74
маңызды экономикалық, саяси, әлеуметтік жақтары өзгереді. Халықтың өсіп-өнуі оның
өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің
ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін
ауыстыруы маңызды мәселе болды.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады.
Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында
адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.Көші–
қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық
дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап
етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Көші-қон
бойынша халықаралық ұйымның мәліметтеріне сәйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-
қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған.
Достарыңызбен бөлісу: