Лекциялар жиынтығЫ 6В08601- «Су ресурстары және оны пайдалану»



бет41/49
Дата31.12.2021
өлшемі4,83 Mb.
#23706
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Ұлттық су комитеті (Comité national de l ' eau), әр түрлі ортақ иеленушілерден (оған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық сыныптардың өкілдері, сондай-ақ билік өкілдері кіреді), мемлекеттік деңгейдегі және жалпы мәселелердегі негізгі жобалар бойынша консультациялық қызметтерді атқарады. Стратегиялық шешімдерді, заң жобаларын, қаулыларды дайындау кезінде ұлттық Су комитетімен консультациялар жүргізіледі.

Барлық мүдделі тараптардың өкілдерін қамтитын Бассейндік комитеттерге бассейнді дамыту саясатын айқындау және су пайдалану үшін төлемдер белгілеу құқығы берілген. Бассейн комитеті Су ресурстарын жоспарлау және басқару жөніндегі негіздемелік бағдарламаны әзірлейді, онда су бассейнін басқарудың негізгі стратегиясы мен мақсаттары беріледі. Сонымен қатар, 6 бассейндік Комитет тиісінше өзен бассейндері үшін су схемасын белгілейді.

Бассейндік агенттіктер экономикалық ынталандыру (төлемдер мен субсидиялар) тұтқаларын пайдалана отырып, өзін-өзі қаржыландыру шарттарында бассейндік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін атқарушы мемлекеттік қаржы-техникалық органдар болып табылады. Экономикалық құралдардың маңызы зор. Оларды екі мақсатта пайдаланады: пайдаланушылардың шеккен шығындарын өтеу және экономикалық ынталандырулар жасау, оның ішінде су ресурстарын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау жолымен. Осы екі құралды Францияның ірі өзендерінің бассейндерін бақылайтын су агенттіктері қолданады. Олардың тарапынан субсидия көлемі жылына €2 млрд. сомадан астам қаражатты құрайды. Бұл қаражат суға төгілген ластанғыш үшін айыппұл сомасынан және пайдаланушылар тұтынатын су үшін төлемнен алынады.

Бассейн жергілікті пайдаланушылардың өкілдерінен тұратын жергілікті су комиссияларына есеп беретін учаскелерге бөлінеді. Әрбір комиссия суды пайдалану бойынша нақты міндеттер қойылатын өзінің су ресурстарын жоспарлау және басқару бағдарламасын әзірлейді. Жалпы алғанда, түрлі су пайдаланушылардың қабылданған шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға қатысуы өте маңызды болып табылады. Бұл олардың ашықтығына, мүдделі тараптар үшін түсініктілігіне, ал ең бастысы – олардың тиімді орындалуына кепілдік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет