Лекция Төртбұрыштар тақырыбын оқыту. Жоспары



бет3/8
Дата18.06.2022
өлшемі261,5 Kb.
#37027
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Параллелограмм. Параллелограмм ұғымымен және оның сәйкес терминімен оқушылар бірінші рет кездесіп отыр. Сондықтан праллелограмм ұғымын енгізуге мақсатты дайындық жүргізіледі.
Тақтаға сызылған немесе интерактив тақтада бейнеленген дөңес төртбұрыштар көрсетіледі. Ол төртбұрыштардың ішінде параллель қабырғалары жоқ, екі параллель қабырғасы бар (трапеция), екі жұп параллель қабырғалары бар (параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат) болуы керек. Оларды параллель қабырғалары жоқ, параллель қабырғалары бар деп екі топқа бөледі. Параллель қабырғалары бар төртбұрыштардың өзі екі жікке бөлінеді: екі ғана параллель қабырғалары бар және екі жұп параллель қабырғалары бар. Мұғалім екі жұп параллель қабырғалары немесе қабырғалары қос-қостан параллель төртбұрыштарды параллелограмм деп айтынын айтады.
Паллелогрмның дербес түрлері тіктөртбұрыш, квадрат, ромб параллелограмм ұғымының құрамында көрсетілуі оның көлемі туралы дұрыс көзқарас қалыптасуына септігін тигізеді.
Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар сынып бөлмесінің ішінен параллелограммды тауып көрсетеді. Одан кейін оқушыларға параллелепипед пен призма моделін көрсетіп, оларға осы моделдердегі параллелограмдарды табуды ұсынуға болады.
Енді параллелограмм ұғымының анықтамасын тұжырымдалады.
Анықтама. Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Кейін оқушылар сызғыш немесен үшбұрышты сызғышты пайдалана отырып, параллелограмм сызады да, оның төбелерін әріптермен белгілейді. Параллелограмның екі параллель қабырғалары - табандары, ал қалған екеуі – бүйір қабырғалары деп аталады. Параллелограмның параллель қабырғаларының кез келген жұбын оның табаны ретінде қабылдауға болады.
Параллелограмм анықтамасын енгізуде оқушылардың басты назарын анықтаманың мағынасына аударылады. Басқаша айтқанда, «АВСD - параллелограмм», делінсе, анықтамадан шығатын оның қаситіне сәйкес параллель қабырғаларды анықтай алуы керек: АВ||CD, ВС||АD және оларды есеп шығару кезінде пайдалануы тиіс. Бұл дағдыны қалыптастыру бүкіл тақырыпты оқып-үйрену үдерісінде өтеді.
Әдеттегідей, анықтаманы енгізгенде оқушылардың назарын барлық төртбұрыштардың ішінен параллелограмды айқындауға мүмкіндік беретін белгіге, яғни төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының параллель болу керектігіне аудару қажет.
Параллелограмның анықтамасын бекіту үшін оқушыларға дайын сызбалар бойынша төменде келтірілген ауызша есептерді ұсынуға болады.
Алғашқы екі есеп, параллелограмм анықтамасына келтіре білу (паралелограмм бұл: 1) төртбұрыш; 2) екі қабырғасы параллель және де 3) екі қабырғасы параллель болуы) дағдысын қалыптастыруға, үшінші алдымен анықтамадан салдар шығаруға, одан кейін анықтамадағы параллелограмның белгісіне сәйкес оны тани білуге, ал төртіншісі параллелограммның анықтамасынан салдар шығара (қолдана) білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
1. а және b түзулерінің c және d түзулерімен қиылысуы нәтижесінде төртбұрыш пайда болады. Егер: a) a||b, cd ; b) a||b; c||d; c)ab; cd (6.2-сурет) болса, ABCD төртбұрыш параллелограмм болатынын, болмайтынын анықтаңыздар.

a

D C
A D

6.2-сурет 6.3-сурет


2. АВС үшбұрышында АВ және СD қабырғаларына параллель DG және FG түзулері жүргізілген. AFGD төртбұрышының (6.3-сурет) түрін анықтаңыздар.
3. АВСD параллелограмының АВ қабырғасына параллель FG түзуі жүргізілген. ABFG төртбұрышының түрін анықтаңыздар (6.4-сурет).
4. АВСD параллелограмының А төбесінен шығып, ВС қабырғасын F нүктесінде қиятын биссектриса жүргізілген. ABF үшбұрышының тең бүйірлі болатынын дәлелдеңіздер (6.5-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет