Лекциялар жиынтығЫ 6В08601- «Су ресурстары және оны пайдалану»


Тақырыбы: Бассейндік қағида бойынша су ресурстарын басқару



бет47/49
Дата31.12.2021
өлшемі4,83 Mb.
#23706
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Су ресурстарын басқару ДӘРІСТЕР

Тақырыбы: Бассейндік қағида бойынша су ресурстарын басқару
Қарастырылатын сурақтар:

1. Қазақстанның негізгі бассейндерінің сипаттамасы

2. Бассейндік қағида бойынша су ресурстарын басқару

3. Басқару органдарының құзыреті

4. Бассейндік кеңестерді құру, құрылымы және қызметі.
Су ресурстарын бассейндік қағида бойынша басқару ұтымды су тұтынудың негізі болып табылады, ұзақ мерзімді, оң экономикалық әсер алу, ақылға қонымды, әділ және экологиялық орнықты су пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Аталған тақырып Қазақстанның негізгі бассейндерімен, олардың ерекшеліктерімен, қорларымен, әртүрлі қажеттіліктер үшін олардың суларын пайдаланумен, су ресурстарын басқару деңгейімен, бассейндік қағида бойынша басқару ерекшеліктерімен, әртүрлі басқару құрылымдарының қызметімен, Бассейндік Кеңестердің құзыреттілігімен, Бассейндік Кеңестерді құру процесімен, Бассейндік Кеңестердің қызметінің нәтижелерімен, су ресурстарын басқарудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлімен таныстырады.



Еліміздің аумағы шартты түрде 8 сушаруашылық бассейндеріне бөлінген: 1. Арал – Сырдария, 2. Балхаш – Алакөл, 3. Ертіс, 4. Есіл, 5. Нұра – Сарысу, 6. Тобыл – Торғай, 7. Орал – Каспий, 8. Шу – Талас.


Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мына принциптерге негізделеді:

  • су қорын пайдалану мен қорғау және су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

  • суды ұқыпты, ұтымды және кешенді пайдалану және қорғау үйлесімін тұрақты су пайдалану;

  • су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау;

  • бассейндік басқару;

  • су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларына бөлу.


ҚР Үкіметінің құзыреті (36 бап ВК.):

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;;

2) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;;

3) мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;;

4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекітеді;;

5) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін бекітеді;

6) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекітеді;

7) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындайды;

8) Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды;

9) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын айқындайды;

10) облыстар арасындағы су қатынастарын реттеу қағидаларын бекітеді;;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
Су ресурстары жөніндегі комитеттің құзыреті:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;;

2) экономиканың су секторын дамыту бағдарламаларын әзірлейді;

3) республика бойынша жалпы негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзірлейді;

4) экономика салаларында суды тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;

5) ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызмет түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруді, оның қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады;

7) Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін бекітеді;

8) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;;

9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

11) суды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

12) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғаларының қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

13) Республикалық меншіктегі су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін,сондай-ақ тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекітеді;

14) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми‐зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; 15) Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау‐беру жөніндегі жұмысқа қатысады, Су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстар өндірісінің жобаларын үйымдастырады.;

16) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының Су заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

18) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

20) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

22) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;

23) Су шаруашылығы баланстарын әзірлейді;

24) Мемлекеттік мамандандырылған мекемелердің мониторингі мен суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды жүргізуін ұйымдастырады;



25) суды бастапқы есепке алу қағидаларын бекітеді. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет