Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет100/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

3. Үшбұрыштардың теңдік белгілері

Үшбұрыштардың теңдік белгілерін оқып-үйрену үдерісі:


- теореманың қажеттігін көрсету (мотивациялау);
- теоремада айтылатын деректермен таныстыру немесе теореманы ашу;
- теорема мазмұнын меңгеру;
- теорема тұжырымдамасын есте сақтау;
-теореманы дәлелдеу тәсілмен таныстыру;
- теореманы дәлелдеу;
- теореманы қолдану;
-теореманың бұрын дәлелденген теоремалармен байланысын тағайындау т.б. сәйкес жүргізіледі.
Оқу үдерісінде бұл кезеңдердің барлығы оқушылар үшін айқын түрде көрініп тұрмағанмен, мұғалім теореманы оқып үйрену барысында ол кезеңдердің реті әр түрлі болғанымен, олардың міндетті түрде орындалуын ескеру керек.
Үшбұрыштың теңдік белгілерін оқытуда оқушылар бірнеше қадамдардан тұратын күрделі дәлелдемемен бірінші рет кездеседі. Сондықтан үшбұрыштардың теңдік белгілерін дәлелдеуді мұғалім өзі жүргізеді. Оқушыларды теореманы өз бетінше дәлелдеуге тартуға асығудың қажеті жоқ. Оқушылар дайын дәлелдеменің құрылымымен танысуы және олармен жұмыс істеуге үйренуі қажет.
Теореманы оқып үйренудуң қажеттігі
АВС=А1В1С1 екендігін білу үшін үшбұрыштарды біріне бірін беттестіре салу әр уақытта мүмкін бола бермейді немесе АВ=A1В1, АС=А1С1, ВС=В1С1, А=A1, В=B1, С=C1 алты теңдіктің орындалатынын тексеріп шығу да қиын. Оның орнына үш элементтен тұратын үшбұрыштың теңдік белгілерінің орындалуын тексеру жеткілікті. Сондықтан екі үшбұрыштың тең екендігін білу үшін үшбұрыштардың теңдік белгілері қолданылатындығы айтылады.
Теореманы ашу туралы жпалпы мәселе
Үшбұрыштардың теңдік белгілерінің мазмұны үшбұрыштардың белгілеріне сйкес элементтерді тікелей өлшеу немесе берілген элементтері бойынша үшбұрыштарды салу арқылы ашылады.
Белгілі болғандай, үшбұрыштар теңдігінің төрт белгісі бар. Орта мектеп бағдарламасында тек үш белгі ғана қамтылған. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында жоғары сыныптарда немесе сыныптан тыс сабақтар кезінде үшбұрыштар теңдігінің төртінші белгісін оқыту өте пайдалы.
Үшбұрыштар теңдігі белгілерін үйрету реті жайлы мәселені түрліше шешуге болады:
а) негізінен, алдымен екі қабырға мен олардың арасындағы бұрышы тең болған жағдайы қарастырылып, содан соң бір қабырға мен оған іргелес екі бұрышы тең, одан кейін барлық үш қабырғасы тең болатын жағдайы беріледі;
ә) алдымен бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы тең болатын жағдай, содан соң екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы тең, соңында, үш қабырғасы тең болатын жағдай қарастырылады.
Осы тақырыпты үйретудің бірінші тәсілі қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет