Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Геннадий Михайлович Иванов



бет46/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Геннадий Михайлович Иванов (р. 27 мая 1929УссурийскПриморский край) — советский и российский учёный-философ, профессор. Область специализации — философия, история, теория и методология социально-исторического познанияПочётный работник высшего профессионального образования Российской Федерации[1].
8. Қазақ тарихының кезеңдері
Ы қылым заманнан бастау алатын қазақтың көне тарихын ыждағаттықпен зерттеу үшін оны қыздың жиған жүгіндей қылып дәуірге (эпоха), кезеңге (период), белеске (этап) бөліп тастау ғылымның негізгі міндеті.
Кеңестік дәуірдің тәрбиесін алған тарихшылардың аға буы-ны осы күнге дейін маркстік-лениндік қоғамтану теориясының қоғамдық-формациялық принциптеріне негізделген тарихи процестерді кезеңдеу шырмауынан шыға алмай отыр.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда қазақ тарихын ғылы-ми негізде кезеңдеу мәселесін қолға алған ғалымдардың көш-басы, академик ағамыз Манаш Қабашұлы Қозыбаев (Қозы-баев М. Ата тарихы туралы үзік сыр. Тарих зердесі. Бірінші кітап. –Алматы: Ғылым, 1998. -146 б.) болды.Ол қазақ тарихын мына төмендегіше тоғыз белеске бөледі.



1.адам баласы қазақ сахарасында пайда болып,өмір сүрген
тайпалар белесі:
2. сақ-ғұндар заманасы:
3.түркі тектес тайпалар дәурені;
4.қыпшақ белесі;
5.мұңғыл үстемдігі;
6.қазақ хандықтары:халық,ұлттың қ
8.қазақ халқы кеңесимпериясының уысында;
9.қазақ халқы егеменді ел болған шағында.



Тарихи процесті кезеңдеудің әлемдік тәжірибесін екшелей отыра Манаш Қабашұлы теориялық ғылымды өз пайым-дауымен одан әрі дамытты. Жоғарыда көрсетілген еңбегінде ол қоғам тарихын кезеңдеуді формациялық принциптерінен бас тартып, тарихи-мазмұнды принциптерді ұсынады. Кезкелген қоғамның алтын қазығы, жасампаз күші адам екендігі белгілі. Рухани және материалдық мәдениетті жасайтын да, оны әрі дамытатын да адам. Сондықтан да Манаш Қабашұлы қоғам да-муында жеке адамға, ру және тайпа, ұлт және ұлыстың қалып-тасуына үлкен көңіл аударды. Қазақ тарихын зерделеп отырсақ, қазақ халқы, оның арғы-тегі ұрпақтарды тарихи аренаға мал шаруашылығымен айналасушы, металл қорытушы ретінде шыққан екен. Содан бері мыңдаған жылдар өтсе де қазақтың дәстүрлі шаруашылығында айтарлықтай өзгерістер болмаған. Сондықтан да қазақ тарихының даму үрдісін европаша өндірістің дамуымен байланыстыру қажетсіз сияқты.


Манаш Қабашұлы өз мақаласында тарихтану теориясына жаңа шешім табу жолын көрсетті. Оны одан әрі дамытып, жетелдіріп әкету бүгінгі тарихшы ғалымдардың қасиетті борышы.

  1. ХҮ11 ғасырдың екінщі ширегі-ХҮҮ111 ғасырдың ор-та шені-қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

  2. ХҮ111ғасырдың екінші жартсы-– 1819 жыл-Қазақ хандығының күшейуі

  3. Х1Хғасырдың 20-сыншы – 60-ыншы жылдары Қаз-ақстанның Ресей империясының құрамына кіруі)

  4. Х1Х ғасырдың 1867-68 жылдарынан соңына дейін-Қазақстанда феодалдық қатнастардың ыдырауы және Ресей ықпалының күшейуі.



1995жылы осы мәселеге арнап жазған мақаласында белгілі қазақ тарихшысы Виль Ғалиев ХҮ11 ғасырдың соңы менХ1Х ғасырлардағы қазақ тарихын формациялық және саяси-құқықтық принциптерге сүйене отыра төрт кезеңге бөледі( К вопросу о периодизации истории Казахстана // Мысль, 195, №6, -С.86.

Сол жылы жарық көрген мақаласында алғашқы қазақ антро-пологы Оразақ Смағұлов тарихи жүйелерді типологизациялау барысында жалпы тарихи,этнолингвистикалық, анторпология-лық кезеңдеуді қатар пайдалануға болады деген пікір айтты.( Этногенез казахов: их близкие и дальние предки // Мысль, 1995, №11, -С.66-67.)


Осы мәселеге арнайы жазылған қарағандылық ғалым Сала-уат Кентбековтың кандидаттық диссертациясы назар аудар-арлық.(Проблемы историографии и основные принципы пери-одизации истории досоветского Казахстана: автореферат дис-сертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук: Алматы, 1997. - 32 с.)Автор әр кезеңді анықтағанда кри-терилерді кешенді түрде пайдалануды ұсынады. Өкініштісі ав-тор осы мәселен әрі қарай тереңдете зерттуден бас тартты.Сон-дықтанда С.Кентбековтың кезеңдеуі тарихшы қауымға белгісіз болып қала берді.
Соңғы жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде көлемі жағынан шағын болғанмен,қызықтыпікірлер айтылған Бибігүл Досованың мақаласы көңіл аударарлық(История Казахстана через призму синергетически-формационной периодизации // Вестник КарГУ, 2010, №1)
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан Республи-касы Білім министрлігінің аясында жарық көрген Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулығымызда біз қазақ тарихын кезеңдеудің жаңа концепциясын ұсындық.( История дореволюционного Казахстана. Учебник. Алма-Ата: Республи-канский издательский кабинет по учебной и методической ли-тературе. 1992. -382 с.) Оқулықта алғаш рет кезеңдеу мәселе-сіне арнулы тару берілді.
Оқулығымызда адамзат тарихының алғашқы дәуірін біз «тарихқа дейінгі» деп атадық. Бұлай атау себебіміз біріншіден, қазіргі аталып жүрген «Алғашқы қауымдық құрылыс» мазмұны жағынан оқытылатын тақырыптарға сай емес. Өйткені адамзат қоғамында тарихқа дейінгі ұзақ та, сонарлы тарих аты аталған дәуірден тыс қалып қояды. Екіншіден, әлемдік ғылымда тарих деп тек жазбаша дерек пайда болғаннан бергі уақытын ғана санайды. «Тарихқа дейінгі» дәуір шамамен 2 млн. жылдан артық уақытты қамтиды. Оның үстіне 1851 жылы ағылшынның Даниел Уюлсен деген ғалымы ғылыми айналымға кіргізген бұл термині бүкіл дүние жүзі ғалымдары қабылдап отыр.
Біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІІ ғасырдан адамзат тарихының келесі дәуірі басталады. Мұны біз «Тарихтың көне дәуірі» деп атадық. Бұлай деп атауымыздың бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл кезеңді бүкіл әлем тарихшылары осылайша атайды. Әлем тарихында «тарих» термині тек қана жазбаша деректері бар қоғамға лайықты. Екіншіден, қазақтың көне дәуірі әлем халықтарының тарихымен тікелей байланысты. Оның құрамдас бөлімі де болғандай. Оның үстіне қазақ халқының көне дәуірі хронологиялық жағынан Еуропа тарихының антика дәуірімен сәйкес келеді. Ғылыми әдебиетте «скиф-сібір әлемі» деп аталатын алғашқы көшпенділер дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІІ ғасыр мен біздің жыл санауымыздың Ү ғасырының аралығын қамтып жатыр. Бұл дәуірде Қазақстан территориясын мекендеген көне тайпалар алғашқы мемлекеттік құрылымдарын жасауға қол жеткізді, көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты, көшпелі өркениеттің негізі салынды. Сол кезде пайда болған көшпелі мал шаруа-шылығы осы күнге дейін өзінің экономикалық негізін жоғалт-қан жоқ. Ал енді сол кезде пайда болған көшпелі өркениет осы күнге дейін өзінің әдемілігімен, күрделілігімен, сұлулығымен, рухани байлығымен әлемді таң қалдырады («Алтын адам»). «Қазақ тарихының көне дәуірі» алғашқы көшпенділер өркени-етінің ыдырауымен аяқталады.
Келесі қазақ тарихының ортағасырлық дәуірі «Алғашқы империя деңгейіне көтерілген көшпенділердің жаңа мемле-кетінің құрылуымен» басталады. Сол кездегі Евразия құр-лығын дүр сілкіндірген Түрік қағандығы осы күнгі Еуропа, Азиядағы көп мемлекеттердің негізін қалады. Қазақстан тарих-ының ортағасырлық тарихын біз екі кезеңге бөлеміз. Бірінші кезең – біздің жыл санауымыздың Ү-ХІІІ ғасырлар ара-лығын қамтиды. Бұл кезеңде кең байтақ қазіргі қазақтың дала-сында екі саяси және мәдени орталық қалыптасты. Біріншісі – Жетісу жерінде, екіншісі – Сарыарқа даласында. Жетісу жерінде пайда болған Батыс Түрік, Қарлұқ, Қарахан қағандықтары пайда болып, бұл өлкеде көшпелі-мұсылман өркениеті қалыптасты. Сарыарқа даласында Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерінің негізі қаланды. Бір қызығы, бұл мемлекеттердің шекарасы осы күнгі Қазақстан шекарасына мүлде сәйкес келмейді. Алтай мен Карпат таулары арасындағы Ұлы дала-ны мекендеген түркі тайпалары төрт мемлекеттің іргетасын қалап, оның ұрпақтары осы күнгі түркі, угро-фин, славян халықтарына негіз болды. Бұл жерде қыпшақ тілі билік құрған көшпелі өркениет қалыптасты. Жалпы ортағасырдағы қазақ мәдениетін бізге түркі-қыпшақ өркениеті деп атауға болады.
Ал, енді ХІІІ ғасыр мен ХҮ ғасырдың арасы Қазақстан мен онымен көршілес жатқан мемлекеттердің тарихында ерекше орын алатын, шоқтығы биік кезең. Алыстағы Монголия жерінен қазіргі қазақ даласына қоныс аударған көшпелі тайпалар мемлекеттіліктің, шаруашылықтың, мәдениеттің жаңа үлгісін жасауға қол жеткізді. Монғол шапқыншылығының кейбір келеңсіздіктеріне қарамайұлан-ғайыр далада көшпелі тайпалардың дәулет пен шаттыққа толы мамыражай ғұмыры басталды. Мұны қазақ тарихында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман деп атайды. Аз ғана уақытта Шыңғысхан ұрпақтары төрт мемлекет құрды. Бүгінгі Қазақстан деп аталатын даласы, шөлі бар, тауы бар, көлі ба, өзені бар, көкорай шалғын шабындығы бар сайын далада Шыңғыстың екі бірдей ұлы Жошы мен Шағатайдың ұлыстары пайда болды. Тайпалар арасындағы қақтығыс, ұлыстар арасындағы соғыс, ру басшылары арасындағы тартыс аяқталып, әр тілде сөйлейтін, әр құдайға бағынатын, шаруашылығы да әртүрлі тайпалар мен ұлыстар ымыраласып, жақындасып, араласып, қыз беріп, қыз алып, құдандалас болып, сүйек жаңғыртып, туыстық жағдайда ғұмыр кешті.
Әсіресе, Алтын Орда мемлекетінің тарихы үлгі аларлық. Бүгінгі Қазақстан мен Ресейдің территориясын қамтыған Ұлық Ұлыс мемлекеті әлемдік Ұлы державаға айналды. Жүздеген қалалар салынып, егіншілік, отырықшылық дамып, көшпелі мал шаруашылығы өзінің даму шегіне жетті. Мемлекеттің негізгі байлық көзі – сауда еді. Ресми тілі – қыпшақ тілі халықаралық дәрежеге көтеріліп, динар деп аталатын ақшасы әлемдік сауданың валютасына айналды. Кез-келген өркениет сияқты Мұңғыл ұлыстары да ХҮ ғасырдың екінші жартысында шаруашылық әрі саяси дағдарысқа ұшырады. Ұлық Ұлыс деп аталған Алтын Орда мемлекетінің шеңберінде бірнеше жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Еділ бойында Бұлғыр, Қара теңіз жағасында Қырым, Орта Азияда Хорезм, шығысында Сібір, Ресейде Москва хандықтары саяси билікке ие болды. Ал енді, бүгінгі Қазақ жерінде Ноғай ордасы, Сібір хандығы, қазақ хандығы сияқты туысқан, ру-ұлыстардан тұратын тәуелсіз үш мемлекет пайда болды. Сөйтіп, қазақ тарихының ортағасырлық кезеңі осы саяси процестермен аяқталады.
Қазақ тарихының келесі дәуірін «Қазақ хандығы» деп атап, оны екі кезеңге бөлдік. Бірінші кезең – қазақ ұлыстарының бірігу кезеңі. Бұл кезең ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап, ХҮІ ғасырдың соңына дейін жалғасады. Бұл кезеңде Қазақстанның бүгінгі территориясы қалыптасты. Бір кездердегі тәуелсіз Ноғай ордасы мен Сібір хандығының территориясын жас Қазақ хандығы мен Москва хандығы бөліп алды. Қазақ хандығының екінші кезеңі – ХҮІІ ғасырдың басы мен ХІХ ғасырдың басы аралығын қамтиды. Бұл дәуірде Қазақ хандығы қалыптасты. Оның мемлекеттік құрылысы, құқықтық жүйесі, шаруашылығы мен мәдениеті гүлденіп, көшпелі өркениет келесі бір деңгейге көтерілді. Қазақ елін басқарудың жүздік жүйесі қалыптасты, қазақ эногенезі менен қазақ тілі елді мекендеген көшпелі ұлыстардың ортақ игілігіне айналды. Қазақ мәдениетінің негізгі құндылықтары осы кезде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Бұл дәуір Еуропа тарихының жаңа тарих деп аталатын дәуіріменен қабысып жатыр.
ХІХ ғасырдың басында қазақ тарихының келесі дәуірі басталады. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың соңы аралығын алып жатқан уақыт «Қазақ халқының өзінің бостандығы мен ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес» ғасыры болды. Жүз жылға жақын қазақ халқы жоңғар, қытай және орыс басқыншыларына қарсы күресті.
Бұл дәуір екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – қазақ-жоңғар және қазақ-орыс қатынастарының шиеленіскен кезеңі, екінші кезең – 1822 жылдан басталып, 1868 жылы аяқталады. Бұл уақыт аралығында бүкіл қазақ даласы атқа қонып, орыс басқыншыларымен соғысу заманы. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары қазақ әскері жеңіліп, орыс-қазақ соғысы аяқталып, қазақ жері түгелімен ор-ыс империясының құрамына кіруімен аяқталады.
ХІХ ғасырдың аяғында қазақ халқының отаршылдық дә-уірі басталды. Бұл да екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – Ресей им-периясының құрамындағы қазақ елінің басынан өткізген тауқы-меті. Бұл кезең 1917 жылы «қазақ төңкерісінің» жеңісімен аяқ-талды. Екінші кезеңде – қазақ елі формальді түрде тәуелсіз мемлекет атанып, Кеңес одағының құрамына кірді. Алдымен, революциялық комитет аталып, кейіннен автономды облыс, ал 1936 жылы одақтас республиканың дәрежесіне жетті. Тәуелсіз мемлекет атанғанменен де-факто отар елдің күйін кешті. Отаршылдық қанаудың түрі өзгергенмен, мазмұны сол қалпында қалды. Тіпті, патша үкіметі тұсында қалыптасқан қазақ интеллигенциясы, қазақ буржуазиясы, қазақ жұмысшы та-бы кеңестік репрессияның кәріне ұшырады. Бетіне шыққан қай-мағы алынып, іске жарамайтын көк сүті қалды. Біз сол көк сүт-тің ұрпағымыз.
Одан бері оқулық он рет қайта басылды. Жетінші басылы-мы Санкт-Петербург қаласында жарық көрді.( История Казах-стана: Учебник для вузов. 7-е изд. перераб. и доп. – СПБ.: Сол-арт, 2004.-420с.) Әр басылымда кезеңду меселесі толықтырыл-ып,түзетіліп әрі жаңарып отырды.Соңғы жылдары ғалымдар ке-зеңдеу мәселесіне ерекще көңіл бөлуде.2014жылдың маусым айында Мемлекеттік тарих институтында өткен дөңгелек үс-телде біз қазақ тарихын кезеңдеудің төмендегідей нұсқасын ұсындық:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет