Тақырыбы: Қазақстанның су ресурстарын басқарудағы экологиялық проблемалар
Қарастырылатын сурақтар:
Су объектілерін ұтымды және кешенді пайдалану
Қазақстанның макроөңірі минералдық-шикізат, отын ресурстарының ірі кен орындарының болуымен және де су тапшылығымен сипатталады. Сондықтан макроөңір шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдірудің маңызды бағыты – су шаруашылығы проблемаларын шешу болып табылады.
Су шаруашылығы проблемаларын ағынды реттеу, оны аумақтық қайта бөлу жолымен шешу өз кезегінде күрделі техникалық,экономикалық және әлеуметтік ғана емес, сонымен қатар экологиялық проблемаларды да, адамзатты сумен қамтамасыз ету, су проблемасы, су объектілерін ұтымды және кешенді пайдалану ( суды қарапайым үнемдеуді қоса алғанда), оларды ластанудан қорғау және табиғатта судың айналысын басқарудың ғылыми негіздемесі жағдайында ғана шешілуі мүмкін екендігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда маңызды проблемалар ықтимал экологиялық салдарларды ескерместен, оқшауланып шешіле алмайды және бұл ең алдымен республиканың ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеу кезінде түсінікті болады. Себебі, тұщы су ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың маңызды мәселелері – өсімдік және жануарлар дүниесін, энергетикалық, Жер ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және басты "ресурс" - табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің өзара байланысқан проблемаларының ажырамас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |