Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


 Халық  шаруашылығын дамытудағы сəтсіз



Pdf көрінісі
бет64/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

2. Халық  шаруашылығын дамытудағы сəтсіз 
реформалар
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық 
саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу 
мəселелері төңірегінде əртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға 
дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына бай-
ланысты дəйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының 
аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында 
орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары 
қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына əсер етті. Ендігі 
жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту не-
гізі ретінде  бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркəсіп, 
əскери өнеркəсіп кешенін дамыту; Одақтық республикалар эконо-
микасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынта-
сын арттырудың орнына мəжбүрлеу əдістерін қолдану.    
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін 
қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молда-
вия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжье-
де жəне т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеп-
пен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы 
шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы 
жылғы жиналған астықтың 56% мемлекетке тапсырылған. Ауыл 
шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 
жылдың  желтоқсанында  КСРО  Министрлер  Кеңесі  КСРО-ның 
шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде 
қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 
млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда 
Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осы 
шаралардың нəтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық 
көлемі біршама көтерілді. Бірақта егістік көлемі көбейгенімен егін 
егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 
жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық 
жиналды. 
Республиканың мал  шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 
жылдың өзінде ірі қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған); 
жылқы 1,5 млн. (3,5 млн), түйе 127 мың (1 млн.) болды. Тез өсетін 
қой  саны  ғана  1928  жылғы  санына  жақындады:  1951  жылы  18036 
мың қой болды (1928 жылы 18566 мың). Ауыл шаруашылығындағы 
қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан азат етілген 
республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың 
жылқы, 350 мың қой жəне арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың 
мал жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысы өте төмен 
болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін са-
тып алу бағасы өте төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құнының 
сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 
143 000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170 000 сом ақша жұмсаған. 
Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды, неме-
се тек 60% колхозшының бір күндік жұмысына 1 кг астық тиесілі 
болса, қалғандарынікі бұдан да төмен болған. Шаруаның колхоздан 
алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі 
күнкөріс көзі — өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты 
республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің 
шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл 
шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші  
жолы — өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, 
осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді 
жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл 
еңбеккерлерінің өз еңбегінің нəтижесіне ынтасын арттыру. Екінші 
жолы — ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни 
осы уақытқа дейін жүргізіліп келген бағытты сақтай отырып, оны 
жеделдету жолы.
1953—1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жəне 
Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл 
шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды 
колхоздар мен совхоздардың тəуелсіздігімен ұштастыруға бағыт-
талған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП 
ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық 
табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саяса-
ты өзгерді, ауылшаруашылық өндірісін сатып алу жəне дайындау 
бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан  бас тарту көп 
ұзамай-ақ өз нəтижесін бере бастады. 
Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 
жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған 


290
291
дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты 
тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан 
басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 
1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында 
бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2- хатшы Л.И.Афонов босатылып, 
олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко  жəне 
Л.И.Брежнев  сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға 
ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хат-
шылары ауыстырылды. 
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың жəне 
тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954—1955 
жж. 2) 1956—1958 жж. 3) 1959—1965 жж. Тың игеру жылдарын-
да негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары 
салынды. Əміршіл-əкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді 
болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа со-
вхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 
631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар 
совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла баста-
ды. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге респу-
бликалардан 640 мың адам  көшіріліп əкелініп,  Қазақстанда 18 млн. 
га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% 
игеріліп,  республикадағы  егістік  көлемі  22,4  млн.  гектарға  жетті. 
Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт 
астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның əр аза-
матына өндірілетін астық 2 мың  кг жетті. Оған қоса тың астығы 
сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-
ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет — астық 
өндіруді 5 есе арттыру міндетін  қойды. Осыған сай 60- жылдардың 
ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың жəне тыңайған жер 
көлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақ та тың игерудің алғашқы жыл-
дарында қол жеткен табыс одан əрі ұштасып кете алмады. Өйткені, 
жаңадан игерілген тың жерлер 60- жылдардың ортасына қарай өз 
мүмкіндіктерін  сарқи бастаған болатын, осының салдарынан əрбір 
гектардан жоспарланған 14—15 ц. астық орнына 1954-1958 жылдары 
7,4 ц. жиналса, 1961—1964 жылдары — 6,1 ц., ал 1964 жылы — 3,1 ц. 
ғана астық алынды. Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, Арген-
тина, Франциядан астық сатып алуға кіріседі.
Қазіргі таңда экономистер тың жəне тыңайған жерлерді игермей-
ақ, астық өндіру кезіндегі астықты  аудандардағы əр гектардан 1 
ц. өсірсе, бұл тың игеру нəтижесімен теңескен болар еді,— деген 
пікірде. Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саяса-
ты елдегі демографиялық жағдайды одан əрі күрделендіріп, бұрынғы 
Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін 
де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың 
еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар 
саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған бо-
латын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсыз да саны кеміп отырған 
еуропалық аудандардан тек 1954—1962 жылдары ғана Қазақстанға 
2 млн. астам адам көшіріліп əкелінді. Осының нəтижесінде бір 
жағынан Ресейдің, Украинаның жəне т.б. республикалардың бірқатар 
аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30- 
жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін 
салдарынан  күрт  кеміген  қазақ  халқы,  енді  тыңгерлердің  көптеп 
келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын үлесі 30%-
ке  дейін төмендеп кетті.
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, 
ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектеп-
тер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын əдебиеттердің, 
баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елдімекеннің 
аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды. 
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны тол-
мас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына 
алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы 
бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдары-
нан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара 
топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2—3 ғасыр уақыт 
керек еді. Жайылым азаюы  салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 
есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы — 1158 
мыңға дейін, ал түйе  1928 жылғы санынан 8 есе кеміді.
60- жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан 
ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан 
игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен 
ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен 
болғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Сонымен бірге ауыл 
шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, ауыл шаруашылығы 
өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мəдениетін, топырақ 
құнарлығын көтеру, сумен  қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. 
Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, 
климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді. 


292
293
Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің 
бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз, 1966 ж. мамыр пленум-
дарында ашылып, оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл 
шаруашылығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақсарту, 
колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу, еңбектің 
материалдық жəне моральдық қызығушылығын ұштастыру 
міндеттері  қойылды.  Егістіктің  аймақтық  тиімді  пайдалану 
жүйесі, тың өндіруге бейімделген техникалар ендіріле бастады. 
1966—1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 
5,5 млрд. сом қаржы бөлінді. Осының арқасында 8- бесжылдықта 
ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп, Қазақстан Кеңестер Одағының 
өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне 
Одақтағы ауылшаруашылығы өнімінің 11% тиді. Мемлекеттік  қорға 
республикадан əрбір 4- тонна жүн, 12- тонна ет жəне 5- тонна астық 
түсті.
Енді, қаралып отырған кезеңдегі өнеркəсіптегі жағдайға келер 
болсақ, соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының 
жағдайы ауыр  болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі 
ретінде қаралып, соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына 
келтіру базаларының біріне айналды. Оның соғыстан кейінгі даму 
жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жоғарғы Кеңестің бірінші сес-
сиясында бекітілген “1946—1950 жылдары халық шаруашылығын 
қалпына келтіру жəне одан əрі дамыту заңымен” белгіленді. 
Бесжылдықта республика халық шаруашылығын дамытуға 8,8 
млрд. сом қаржы бөлініп, өнеркəсіп өнімін соғысқа дейінгі 1940 
жылғы көрсеткіштен 2,2 есе асыру жоспарланды. Қазақ метал-
лургия зауытдының құрылысын аяқтау, Қарағанды металлургия 
құрылысын бастау көзделді.
Бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолында социалистік 
жарыс кеңінен қанат жайып, əсіресе, қара металлургия саласы үлкен 
табыстарға жетті. Теміртаудағы қазақ металлургиялық зауытын-
да 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі, Ақтөбе ферросплав зауытында 
өндірістің 3-ші кезегі іске қосылды. Түсті металлургия саласында 
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол алғашқы мы-
рышты бере  бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон жəне 
Мұнайлы кəсіпшіліктері қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа 
дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52% артты. Электр қуатын өндіру 
1945 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті.
Жеңіл өнеркəсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрика-
сы, Жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы тері зауыттары 
өз  өнімдерін  бере  бастады.  Осыған  қарамастан  тұтыну  тауарла-
ры халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады. 1950 жылғы 
мəлімет бойынша Қазақстанда тұтыну заттарын өндіретін 65 қана 
өнеркəсіп орны болды. Республикада мақта, түбіт, тері көп мөлшерде 
орталыққа жіберіліп, одан дайындалған дайын мақта өнімінің 0,1%, 
түбіт өнімінің 1,4%, тері аяқ-киімнің 1,7% ғана пайдаланды. Өйткені, 
қаржының басым бөлігі бұрынғысынша əскери-өнеркəсіп салалары-
на жұмсалды. 
50- жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақ-
станның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы 
өткен КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған халық шаруашылы- 
ғын дамытудың 6- бесжылдық, 1959 жылы ХХІ съезде қабылдан-
ған 1959—1965 жылдарға арналған жетіжылдық жəне 1966 ж. XXІІІ 
съезде қабылданған 8- бесжылдық жоспарлармен белгіленді. 60- 
жылдардың өзінде ғана 700-дей кəсіпорын қатарға қосылды. Оның 
ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станция-
сы, Бұқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 
2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбина-
ты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жам-
был былғары аяқ-киім комбинаты жəне т.б. болды. “Қазақсельмаш” 
зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығаруға ма-
мандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы 
жұмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа 
машиналар мен жабдықтар шығара бастады. 
Соғыс жылдары Қазақстанда соғыс тұтқындарын қабылдау 
үшін мынадай лагерьлер құрылған болатын: Балхаш қаласындағы                 
№ 37, Жезқазғандағы № 39, Қарағандыға жақын Спасск қала-
сындағы № 99. Бұл лагерьлерде 1947 жылғы мəлімет бойынша 
35375 неміс əскери тұтқындары, 3615 жапон тұтқындары болды. 
Бұл тұтқындар Қарағанды, Саран, Теміртау, Майқұдық, Пришах-
тинск, Балхаш, Ақмола облысындағы өнеркəсіп орындарында да 
еңбектенді. 1945—1950 жылдары № 99 лагерьдегі тұтқындар саны 
118 923 адамға көбейді. Лагерь «Қарағанды көмір”, «Шахтақұрылыс”, 
«Жилдорқұрылыс”, «Жилқұрылыс” жəне т.б. өнеркəсіп орында-
рын ақысыз жұмыс күшімен қамтамасыз етті. 1948 жылы халық 
шаруашылығында əскери тұтқындар саны 1 035 339-ға жетті. Олар 
16 халық комиссариаттары  салаларында еңбектенді. Яғни, жинақ 
қоры ГУЛАГ жүйесіндегі тұтқындардың ақысыз еңбегі есебінен 
толықтырылып отырды. Қазақстан аумағындағы əскери тұтқындар 
1945 жылдан бастап біртіндеп еліне қайтарыла бастайды.


294
295
Кеңестік өнеркəсіп ауыр индустрия мен қорғаныс кешенінің ба-
сым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да əскери өнеркəсіп 
кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан 
ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1948 
жылы  КСРО  Министрлер    Кеңесінің  қаулысымен  Семей  полиго-
ны салынды. Осы полигонда 1949—1963- жылдар аралығында 
əуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий 
маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала бастады. 
Сынақтар нəтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті 
газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың 
денсаулығына кері əсерін тигізуде. Ядролық сынақтар жүргізілген 
жылдары үкімет тарапынан халықты радиациядан қорғау шарала-
ры жүргізілмеді, керісінше, радиация тараған аумақта медициналық 
тексеруге тыйым салынып, радиация зардаптары айтылмады.      
1950  жылдың  басында  Байқоңыр  ғарыш  айлағы  салынды.  Бұл 
құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Раке-
та ұшқандағы  жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, 
зиянды жанармай ауа қабаттарын, жердегі су, жайылым шөптерді 
уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сыр-
дария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті.
Сталин қайтыс болғаннан кейін Хрущев тұсында «қырғи-қабақ 
соғыс” өршіп, жеңіл жəне тамақ өндіріс салаларына тежеу жаса-
лынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқынмен 
дамығандықтан, халықтың материалдық жағдайы төмен қалпында 
қала берді. Республикада 200-дей жаңа өндіріс орындары салынды. 
Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол 
құрылысы  жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты — Шу 
темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оңтүстік Қазақстан 
мен Орта Азияны байланыстырған Павлодар темір жолы ашылды. 
Ал Қазақстанның мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс 
Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, 
Бейнеу-Қоңырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық 
шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге респу-
бликада автомобиль, құбыр, əуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. 
Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаңа ірі автомобиль 
жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60- жылдары 
құбыр транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеру-
ге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев 
мұнай құбырлары іске қосылды. Транспорттағы бұл нəтижелерге 
қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудың 
жеткіліксіздігі байқалды.
Өнеркəсіптегі прогресс Қазақстандағы индустрия саласында 
жұмысшы табының өсуіне мүмкіндік жасады. 1970 жылы 3,4 млн. 
жұмысшы болды, бұл 1940 жылдан 5 есе көп еді. Жұмысшы табы ірі 
кəсіпорындарда көптеп шоғырланды. Мысалы, Қарағанды металлур-
гия жəне Ащысай полиметалл комбинаттары  жұмысшылардың көп 
шоғырланған ортасы болды. Бірақ та экономикалық реформалардың 
сəтсіздігі қоғамның əлеуметтік құрамына жəне тұрмыс жағдайына 
өз əсерін тигізді. Жергілікті ұлт өкілдерінен маман жұмысшы кад-
рларын даярлауға қамқорлық жасалмағандықтан, 1957—1973 жыл-
дар жұмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4 %-тен, 
11,7 %-ке дейін төмендеді. 1970 жылдың басында қазақтар тек мұнай 
жəне газ саласында ғана басым болды.
Осыған қарамастан республикада машина жасау жеткіліксіз 
қарқынмен дамыды, өнеркəсіп өндірісінде оның үлес салмағы 1961 
жылы  — 10,4%, 1970 жылы — 10,6% дейін ғана өсті. Республиканың 
машина, құрал-жабдықтар жөніндегі құрамының 72% басқа респу-
бликалардан əкелу арқылы шешілді. Республика өндірісінің дамуы 
негізінен шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін қосу 
арқылы қамтамасыз етіліп, өнеркəсіптің шығарушы  жəне өңдеуші 
салалары арасындағы алшақтық тереңдей түсті. 
60- жылдары халық шаруашылығын əміршіл-əкімшілдік, 
бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, 
елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға  талпыныс жасады. 
1959 жылы түсті металлургияның барлық кəсіпорындары Қазақстан-
ның  қарамағына  берілді.  КОКП  ОК  1965  жылғы  қыркүйек  плену-
мында экономикадағы əкімшілдік айыпталып, өндіріс басшылығын 
салалық принцип бойынша ұйымдастыру қажет деп табылып, 
өндірістің салалары бойынша одақтық, республикалық жəне 
жалпыодақтық министрліктер құру жөнінде шешім қабылданады. 
Өндіріс орындарына біршама өзіндік еркіндік беріліп, жаңаша 
жоспарлау мен экономикалық ынталандыруға көше бастады. 
Халықшаруашылық кеңестері жойылып, жаңадан құрылған 
министрліктердің қызмет ауқымы кеңейді. Əр министрлік өз са-
ласын қаржыландыру, басқару, шикізат пен жабдықты бөлу, өнім 
сапасын қадағалау жəне т.б. күрделі міндеттерді атқарды. Өндіріс 
орындарына да біршама еркіндік берілгендіктен, оларға өзін-өзі 
қаржыландыруға, жұмысшылардың сапалы еңбегіне төленетін 
еңбекақы көлемін көтеруге рұқсат берілді. Сонымен бірге өнеркəсіп 
ынтасын арттыру үшін еңбекақы қорында өнеркəсіп кірісінің жар-
тысы  қалдырылды. Бұл жағдай еңбек сапасын, өнім сапасын өсі-


296
297
руге, шикізатты үнемді пайдалануға жол ашты. 60- жылдардың 
соңына қарай жаңа жоспарлау жүйесіне 1467 өнеркəсіп немесе 
барлық өнеркəсіп орнының 80% көшті. 
Бұл реформа нəтижесі жоғары болды. Сегізінші бесжылдықта 
(1966—1970 жж.) халық шаруашылығы жоспарлы экономикаға 
көшкен кезден бері алғаш рет ең  жоғарғы  көрсеткішке жетті. 
Сегізінші бесжылдықта өндіріс күші жоғары қарқынмен дамыды. 
Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан 
алға шықты. Мұнай өндіру, химия өнеркəсібінің маңызы артты. 
Кен орындары көптеп ашылып, жаңа өнеркəсіп аудандары ашыл-
ды. Бесжылдықтың соңына қарай 445 ірі өнеркəсіп орындары мен 
цехтар ашылып, зауыттар мен фабрикалар  қайта жабдықталды. 
Қазақстанда минералды тұз, синтетикалық каучук, химия 
өндірістері кеңейді. Қаратау бассейніндегі фосфорит қоры, КСРО-
дағы сары фосфор мен тыңайтқыш шығаратын ірі орталыққа ай-
налды. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатының өнімі Орал ме-
таллургия зауытының жəне т.б. өнеркəсіп орындарының шикізат 
көзіне айналды. Қарағанды металл зауытының Одақ бойынша 
маңызы  өсті.  Ол  жоғары  сапалы  шойын,  мыс  өндірді.  Республи-
ка хром өндіруден бірінші орынға, темір жəне марганец өнімдерін 
өндіруден үшінші орынға көтерілді. Машина жасау өнімін өндіру 
1,6 рет, соның ішінде ауыл шаруашылығы машиналарын өндіру 2 
есе артты. Қазақстанда машина жəне машина жабдықтарының 300 
жаңа түрі шығарылды. Республикадағы трактор жасау саласының 
негізі болған Павлодар трактор зауыты іске қосылды. 
Жеңіл өнеркəсіп салалары да біршама дамыды. Қазақстан жеңіл 
өнеркəсібі  1970  жылы  Одақ  бойынша  өңдірілген  барлық  өнімнің 
16%-ін берді. 
Осыларға қарамастан 60- жылдардың 2- жартысындағы эко-
номикалық  реформалар  сəтсіз  аяқталды.  КОКП  ОК-нің  бірінші 
хатшысы Л.И.Брежнев басқарған басшылық өткеннен сабақ алма-
ды. Осының салдарынан ауыл шаруашылығына, өндіріске қатысты 
қаулы-қарарлар бұрынғысынша əкімшіл-əміршіл сипатта қала 
берді. Қабылданған қаулылар іс жүзінде кеңес атқару комитеттері 
мен шаруашылық ұйымдарының атқаратын міндеттерін облыстық, 
аудандық жəне бастауыш партия ұйымдарына жүктеп, өндіріс орын-
дары, колхоздар мен совхоздарды өзіндік еркіндіктен айырды. Ре-
формалар кредиттік-қаржылық жүйемен, материалдық-техникалық 
жабдықтаумен байланыстырылмады. Осылардың салдарынан бір 
жағынан Қазақстанның экономикасының қуаты арта түссе, екінші 
жағынан оның орталыққа тəуелділігі күшейе түсті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет