5. Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына
арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру
қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған
бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық
қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік
тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды
дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы
нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды
күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Төрағалық
ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра
отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес
қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни
ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық
құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық
келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім,
келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе
жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал
етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі
әлем назарын аударып отыр.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде,
Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда
таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы
Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс
принципімен
толық
сәйкес
келеді
деп
атап
өткен
болатын.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі
жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне
айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер
мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.