Су жолдары Геотарихтың келесі мәселесі су жолдары.Көне өркениеттердің өзен бойында қалыптасуы кездейсоқ жағыдай емес.Әлемдегі ірі өзендер, су жолдары , оны жағалауындағы халықтардың шаруашылығының дамуы-на,көрші елдермен қарым-қатынасын-ың қалыптасуына, тіпті олардың этнос болып ұйысуына әсер еткен фактор. «Сулы жер- нулы жер»- деп қазақ бекер айтпаған.
Қазақстандағы ең үлкен өзен-Сырдың бойында ғасырлар бойы ерекше бір өркениет болғандығын тарихшылар дәлелдеп берді.
Африкадағы Ніл,Азиядағы Ефрат пен Тигр,Америкадағы Амазонка өзендері сол жердегі халықтардың бүкіл тұрмыс-тір-шілігінеәсер етіп, ерекше өркениет қалыптастырды.
Ресей екі ғасыр бойы теңізге шығуға талпынды. Балтық те-ңзіне шығуы, Қара теңізге шығу үшін Түркиямен бірнеше рет соғысуы су жолының Ресейдің геосаяси кредосына айналды.Бү-
гін де Қырымды аннекциялауы сол саясаттың жалғасы. Қара теңізде әскери-сауда флотын ұстау ол елдің ғасырлар бойы арманы.
Теңіз және мұхит жағасында орналасқан мемлекеттер өз флотын, оның ифрақұрылымдарын жоғары деңгейде ұстауға күш салады.Су жолдары мемлекеттің табыс көзі, оның қауыпсіздігі, тәуелсіздігін ұзақ жылдар бойы сақтаудың кепілі.
Географиялық фактор кейде тарихи процесстердіуақытара-лығында қарастырған кезде де пайдаланылады.Орыстың әлеу-меттанушысы Л.Мечников1924 жылы өзінің «Цивилизации и великие реки» деп аталатын еңбегінде әлем тарихын үш үлкен кезеңге бөледі: «көне өзен өркениеті»,»жерорта теңіздік өркен-иет», «мұхиттық өркениет».Біріншісі- көне шығыс өркениетіне ,екіншісі- антика өркениетіне ал үшіншісі-Ұлы географиялық ашулар заманына сәкес келеді.
Тарихи кеңістік структурасы.
Тарихи кеңістікті топтағанда,жіктегенде олардың қандай критериіне көңіл аудару қажет?Белгілі бір кеңістіктегі халықтың немесе мемлекеттің шарушылық ұқсастығы. Діни сенімдері,мәдениет бірлігін ескерген жөн бе?Әлбетте мұның бәрі ескеріледі.Кеңістіктің көше,қала, ауыл-аймақ,провин-ция,аудан, мемлекет,арал, тау, өзен аралығы теңіз жағалауы сияқты алуан түрлері бар.Әр кеңістіктің тарихы, өз дәстүрі бар.
Жоғарда аттары аталған Полетаев және Савельева кеңістік аспектісін негізге ала отырып тарихи зерттеулердің төртнегізгі деңгейлеріне тоқталады.
1.әлем тарихы,
2.Аумақ тарихы (континент,бірнеше мемлекет территориясын қамтитын аймақтар,өркенит тарихы)
3.жеке елдер тарихы
4.Жергілікті тарих(көше,қала, ауыл-аймақ,провинция,аудан,)
Қазіргі тарих ғылымында тарихшылардың басым бөлігі осы дәстүрді ұстанады.