3-лекция Математикалық өрнектерді түрлендіру. 1.Орта мектепте теңбе-тең түрлендіруді оқыту
2.Теңбе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру ұғымын енгізу.
3. Математикалық өрнек .Рационал, иррационал өрнектер.
4.Өрнектің мүмкін мәндер облысы.Теңбе-теңдік. Тебе-тең түрлендіру.
5.Бөлшек рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру
6. Иррационал өрнектерді теңбе-тең түрлендiру кезiнде мектеп оқушыларының жiберетiн қателер.
7. Теңбе-теңдіктерді дәлелдеу.
Әдебиеттер: 1. Рахымбек Д. Арифметика, алгебра, анализ бастамаларын оқыту әдістемесі. /Оқулық/ - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы 2016. – 432 б
2. Рахымбек Д. Мектепте сандық жүйені оқыту әдістемесі: Оқу құралы. /Д. Рахымбек. – Шымкент: ОҚМПУ, 2020. - 98 бет.
3. Елубаев С. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы; Эверо, 2016
4. Мектеп оқулықтары
5. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар
1.Орта мектепте теңбе-тең түрлендіруді оқыту Мектептегі математика курсында теңбе-тең түрлендірудің алатын орны ерекше. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешкенде, функцияны зерттегенде, формуланы қорытқанда, теореманы дәлелдегенде және басқа да көптеген жағдайларда теңбе-тең түрлендіру орындалады. Айта кететін бір жайт, теңбе-тең түрлендіру, бірінші сыныптан бастап үзбей оқытылатын мектеп математика курсының мазмұнды-әдістемелік желілерінің бірі.
Әдетте, әрбiр математикалық есептi аналитикалық тәсiлмен шығару қандай да бiр теңбе-тең түрлендiрудi орындауды қажет етедi. Теңбе-тең түрлендiрулер алгебра мен математикалық анализ курсы бастамаларының өн бойында оқытылады.
Математикалық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру мәдениетін қалыптастыру орта мектептегі ең өзекті мәселелердің бірі. Оқушы математикалық өрнектерді дұрыс түрлендірулер жүргізу нәтижесінде