Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет105/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Теңбүйірлі үшбұрыштар
Оқушылыр үшбұрыштың бұрыштарының шамасына қарай жіктемелеумен таныс: сүйірбұрышты үшбұрыш, доғалбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш.
Ал үшбұрыштардың қабырғалары бойынша жіктемесімен таныс емес.
Сондықтан мұғалім қатты қағаздан қырқып алынған қабырғалары әр түрлі үшбұрыштардың қабырғаларын өлшейді. Нәтижеде оқушылар үшбұрыштардың үш қабырғасының ұзындықтары үш түрлі, екі қабырғасы тең, үш қабырғасы да тең болатындығын көреді.
Мұғалім екі қабырғасы тең үшбұрышты теңбүйірлі үшбұрыш деп атау келісілгенін айтады. Одан кейін анықтама тұжырымдалады.
Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол теңбүйірлі үшбұрыш деп атадады. Теңқабырғалар теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары, ал үшінші қабырғасы – табаны, табанына қарсы жатқан бұрыш төбесі деп аталады.
Теңбүйірлі АВС үшбұрышының АС=BC – бүйір қабырғалары, АВ –табаны, С –табанына қарсы жатқан төбесі немесе табанына қарсы жетқан бұрышы, және - табанына іргелес бұрыштар делінеді (4.19,а-сурет).
Барлық қабырғалары тең үшбұрыштың екі қабырғасы тең болғандықтан, ол да теңбүйірлі үшбұрыш. Бірақ оның ерекше аталымы бар. Барлық қабырғалары тең үшбұрышты теңқабырғалы үшбұрыш деп атайды. 4.19,ә-суретте теңқабырғалы KHE үшбұрышы бейнеленген: КН=HE=KE.
С
Н


А В К Е


Теңбүйірлі үшбұрыш Теңқабырғалы үшбұрыш
а) ә)
4.19-сурет

Сонымен қабырғаларына қарай үшбұрыштар қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі және теңбүйірлі болып екіге бөлінеді. Теңбүйірлі үшбұрыштың құрамына оның ішкі жиыны болып теңқабырғалы үшбұрыш енеді.


Тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасын оқып үйренуде оқушылар анықтаманың тұжырымдамасын жатқа біліп қана қоймай, оны түсінуіне көбірек көңіл аудару керек.
Ол үшін ұғымға келтіру және ұғымнан салдар шығару жұмыстары жүргізіледі. Біріншісінде анықтамасына сәйкес келетін теңбүйірлі үшбұрышты танып, анықтай алуға, ал ұғымнан салдар шығару - егер үшбұрыш теңбүйірлі екендігі белгілі болса, оның бүйір қабырғаларын, табанын, табанына қарсы жатқан төбесін көрсете алуға арналған ауызша жаттығулар орындалады.
Мысалы, - 4.20,а–суретте - теңбүйірлі, АС= ВС – бүйір қабырғалары, АВ – табаны, С - табанына қарсы жатқан төбесі;
- 4.20,ә–суретте SM = MN болғандықтан теңбүйірлі. SM –табаны, табанына қарсы жатқан бұрыш, және табанына іргелес бұрыштар;

  • 4.20,в–суретте ЕСD теңбүйірлі үшбұрыш емес;

  • 4.20,г–сурете ТGL – тең қабырғалы үшбұрыш. Тең қабырғалы үшбұрыштың кез келген қабырғасын табаны ретінде алынады.



А В К


М 5 N


5 E


C S P
а) ә)
F б)
C 6 D G R

7 10



E T L H Z
в) г) д)
4.20-cурет
Бірінші кезекте үшбұрыштың теңбүйірлі екенін анықтауға, одан соң есеп шартында «АВС үшбұрышы теңбүйірлі, оның табаны АС» деп берілсе оқушылар оның тең қабырғалары АВ=ВС екендігін ажырата алуға арналған есептер шығарылады.
Мынадай есепті қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет