Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет45/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
3. 
2014 жылғы 15 желтоқсанындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік 
күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 
«Тәуелсіздік толғауын» жариялады. 
«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі 
толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды 
мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп 
«Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды 
жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайқыты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады», 
- дей келе сол толғауын да жариялады. «Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы 
тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 
желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір 
тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен 
мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған 
жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін 
өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, 
болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық 
жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, 
бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады», - деп толғайды Елбасы. Бұдан бөлек, 
Елбасы Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін 
төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет 
еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар 
шешімі екенін де атап өтті. 
 
4. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы 
саяси кеңесінің отырысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа 
экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеген болатын. Елбасы Жолдауының білім 
саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында 
«Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты 


105 
аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, 
келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. 
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім және ғылым 
саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. 
Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп 
қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, 
ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр. 
Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар 
дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі 
тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының 
стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден 
пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады. 
Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-
ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі. 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен 
сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді. 
«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын 
кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, 
индустриялық, 
энергетикалық, 
тұрғын 
үй-коммуналдық 
және 
әлеуметтік 
инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету 
тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ 
Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады. 
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша 
жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын 
арттыру. 
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның 
тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін 
мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді. 
Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуын 
Ұлттық Қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет