Лекция Төртбұрыштар тақырыбын оқыту. Жоспары


Параллелограммның қасиеттері



бет4/8
Дата18.06.2022
өлшемі261,5 Kb.
#37027
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
14-Лек. Төртбұрыштар тақырыбын оқыту

Параллелограммның қасиеттері. Параллелограмның қасиеттерін тұжырымдау және оны дәлелдеу үшін оқушыларға жасампаздық тапсырма беріледі:

  • Параллелграмның қарама-қарсы қабырғалары туралы не айтуға болады? Теорема тұжырымда.

  • Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары туралы қандай қорытындыға келуге болады? Оны теорема түрінде тұжарымдап айт.

  • Бір қабырғасына іргелес бұрыштары туралы не айтуға болады? Оны теорема түрінде тұжарымда.

  • Параллелограмның диагоналдарының қиылысу нүктелері туралы не айтуға болады?

Талқылау нәтижесіне парллелограмның мынадай қасиеттері белгілі болады.

  1. Параллаелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

  2. Паралелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.

  3. Параллелограмның диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.

  4. Паралелограмның кез келген бір қабырғасына іргелес екі бұрышының қосындысы 1800 .

Параллелограмның қасиеттері тақтада және оқушы дәптерлерінде төмендегідей өрнектеледі:
ABCD – паралелограмм болса,

  1. AB=CD, AB||CD (6.6,а-сурет);

  2. AB=CD, AD=BC (6.6,а-сурет);

  3. (6.6,ә-сурет);

  4. AO=OC, BO=OD (6.6,б-сурет);

  5. (6.6,ә-сурет).

B C B C B C


O

A D A D A D


а ә б
6.6- сурет

Параллелограмның бұл қасиеттерін сыныпта талқылағаннан кейін, біреуін дәлелдеп, қалғандарын үйде дәлелдеп келуді ұсынуға болады. Немесе сынып оқушылары төрт топқа бөлініп әрбір топ бір тапсырмадан орындайды, әрбір топ өздрінің дәлелдемелерін ұсынады.


Геометрия оқулықтарында параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең және қарама-қарсы бұрыштары тең деген екі қасиетті біріктіріп бір теорема түрінде тұжырымдап, бірге дәлелдеу қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет