Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары



бет17/109
Дата16.10.2022
өлшемі344,98 Kb.
#43446
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция (1)

Лекция мәтіні:
1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - «жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам - индивид.
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Тəрбиенiң негiзгi мақсаты жеке адамды қалыптастыру жəне оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл мiндеттердiң табысты шешiмiн беру жеке адамның дамуы қалай өтетiнiн жəне оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететiнiн бiлумен байланысты.
Адам баласы тұлға ретiнде өмiр сүру барысында өзiнiң қоғамдық мəнiн
сипаттайтын көптеген əлеуметтiк сапалар мен қасиеттердi қалыптастырады əрi дамытады. Мiне осыдан, ол ғылымда биоəлеуметтiк тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесi деп танылады. Демек, ''адам'' түсiнiгi осыдан биологиялық жəне əлеуметтiк (қоғамдық), сапа мен қасиеттердiң бiрлiгiн бiлдiредi.
Ал ''жеке адам'' түсiнiгiн алатын болсақ, ол тек қана əлеуметтiк сапа мен қасиеттердi игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тiршiлiк иесi сипатында көрiнiп, тiл игеруi, санасы, əртүрлi əдеттерiмен ерекшеленедi. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тiкелей байланысты. Сонымен ''жеке адам'' дегенiмiз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмiр барысында өзiне топтаған əлеуметтiк сапалар мен қасиеттер жиынтығын бiлдiредi.
Жеке адамдық сапалар өмiр барысында қалыптасқандықтан, олар бiреулерде айқын көрiнiп, басқаларда күңгiрттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дəреже деңгейiн қалай бiлемiз жəне оның өлшемдерi қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсiз.
Даралық бiр адамның екiншiсiне ұқсамайтын, өзiндiк ерекшелiгi мен өзгешелiгiн сипаттайды. Даралық, əдетте, мiнез бен темпераменттiң айрықша бiтiстерi (салмақты, сабырлы), шығармашылық iс-əрекет жəне қабiлетiнiң ерекшелiктерiнiң (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзiндiк көрiнiстерiмен бөлектенедi. Аталғандар сияқты мұғалiмнiң де даралық белгiлерi оның терең бiлiмдарлығында, педагогикалық ой-өрiсiнде, балаларға жайлылығы мен еңбектегi жасампаздығында танылуы мүмкiн. Даралық түсiнiгi бiр адамды екiншiден айырып, оған өзiндiк қайталанбас сəн беретiн жалпылық жəне жалқылық қасиеттердi бiлдiредi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет