Физикалық заңдар. Барлық құбылыстар мен үрдістер өзара белгілі бір себеп-салдарлық байланыста болады. Бақылаулар мен тәжірибелер негізінде оқымыстылар әртүрлі шамалардың өзгерулері арасындағы заңды және белгілі бір себептік өзара байланыстарды анықтайды.
Физикалық шамалар және оларды өлшеу.Физикалық шамалар өзгерістерін қашанда өлшеулер арқылы, сандық жолмен анықтауды қажет ететін дене қасиеттері мен үрдіс сипаттамаларын ашып береді, яғни берілген шаманы бір бірлікке баланған тура сол тектес белгілі бір шамамен салыстыру арқылы анықтайды.
Физикалық шамалардың бірліктер жүйесі.Негізгі және туынды бірліктер. Физикалық шаманың өлшемділігі. Негізгі бірліктерді таңдау. Негізгі
бірліктердің саны. Бірліктер жүйесін таңдаудың шарттылығы. Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ). Уақыт бірлігі – секунд. Ұзындық бірлігі – метр. Масса бірлігі – килограмм. Ондық еселік және үлестік бірліктер.
Материя қозғалысының формалары әртүрлі: механикалық, электромагниттік, жылулық, және басқалары. Материя қозғалысының ең қарапайым түрі болып қозғалыстың механикалық формасы саналады: әртүрлі денелердің бір біріне салыстырмалы түрде орын ауыстыруы және дене формасының өзгеруі.
Механикалық қозғалыс. Материялық нүкте. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Материялық нүкте – деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады. Материялық нүкте - бұл абстрактілі ұғым, оны енгізу көптеген физикалық құбылыстарды оңайлатады. Мысалы, орбита бойымен Күнді айнала қозғалып жүрген планеталарды материялық нүкте ретінде қарастыруға болады. Себебі планеталардың бір-бірінен немесе Күннен ара қашықтығы өзінің өлшемінен бірнеше есе аз.
Қозғалыстағы дене уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатысты өзінің орнын өзгертіп отырады. Сондықтан да материялық нүкте қозғалысын сипаттау үшін, осы нүктенің кеңістіктегі орнын және уақыт өтуіне қарай оның қалай өзгертетінін білуіміз керек.
Қарастырылып отырған материялық нүктенің орны алдын-ала таңдап алынған қандай да бір басқа денеге қатысты анықталады. Ол дене санақ денесі деп аталады. Бірақ, оның да қозғалыста болуы әбден мүмкін. Сондықтан да қозғалыс алдын-ала таңдап алынған қандай да бір денеге қатысты қарастырылады. Осылай таңдап алынған дене шартты түрде қозғалмайтын болып есептеледі де, ал онымен байланысып тұрған х1, у1 және z1 координаталар жүйесі материялық нүктенің орнын анықтайтын санақ жүйесі деп аталады. А нүктесінің кеңістіктегі орны (декарттық координаталар жүйесінде) санақ басынан берілген нүктеге дейін жүргізілген r радиус- векторымен немесе осы вектордың х1, у1 және z1 осьтеріндегі проекциялары арқылы анықталады. (суретті қара).
Қозғалыстағы материялық нүктенің координаталары уақыт өтуіне байланысты өзгеріп отырады.
Жалпы оның қозғалысы
r r (t) . векторлық теңдеуіне эквивалентті мынадай
х = х(t), y = y(t), z = z(t),
үш скаляр теңдеулер арқылы анықталады.
Нүктенің кеңістіктегі орнын толық анықтайтын тәуелсіз координаталар саны еркіндік дәрежесінің саны деп аталады. Егер материялық нүкте кеңістікте еркін қозғалатын болса, онда оның еркіндік дәрежесінің саны үшке тең, өйткені оның орны үш координатамен х, у, z анықталады. Ал егер қандай да бір жазықтықта қозғалса, онда екі еркіндік дәрежесіне, түзу сызық бойымен қозғалса бір еркіндік дәрежесіне ие бола алады. Қозғалыс теңдеулеріндегі t уақытты алып тастасақ, онда материялық нүкте қозғалысының траекториясының теңдеуін аламыз.