Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
7. 
2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық 
қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария 
етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас 
Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз 
сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі 
өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, 
Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы 
болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының 
«мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын 
қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты 
қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп 
ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: 
СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын 
нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, 
«қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де 
жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық
биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген 
қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың 
қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды 
реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет 
және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен 
конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты. 
Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - Президенттің әлемнің барлық 
халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі 


101 
мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру 
мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің Қазақстанның БҰҰ 
Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше 
мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 
негізгі мемлекеттің қатарына кірді.
Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке 
қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық 
процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен - соғыссыз және халықаралық ядролық 
бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі 
дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық 
бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою 
қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды 
ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым 
салу. 
Елбасы дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді 
шешуге барынша күш салуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет