Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi


-6 сыныптарда геометрия элементтерін оқыту



бет97/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

5-6 сыныптарда геометрия элементтерін оқыту. Геометриялық материалдарды 5-6 сыныптарда оқыту, 1-4 сыныптардағы математиканың логикалық жалғасы болып табылады.
Бастауыш сыныптарда оқушылар қарапайым шамаларды өлшейді және оларға амалдар қолданады. Шамалар арасындағы қарапайым байланыстарды қарастырады, оларды мәтінді есептерде пайдаланады. Геометриялық бейнелерді, олардың суреттері, модельдері арқылы ажыратуға, қарапайым сызба құралдарымен (сызғыш, циркуль) жұмыс істеуге дағдыланады.
Бастауыш сынып оқушыларының фигура, жазықтық, түзу, шеңбер сияқты геометриялық түсініктері болады. Геометриялық ұғымдарға анықтама беру арнайы қойылмағанымен, оқушылар ұғымдардың анаықтамасы туралы алғашқы түсінік ала бастайды (тіктөтбұрыш, квадрат, периметр т.б.анықтамасы).
5-6 сыныптарда геометриялық материалды оқыту, бастауыш сыныптардағы сияқты, математиканың бүкіл курсы бойынша бөлінген. Ол геометрияның жүйелі курсын оқудың дайындық сатысы болып есептелінеді (кейбір әдістемелік әдебиеттерде бұл курсты көрнекі геометрия деп те атап жүр). Мұнда негізінен келесі мәселелер шешілуге тиісті:
1.Геометриялық ұғымдарды және олардың қасиеттерін бақылау және эксперимент нәтижесінде енгізу (индуктивті әдіс).
2. Оқушыларды қарапайым дедуктивтік пайымдаулармен таныстыру.
3.Негізгі геометриялық аспаптар – сызғыш, циркуль, транспортир, тікбұрышты үшбұрыш көмегімен қарапайым салуларды орындау біліктіктері мен дағдыларын қалыптастыру.
4. Оқушыларды мектептегі кейбір сыбайлас пәндерді (сызу, география, еңбек) меңгеруге дайындау.
5. Оқушыларды геометрияның жүйелі курсында пайдаланатын терминология және символикамен таныстыру.
6. Геометриялық шамаларды өлшеу біліктіліктерін жетілдіру.
7.Оқушылардың логикалық ойлауын, кеңістік түсінігін дамыту, творчествалық белсенділігін арттыру.
5-6 сыныптарда геометриялық материалдар 7-9 сыныптардағы жүйелі геометрия курсының мазмұнымен мағыналық байланыста оқытылады, яғни:

  1. түзу, кесінді, бұрыш т.б. фигуралардың қасиеттері нақтылана және тереңдетіле түседі;

  2. жаңа геометриялық фигуралар – параллель түзулер, перпендикуляр түзулер және т.б ұғымдар қарастырылады;

  3. кейбір геометриялық түрлендірулер (өстік және центірлік симметрия) таныстыру оқушылардың геометриялық түрлендіру идеясын түсінуге мүмкіндік береді.

4) ұзындық, аудан, көлем, бұрыштың градиустық өлшемі сияқты шамалар мен сәйкес фигуралардың ара жігі айқындалады. Мысалға, кесінді және кесінді ұзындығы, бұрыш және бұрыштың градустық өлшемі;
5) координаттық түзу және координаттық жазықтықпен танысу координаттық әдісті геометрияның жүйелі курсының кейбір тарауларын оқуда пайдаланудың негізін қалайды:
6) геометриялық салуларды орындау біліктіліктері (параллель және перпендикуляр түзулер жүргізіу, өстік, центрлік симметриялы фигуралар салу т.б.) қалыптасады.
7) Негізгі геометриялық ұғымдармен, аксиомалар мен теоремалар болатын қарапайым математикалық фактілермен таныстыру, дәлелдемелер болып есептелінетін алғашқы логикалық негіздеулерді жүргізу – мұның бәрі геометрияның логикалық құрылымын ашуға дайындық болады
Бұл талаптарды іске асыруда есептің жетекші орын алатынын ескеріледі:

  1. Есеп жаңа геометриялық материал туындауының негізін қалайды.

  2. Есеп сол геометриялық материалды оқып-үйрену, танып-білу және бекіту құралы.

  3. Есеп алынған жаңа білім мен дағдыларды қолданылатын обьект болуы керек.

Сонымен геометрияның дайындық курсы, яғни 5-6 сыныптарда геометриялық материалдарды оқыту 7-9 сыныптардағы планиметрияның жүйелі курсымен мазмұны жағынан да, идеялық бағыттылығы жағынан да өзара байланыста болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет