Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)

 
2. 
Қазақтардың 
Дүниежүзілік 
құрылтайы - Дүниежүзі 
қазақтарының 
қауымдастығының ең жоғарғы органы. 
Дүние  Жүзі  Қазақтарының  Құрылтайы - Алматы  қаласында 1992  жылы  28 
қыркүйек  пен  4  қазан  аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің  қатысуымен  өткен 
құрылтай.  Құрылтай  қарсаңында  қазақ  ұлтының  саны  10  млн.  537  мыңға  жеткен.  Дүние 
Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден 
делегаттар  қатынасты.  Құрылтайға  қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты 
еліміздің  ежелгі  саяси-әлеуметтік,  мәдени  орталықтарында  болып, ата жұртымен 
қауышты. 
Құрылтай 
жұмысын 
200-ден 
астам 
журналистер, 
50-ден 
аса 
телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына 
қатысушылар 
Қазақстан 
халқына 
және 
дүние 
жүзінің 
басқа 
да халықтарына, мемлекеттеріне,  олардың  үкіметтеріне  Үндеу  қабылдады.  Құрылтай 
күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып 
өтті. 
Конференцияда 
Қазақстан 
Республикасының 
Тұңғыш 
Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз  бауырларға  айқара  ашық”  деген  тақырыпта 
баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі 
қазақтарды  біртұтас  ұлттық мемлекетіне біріктірудің  құқықтық  негіздері,  т.б.  мәселелер 
жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы 
құрылып,  оның  төрағасы  болып  Н.Назарбаев  сайланды.  Бұл  орталыққа  ұлт  өмірін  жан-
жақты  зерттеп,  қазақтардың  әлеуметтік-экономика,  мәдени,  рухани  тыныс-тіршілігіндегі 
мәселелерді  шешу  міндеттері  жүктелді.  Құрылтай  шет елде жүрген  қазақтарға  олардың 
артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік 
құрылтайы Алматыда өткізілді. 
Құрылтайға 
алыс 
және 
жақын 
шет 
мемлекеттерден,соныңішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Ау
стрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. 
Құрылтай күн  тәртібіндегі  (Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығын құру,  оның 
жарғысын  қабылдау,  басшы  органдарын  сайлау  мәселелерді)  талқылады.Қазақстан 
Республикасының 
Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаевты Дүниежүзі 
қазақтары 
қауымдастығының 
төрағасы 
етіп 
сайлау 
туралы 
ұсыныс 
бірауыздан 
қабылданды. Қазақстан  жазушылар  одағы басқармасының  бірінші  хатшысы Қалдарбек 
Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды.  
2002 жылы  келесі,  2-нші  құрылтай Түркістанда өтті.Құрылтайға алыс  және  жақын 
32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы 
ІІ-ші  рет,  2002  жылдың  күзінде  Түркістан  қаласында  өткен  құрылтайда  тарихи  отанына 
оралуды  аңсап  жүрген  қандастарымыздың  қатарының  толығуы  жайында  сөз  болды. 
Түркістан  көптеген  тарихи  кезеңдерді  басынан  өткерген  қала  болғаннан  кейін  әдейі 
таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500  жылдығы аталған. Құрылтайға 
алыс  және  жақын  32  шет  мемлекеттерден  400-ден  астам  өкіл  қатысты.  Бұл  құрылтайда 
оралмандардың  елге  оралу  мәселесі  қаралып,  көші-қон  квотасының  мөлшерін  ұлғайту 


75 
 
жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 
15  мың  отбасы  елге  көшіп  келді,  жылына  50-60  мың  оралман  оралады.  1992  жылғы  14 
желтоқсанда  Алматыда  Қазақстан  халықтарының  тұңғыш  форумы  өткізілді.  Форумда 
негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм 
мен  тату  көршілік  қатынас  жағдайлары  талқыланды.  2.  Президенттің  Бейбітшілік  пен 
рухани  татулық  сыйлығы  алғаш  рет  академик  М.  Сүлейменовке,  халық  жазушысы  Д. 
Снегинге,  жазушы,  аудармашы  Г.  Бельгерге  тапсырылды.  1993  жылы  17  желтоқсанда 
Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың 
өзінде-ақ  Қазақстанға  Монғолиядан,  Түркиядан,  Ираннан  және  ТМД  елдерінен  7,5  мың 
қазақ отбасы көшіп келді. 
2005 жылы 
27-28 
қыркүйекте 
Қазақтардың 
3-нші 
Дүниежүзілік 
құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға  алыс  және  жақын  32  шет  мемлекеттерден, 
соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Синга
пурдан, Мысырдан,  300-ден  аса  өкіл,  сондай-ақ Қазақстанның барлық  облыстары 
мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. 
Құрылтайда  шетелде  тұратын қазақ  шетжұрты өкілдерін  Қазақстанның жоғарғы 
оқу  орындарында оқыту  үшін  жағдай  жасау,  сондай-ақ  тарихи  отанына  инвестициялар 
орналастыру  мүмкіндіктері  секілді  мәселелер  талқыланды.Бизнес  байланысын  нығайту, 
қазақ  шетжұрты  республиканың экономикасы туралы  толығырақ  ақпарат  алуына  ықпал 
ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-
қатынас секілді мәселелер қаралды. 
«Нұрлы  көш»  -  мемлекеттік  бағдарламасының  басты  мақсаты  –  ресми  тілмен 
айтқанда  этникалық  көшіп  келушілерді,  жылы  шырай  беріп  айтсақ  шеттегі 
қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген 
Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды 
қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.  
Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық 
санының  аз  болуы  -  бұл  әлсіз ішкі  нарық,  яғни сыртқы  нарыққа тәуелділік,  сондай-ақ 
жұмыс  қолының  жетіспеуі,  соған  байланысты  қажетті  аймақтардың  игерілмеуі,  сонымен 
бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, 
негізгі  мәселелерінің  бірі.  Қазақстан  халқының  саны  бойынша орташа  мемлекеттер 
қатарына  жатады.  Халық  саны  жөніндегі  толық  мәліметтерді халық  санағы береді. 
Мемлекет  оны  белгілі  бір  уақыт  аралығында  жүргізіп  отырады  (біздің  елімізде  10  жыл 
сайын).  Әр  санақ  аралықтарында  қорытынды  есеп  беріліп  отырады.  Алғашқы  жалпы 
халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз 
аралығында  өтті.  Бұл  уақыттың  ішінде  Қазақстан  халқы  4  есе  өсті.Бірақ 
оның динамикасы біркелкі  болған  жоқ,  жылдам  есу  айтарлықтай  төмендеумен  алмасып 
келіп отырды. 
Елдің,  аймақтың,  елді  мекеннің  халкының  саны  екі  түрлі  себептерге  (факторға) 
байланысты.  Бірінші  фактор  -  туу  мен  өлудін,  нәтижесінде  ұрпақ,  ауысуы  немесе 
халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы 
(келу мен  кету), оны халықтың  механикалық қозғалысы (көші-қон) деп  атайды. Туу  мен 
көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады. 
Әлеуметтік  құрылым  қоғамды  жекелеген,  бір  немесе  бірнеше  белгілер  белгілер 
негізінде  біріккен  қабаттарға,  топтарға  объективті  бөлуді  білдіреді.  Бұл  –  элементтердің 
әлеуметтік  жүйедегі  тұрақты  байланысы.  Әлеуметтік  құрылымның  негізгі  элементтері 
болып  әлеуметтік  қауымдастықтар  (таптар,  ұлттар,  кәсіпкерлік,  демографиялық, 
территориялық, саяси топтар) табылады. 
  
3.  Этносаралық  және  конфессияаралық  келісімді,  азаматтық  бірлікті  қамтамасыз 
ету Қазақстан  дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының  маңызды 
шарты болып табылады. 


76 
 
Ел  бірлігі  доктринасы  (бұдан  әрі  -  Доктрина)  2008  жылғы  23  қазанда  өткен 
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті 
берген  тапсырмаларды  жүзеге  асыру  мақсатында  әзірленді.  Доктрина  Конституцияның, 
«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Заңның  және  өзге  де  нормативтік-  құқықтық 
актілердің  ережелеріне,  сонымен  қатар,  аталған  саладағы  халықаралық  құқық 
нормаларына  негізделген.  Доктринада  ұлттық  саясаттың  мақсаттары,  міндеттері, 
ұстанымдары,  сондай-ақ  оны  іске  асырудың  негізгі  бағыттары  баяндалған.  Доктрина 
қоғамды  әрі  қарай  ұйыстыруға  қолайлы  шарттарды  қалыптастыруға  бағытталған 
бағдарламаларды,  заңнамалық  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлеуге 
негіз болып табылады. 
 10  беттен  тұратын  «Ел  бірлігі»  доктринасында  3  тарау  бар.  Олар  «Бір  ел  –  бір 
тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» деп аталады.Қазақстанның Ел 
бірлігі доктринасы – ел болу, бірегей қоғам қалыптастыру деген сөз. Тәуелсіздік жылдары 
мемлекет  іргесі  бекіді,  қоғамның  демократия  негіздері,  азаматтық  қоғам  институттары 
сияқты маңызды  күретамырлары қалыптасты. Қазақстан Конституциясы, Қазақстан-2030 
даму  стратегиясы,  бірқатар  концепциялық  құжаттар  мен  стратегиялық  бағыттар, 
Ассамблея  туралы  заң  елдің  болашаққа  бастар  жолын  айқындады.  Осы  бағытта  әлемдік 
қауымдастық тарапынан мойындалған, этностық ерекшелігіне қарамастан, сүттей ұйыған 
барша  азаматтарды  қазақ  халқының  төңірегіне  ұйыстыра  отырып,  ел  бірлігін  әрі  қарай 
дамытатын құжат қабылдау – заңды құбылыс. 
Доктрина  қазақ  мемлекеттілігі  мен  дәстүрінің  ғасырлар  бойы  жинақталған 
тәжірибесіне  негізделеді.  Аталған  құжат  әрбір  қазақстандықтың  жүрегіне  жақын  халық 
мұраты,  терең  әлеуметтік  философиялық  және  патриоттық  мағынадағы  «Ел  бірлігі» 
ұғымынан  бастау  алады.  Соныме  қатар,  мәдениеттер  мен  өркениеттер  тоғысында 
орналасқан  халықтың  қонақжайлылық  пен  сыйластық  қасиеттері  аталған  ұғымның  берік 
орнығуына негіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет