Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет44/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
2. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси 
кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін 
қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы 
саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық 
сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан 
Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең 
жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың 
қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде 
Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын 
ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап 
тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі 
ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу 
және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы 
саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты 
салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті 
сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, 
экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе 
әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық 
қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды 
бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық 
әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың 
мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды 
қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі 
болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін 
практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара 
қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. 
Ұлттық сананы өзгерту үшін ұлттық тарихымызды түгендеуіміз қажет. Осы 
мәселені, тарихшылар, әдебиетшілер емес, қазақтың тарих таңдаған перзенті, еліміздің 
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Ол егемендік, тәуелсіздік алған қазақ 
елінің тарихын өзінен бастаған жоқ. Ол 1999 жылы «Тарих толқынында» атты танымдық-
зерделік кітап жазды. «...Мен қазақ болғандықтан, қазақ мемлекеттігінің ғұмыр-шежіресін 
ізге көтерген кезден бастағанның өзінде, қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге 
тиіспін. Бұған қоса бүкіл түркі халықтарының тарихи бесігі - түркі қағанатын естен 
шығаруға болмайды, ал бұл дегеніміз, асау аттай 1500 жыл бұрынғы тарихи кезең...» 
(Н.Назарбаев. Тарих толқынында. А. 1999. 5 б.). Н.Назарбаев осы талғам-таным кітабында 
тарихшылар алдында тұрған келелі, кезеңді міндеттерді айқындап берді. Ол: - Ұлт 
мәдениетінің ұлы тұлғалық-кезеңдік тарих сахнасындағы орнын айғақтау; - Бүгінгі 
таптаурын жолдан шығып, тарихты безбендейтін жол тауып, тәсіл жасау; - Біз кімбіз, 
шұғыл тарихтың жолы бізді қайда апарды және қайда апармақ? - Жойдасыз ауыр міндетті 


104 
тарихшы кемесі жолаушы келер ұрпаққа жеткізуге тиіс; - Тарихқа археологиялық 
зерттеулер тұрғысынан қарамай, өмір тану тұрғысынан қарау керек; - Бүгінгінің тұнығы 
мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығы мен тамырластығын ашу қажет. Қазақ елі 
тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани 
тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз 
өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық 
қатынас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы Қазақстан Республикасының 
ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, 
халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан 
Республикасында 
болған 
жағдайлары 
мен 
өзгерістері 
туралы 
айтады. 
Елбасының Қазақстан жолы» кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де 
жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің 
қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 
жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел 
Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық 
валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген 
тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы 
Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап 
Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың 
Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп 
сенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет