Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
 
 
Электронды микроскоп. 
Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон 
сəулелері қолданылады, осыған байланысты қолданылатын 
қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын үзындығы 
0,056—0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа 
болса, микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі соғұрлым 
артатынын физика курсынан жақсы білеміз. Осыған байланысты 
электронды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі —1—
7А°-ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. 
Электронды микроскопты пайдаланып қалыңдығы 400—600А° 
препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан 
электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. 
Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды 


7
ультрамикротом деп атайды. Осы прибордың көмегімен жұқа 
кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен 
бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сəулелері 
препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» 
экранға түседі. 
Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер клетканың,
ұлпаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін, 
саласын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл əдіс химиялық 
реакциялар арқылы клеткалар мен ұлпалардың құрамындағы 
қосылыстарды тексереді. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген 
тəсілдер арқылы клетканың құрамындағы белоктарды, нуклеин 
қышқылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады. 
Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар
мен клеткалардың немесе ұлпаның арасындағы
реакцияның 
нəтижесінде 
заттардың 
боялып 
көрінуін
қамтамасыз ету керек. Мысалы, клетканың құрамындағы РНҚ-
ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы қолданылады, ал 
оның клеткада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны 
ажыратады (немесе жояды). Сəуле спектрін өзіне сіңіру арқылы 
клетканың құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін 
есептеуге негізделген приборды цитоспектро-фотометр деп 
атайды. Бұл əдіс абсорбция заңына бағынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет