Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


 ХІV—ХV ғғ.  Қазақстан аумағындағы мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата03.01.2017
өлшемі1,99 Mb.
#1046
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

3. ХІV—ХV ғғ.  Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
 Монғол дəуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу 
жəне Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады. 
ХІV—ХVІ ғғ. Қазақстанның бұл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы 
кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы 
(Мəуераннахр) Шыңғыс əулетінің иеліктерінде монғол дəуірінің 
ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер құрылды: Ақ Орда, 
Моғолстан, Əбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.
Ақ Орда. ХІІІ—ХV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 
Ақ  Орда    мемлекеті  өмір  сүрді.  Ол  монғол  шапқыншылығынан 
кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ 
Орданың негізін қалаушы — Жошының үлкен баласы Орда Ежен 
(1226—1280 жж.). Рашид əд-Диннің жазуына қарағанда (ХІV 
ғ.),  Жошы  ұлысының  шығыс  бөлігін  (сол  қанатын)  əкесінің  көзі 
тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Əбілғазының 
айтуынша  (ХVІІ  ғ.)  осынау  жерді  оған  інісі  Батухан  ХІІІ  ғ.  орта 
кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес 
билеушілер болды. ХІV ғ. 2- жартысында Алтын Орда билігі 
əлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. 
Аумағы: Батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне 
дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-
шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі 
жерлер. Астанасы — Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы 
— түрік тілді тайпалар. 
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-
Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы 

68
69
ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне 
араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мəуераннахр билеушісі 
əмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы 
күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Ал-
ғашқы  ханы  —    Сасы  Бұға  (1309—1315),  мұрагері  —  Ерзен  хан   
(1315—1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІV ғ. 2- 
ширегінде Ерзен мен Мүбəракқожа тұсында басталды. Мүбəрак-
қожа хан (1320—1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат 
жүргізуге тырысты. 
Шымтайдың (1344—1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361—
1376 жж.) Ақ  Орда Алтын Ордадан бөлініп, тəуелсіз хандық болып 
жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едəуір нығаяды. Əйгілі 
тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманы-
ның қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен 
Ақ Орданың саяси тəуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұм-
сады. Оның сыртқы саясаты негізінен Əмір Темірдің шапқыншы-
лық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ 
Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды 
көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші 
аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге жəне осы өңірдегі 
шаруашылық, мəдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге 
баса мəн берді. 
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. 
Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, 
Алтын Орданы өзіне бағындыруға əрекет етті. Бұл мақсатын 
жүзеге  асыру  үшін  1368  жылы  Еділ  бойына  жорық  жасайды. 
1374—1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, 
Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша 
билеушісі Мамайды жеңе алмайды жəне бұл кезде Ақ Орданың 
өзіне Əмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырда-
рия  бойындағы  өз  иелігіне  қайтып  оралады.  Ол  өзінің  қайтар 
жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген 
Жошы əулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны 
өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Əмір Темірге барып паналайды. 
Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп əскермен Ақ 
Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374—1375) 
сəтсіз аяқталды, Ақ Орда əскерлері оның əскерлерін талқандады. 
Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Əмір 
Темірден жаңадан əскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс 
ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда əскерлерінен жеңілді, тек 
төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. 
Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс 
ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс 
Орыстың баласы Темір-Мəлікті (1376—1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, 
Ақ Орда билеушісі болды. 
Ақ Орданың əскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Ал-
тын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380—1395 жж.) Ақ Орда 
мен Алтын Ордаға хан болды. ХІV ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс 
Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Əмір Темірге 
қарсы шықты. Осы кезде Əмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы 
ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Те-
рек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Əмір Темір Тоқтамысты 
жеңіп, Алтын Орданы талқандады. 
ХІV  ғ.  аяғы  —  ХV  ғ.  басында  сыртқы  саяси  ауыр  жағдайлар 
мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда əлсіреп кетті. Ақ Орданың 
əлсіреу себептері: Əмір Темірдің тонаушылық жорықтары жəне ішкі 
тартыстар. 
1423—1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы 
Ақ  Ордадағы өз əулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың 
соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі 
Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды 
өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың 
жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Əбілқайырдың қолына көшеді. 
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан 
тəуелсіз болған,  сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші 
хандарының əулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік 
бірлестігі ХІV—ХV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан 
жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың 
бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда 
мемлекеті  Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. 
Моғолстан хандығы. ХІV ғ. ортасы — ХVІ ғ. басында Оң-
түстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. 
Бұл мемлекет ХІV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс 
бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы 
ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін 
салушы — дулат тайпасының көсемі Əмір Болатшы. Алғашқы ханы 
— Тоғылық Темір (1348—1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері 
əулетінің негізін салды. Астанасы — Іле алқабындағы Алмалық 
қаласы болды. Аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, 

70
71
Шығыс Түркістан. Орталық аймағы — Жетісу. «Моғолстан» атауы 
«монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік жəне парсы деректерінде 
монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, 
арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік жəне түріктенген монғол 
тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. 
Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едəуір бөлігі кейін қазақ 
халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс 
Түркістанды мекендейтін екінші бөлігі қырғыздар мен ұйғырлар 
құрамына кетеді. Осылардың ішінде  дулаттар ең қуатты тайпа 
болды. 
Билеушінің дəрежесі — хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси 
басшысы жəне жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы 
əмірлерінен ханның көмекшілері — ұлысбектер тағайындалды. 
Хандық кеңес мемлекеттің ішкі жəне сыртқы істері, əскери жорық 
жəне жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді 
шартты түрде иеленудің ихта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін 
пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. 
Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі 
аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. 
Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, 
егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде 
көрсетілгендей,  қалан,  күпшір,  зекет,  тағар,  баж  жəне  қарадж  деп 
аталған. Сондай-ақ халық əскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. 
əртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған 
соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. 
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту 
үшін ислам дінін тірек етті.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі 
қырқыс,  көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылық-
тарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы 
Мəуеран-нахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші 
етіп қойды. Кейін ол əкесінің орнына 1362—1385 жж. Моғолстанның 
билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, 
Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат əмірі Қамар ад-Дин — 
Жетісуды, Енке төре — Іле мен Тарбағатайды биледі. 
Осыны пайдаланған Əмір Темір ХІV ғасырдың 70—80-жылда-
ры  Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр 
Қожа  хан  (1385—1399  жж.)  өзін  Темірдің  вассалы  деп  мойын-
дайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408—1418) 
елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір 
тұқымынан тəуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс 
пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру 
үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.  
ХV ғ. 1- жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы 
жиіледі. Уайс хан (1418—1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, 
олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық 
деген жерге көшіруге мəжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан 
(1433—1462) ХV ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. 
ХV ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жəнібек пен 
Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға 
оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты: 
— қазақтарды ойраттарға жəне Темір əулетіне қарсы əскери күш 
ретінде пайдалану;
— қарсыласы Əбілқайыр мен інісі Жүніске  қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462—1487) мемлекет жағдайы біраз ны-
ғаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан 
жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487—
1508) Жетісуда жəне Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен 
соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның 
немересі  Сейітхан  1514  жылы  Қашғарияны  басып  алып,  Шығыс 
Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ 
рулары мен тайпалары 60 ж. бастап Қазақ хандығының құрамына 
енеді. 
Сөйтіп, ХVІ ғ. басында феодалдық өзара қырқыстар, халық 
наразылығының жиілеуі жəне олардың Қазақ хандығына барып 
қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып 
өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына 
жəне қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын 
аяқтауына аумақтық тірек, саяси-экономикалық негіз болды. 
Əбілқайыр хандығы. ХV ғ. 20-жылдарында Қазақстанның 
орталық, батыс жəне солтүстік-батыс аймақтарында тəуелсіз 
феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы 
Əбілқайыр (1428—1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол 
Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтары-   
мен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпа-
ларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. 
Əбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан бастап, 
шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның 
төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы 
мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы — 

72
73
алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. 
Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, 
қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер 
т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Əбілқайыр хан мемлекетінің ішкі 
саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан 
басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс əулетінің 
билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз 
соғыстар тоқтамады. 
Əбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу 
үшін көптеген  соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында 
Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып 
алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы 
əулетінің Махмұд жəне Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын 
тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария 
бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, 
Сығанақты астана етті. 
ХV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі 
Темір  ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ та 1457 
жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, 
онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. 
Бұл жағдай Əбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. 
Нəтижесінде ХV ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер 
мемлекетінен Жəнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір 
тобы  Моғолстанға  көшіп  кетті.  Оларды  жазалау  үшін  1468  жылы 
Əбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен 
қайтыс болды. Осыдан кейін Əбілқайыр хандығы  ыдырап кетті. 
Əбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлті- 
рілді.  Ал,    Əбілқайырдың  немересі  Мұхаммед  Шайбани  (1470— 
1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы 
қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан 
кейін Əбілқайырдан тараған Шайбанилер ұрпағының Шығыс 
Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ 
хандарына толық көшті. ХVІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір 
бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мəуераннахрға көшіп кетті. 
Ондағы Темір ұрпақтарының билігінің əлсірегенін пайдаланып, 
Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан 
жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.       
Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда 
болған  мемлекеттік бірлестіктің бірі — Ноғай Ордасы. Ол ХІV—
ХV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. 
Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, əскерінің 
қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260—1306) Ноғай есімімен 
байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер 
Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий 
маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. 
Ноғай Ордасының негізін салушы — əмір Едіге (1395—1419). Ол 
15 жылдай  Алтын Орданы билеп (1396—1411), «ұлы əмір» атанған. 
Шыңғыс əулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай 
Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл 
процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426—1440) тұсында аяқталып, 
Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХV ғ. ортасында бөлініп, дербес 
мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы — Жайық 
өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы — маңғыт, 
қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама жəне т.б. сияқты түрік 
тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, 
оған енген тайпалар ХV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының 
негізін құрады. 
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір 
орталыққа  бағынған өкімет болды. Орда билеушісі — хан. Ұлыс 
басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, 
ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. 
Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-
қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға 
міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік 
жолмен берілетін əкімшілік, əскери, елшілік билік князьдің қолында 
болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды. 
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта 
Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз 
байланысты. Ноғайлар тарихы, əсіресе көшпелі өзбектер мен 
қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында 
көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып 
байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай 
Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты 
өзгеріп отырды. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары 
Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде 
Сырдария  бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың 
билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы жəне 
басқалары Əбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап 
алуға жəрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, 
енді бірде татуласып, одақ құрып отырған.  Ш. Уəлиханов ноғайлар 

74
75
мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан 
«қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. 
ХVІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-эконо-
микалық,  саяси байланысы дамыды. ХVІ ғ. 2- жартысында Ноғай 
Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) жəне 
Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың 
көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. 
Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының 
қалыптасуында үлкен рөл атқарды.  
    
5-тақырып
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы
• 
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы 
• 
1. Қазақ хандығының құрылуы жəне нығаюы
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  
бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. 
Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  
сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы 
да көп мəлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз  
еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мəліметтер 
қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты 
шығыс деректерінің маңызы зор.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің 
өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нəтижесінде ерте 
заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген 
көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  
негізінде бірігуі арқылы XV-ғасырдың орта шенінде құрылды. 
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей  мен  
Жəнібек сұлтандардың Əбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен 
қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу 
жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды. 
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434— 
1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Əбілхайырға 
қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде 
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты 
еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Əбілхайыр хан 
биледі. Ол Жошы əулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. 
Нəтижесінде Жəнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. 
Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның 
батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып 
орналасқан соң, Əбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының 
шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен 
бөлігі Керей хан, Жəнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың 
маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер 

76
77
— «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—
1466)  билей бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу 
өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген 
тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен 
етене араласып кетті. Əбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс 
салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, 
етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле   бастады.  Мұны көрген  
Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Əбілхайыр хан қол астынан шығып, 
бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ  хандығына қеліп  жатты. 
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  
əлсіз еді жəне бірсыпыра қазақ тайпалары Əбілхайыр хандығының,  
Моғолстанның,  Ноғай Ордасының жəне Батыс Сібір хандығының 
қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал 
Əбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып,  Жетісуға қоныс аударған 
қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына жəне оған 
көптеген тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  
қылышын  қайрап отырды.  
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу 
өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі 
тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты   керек  етті. Сонымен қатар 
көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, əсіресе 
қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық — Сырдария  
жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы 
жағдай жасау маңызды мəселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың 
 
оңалуына тек  көшпелі ел   ғана емес,   отырықшы аймақтардағы  
халықтар да  мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың 
талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер 
тұрды: 
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында 
бұрыннан қалыптасқан дəстүрлі тəртібін қалпына келтіру (бұл тəртіп 
Əбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді); 
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған  Сырдария  
жағасындағы  Сығанақ, Созақ, Отырар, Яссы  (Түркістан) т. б. 
қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі, Сырдария бойындағы 
бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ 
Орданың, Əбілхайыр хандығының саяси-əкімшілік жəне сауда-
экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды 
өзінің  экономикалық  жəне  əскери  тірегіне  айналдыру  Дешті-
Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан 
бұл қалалардың саяси-экономикалық жəне соғыс-стратегиялық 
маңызы зор еді; 
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық 
аумағын біріктіру.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы 
үшін күресте Қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы 
Əбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Əбілхайырға қарсы күресу 
үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық 
байланыс орнатты. Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының 
Моғолстанға жəне Əбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы 
шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді. 
1468 жылы қыста Əбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ 
болып,  Жетісуға  жорыққа  аттанды,  бірақ  сапары  сəтсіз  болып, 
осы жорық кезінде қаза тапты. Əбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек 
ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. 
Əбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына жəне 
оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  
үлкен бөлігі Керей  мен Жəнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары 
Əбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-
сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Əбілхайыр ханмен 
билікке таласып келген Жошы ұрпақтары — Ахмет хан мен Махмұд 
хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан жəне  Ноғай  мырзалармен 
одақтаса отырып  күрес жүргізді.
Əбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза 
тапты.    Əбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары 
Əбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын 
жəне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV 
ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас 
Қаратау өңірінің бірсыпыра аумағын басып алды. Сөйтіп қазақ 
хандығының аумағы əлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ 
тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілхайырдың 
немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам 
уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан 
аймағын билеген Əмір Темір əулетінен шыққан Əмір Мұхаммед 
Мəзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге 
дəмелі болды.  
Сыр бойы қалалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат 
жұмсады. Əбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани 
 
Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мəзит Тарханды  паналады. 

78
79
Мұхаммед Мəзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ 
хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани 
оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан 
аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол 
бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Əз Жəнібектің 
үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші 
баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан 
соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария 
жағасындағы  — Созақ жəне  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  
құрамына  кірді.
Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып
Ноғай Ордасының əмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып, 
Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша 
жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың 
біріккен əскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ 
пен Сығанақ аралығында, Мұхаммед Шайбанидың əскерлерін 
талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. 
Бұл шайқаста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға 
қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына 
өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай сақталды.
Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де  
(1480—1511)  толастаған жоқ. XV ғасырдың сексенінші жылдарында 
Əмір Темір əулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан 
ханы  Сұлтан  Махмұд  арасындағы  соғыста  Мұхаммед  Шайбани 
Моғолстан  ханына  болысып,  оның  қолдауымен  тағы  да  Аркөк, 
Сығанақ қалаларын басып алды. Бірақ қазақ ханы Бұрындық 
қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Қаланың тұрғындары 
қазақ əскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен, 
бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті. 
Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд 
Сұлтан билеген Яссы (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қа-
зақтардың біріккен əскери күшінен қорғанған Шайбани əскерлері 
Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Алайда үш жыл бойы 
қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани, Бұрындық хан мен 
Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 
1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мəжбүр болды.
Қазақ хандығы, Шайбани əулеті, Əмір Темір əулеті жəне Мо-
ғолстан билеушілері арасындағы тайталаста Қазақ хандығы мен 
Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласу жəне  Əмір Темір əулеті 
мен Моғолстан билеушілері арасында  арпалыс асқына түсті. Осы 
күрес барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482—1485 жылдары 
Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. 
Моғолстан билеушілері Мұхаммед Шайбаниды Əмір Темір 
əулетіне  қарсы  жұмсау  үшін  қолдады,  ал  Əмір  Темір  əулетінен 
шыққан Əмір Мұхаммед Мəзит Тархан оларға қарсы Қазақ 
хандығымен  одақтасты.    XV  ғасырдың  аяғында  Моғолстан  ханы 
Сұлтан Махмұд  Отырар қаласын басып алды да, оны Мұхаммед 
Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына жəне Отырар 
сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мұхаммед Шайбани 
тағы да Сауран мен Яссы  қаласын басып алды.
Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым жəне Жəдік сұлтандар Мұ-
хаммед Мəзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайбаниға 
қарсы Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың тұрғындарының  
көбі  Бұрындық  ханға  тілектес  жəне  онымен  байланыста  еді, 
сондықтан Созақ қазақтардың колына көшті. Ал Сауран қаласының 
халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхаммед 
Шайбанидың қаланы билеуге қалдырған туыстарын ұстап қамады 
да қазақтарды қалаға кіргізді.  Бұрындық хан Сауранды қайтарып 
алған соң Мұхаммед Шайбанидың тұрағы Отырар қаласының 
қамалын қоршады. Алайда Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд 
Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниды құтқаруға көмек жібергендіктен 
қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани 
хан қазақтармен бітім  жасады.
XV ғасырдың ақырында Отырар, Яссы, Аркөк,  Бозкент қала-    
лары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға 
қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан 
аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. 
Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд 
биледі.
Қазақ хандығы өзінің шаңырағы көтерілген батыс Жетісудағы 
иеліктерін, Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандар 
мен сауда, қолөнер жəне мəдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, 
Сауран  қалаларын  иемденіп,  өз  иеліктерін  едəуір  ұлғайтты  жəне 
билігін нығайтты. Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани 
ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мəуеран-    
нахрға ығысуға мəжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы 
Əмір Темір əулетін талқандап, Мəуераннахрды жаулап алды да,  
Шайбани əулетінің негізін қалады. Бұл кезеңде ішкі қырқыстардың 
күшеюі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген 
зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мəуеран-

80
81
нахр билеушілері (Əмір Темір əулеті) пəлендей қарулы қарсылық 
көрсете алмады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мəуераннахрға 
келген көшпелі тайпалар да бірте-бірте  жергілікті отырықшы халыққа 
сіңіп, олардың тілі мен мəдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы 
(Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл 
көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау 
бірте-бірте Мəуераннахрдың байырғы тұрғындарына сіңісіп кетті.  
Бірақ  олар  «өзбек»  деген  атау  ғана  болмаса,  жергілікті  халықтың 
тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.
XV ғасыр мен  XVI ғасырдың арасында (1500 жылы) Мұхаммед 
Шайбани ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен 
аралығын (Мəуераннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, 
əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл, ең алдымен, 
Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, елдігін 
нығайтты. Бұрынғы дəуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ 
тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық аумағын 
біріктіруге, сонау VI—VII ғасырлардан басталған қазақтардың 
халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. 
Бұрын Ақ Орда мен Əбілхайыр хандығында қолданылған «өзбек-
қазақ» деген жалпы атау бір-бірінен ажырады. «Қазақ» термині 
бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың 
тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниға 
еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде  Орта  Азияда 
ғана  қолданылды. 
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511—1521 жж.) нығая 
түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында  туған. Қасымның 1513 
жылы  күзде Шу өзені жағасында  Шағатай ұрпағы Саид ханмен 
жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза  Хайдар  Дулатидың  
айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске 
жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым əскери қол-
басшы  болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну 
дəстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. 
Шайбани  ханның  1504  жылы  көктемдегі  Əндіжанға  жорығы  тұ-
сында Қасым хан  маңғыттардың  көмегімен бүкіл Қыпшақ дала-
сына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп, оның Ташкент пен Түркіс-
танға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.
Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын əлсіретіп, 
 
хандықтың əскери қуатын арттырды.  Өзіне қарасты қазақ жерін 
кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбанинама» жəне т.б. дерек-
терге қарағанда XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым 
хан  қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. 
Бұл кезде  хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен 
Түркістанның  маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың 
көп бөлігін, солтүстік-батыста  Жайық өзені жағалауын қамтыды. 
Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту,  қазақ тайпаларын жəне 
қазақтардың этникалық аумағын біріктіру жолындағы жеңістері 
елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар 
Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай  
құдіретті ешкім  болған емес» деп жазды. 
Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасына 
да  кең тартылды. Қасым хан  Ұлы князь Василий III (1505—1533) 
кезіндегі Мəскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. 
Осы кезеңде   қазақ халқы туралы мəлімет батыс Еуропаға да белгілі 
болды. Мəскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526) Австрия дипломаты 
Сегизмунд Герберштейн  өзінің  дипломатиялық жазбаларында 
Қазақ хандығы туралы  баяндаған.  
Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен 
қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың 
арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан 
өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың  еске түсірулері бойынша 
жылқы малының өте білгірі жəне əскери талантты қолбасшы 
ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған жəне де халық 
саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дəстүрлі əдет-
ғұрыптарды    ұстанған  хан  болды.  Осы  дəстүрлі  əдет-ғұрыптарды 
заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде 
мұсылман елдерінде  жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің 
(шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң 
болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым 
ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның  қасқа жолы» 
деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай: 
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыс-
тарына жаза);
3. Əскери заң ( қосын құру,  аламан міндеті, ердің құны, тұлпар 
ат);
4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда 
сыпайылық, əдептілік);
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер).
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық 
бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады. 

82
83
Қасым хан  қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай 
бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан 
дау басталды. Соның нəтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен 
қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар 
нəтижесінде ыдырап, бөлшектенді.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының 
тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді 
мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, 
қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы 
заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата 
аяқтатуда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет