. И. Таксономия: Основания, принципы и правила / Зоологический музей МГУ. — М.: Товарищество научных изданий КМК, 2012)
Тарихи кезеңдеудің уақыт аралығын белгілейтін бірлікті ғылымда таксон деп атайды. Бігінгі таңда тарих ғылымында таксондар ирархиясы мынандай: эра ,дәуір- эпоха , кезең- период,белес– этап.