13
модельдер
ұсынылды.
Олар
негізінде
белоктар
мен
фосфолипидтердің байланысын көрсетеді. Кейбір модельде
мембрана үзілмейтін қатпарлы құрылым (а) кейбіреуінде
мицелла (б) түрінде көрсетіледі. Мембрананың ішкі глобулярлы
түйіршіктері ашылғаннан кейін мембраналарды белоктар кіретін
сұйық
қүрылым ретінде қарайды жəне
ішкі клетка
мембраналары кұрылысы жəне химиялық құрамы жағынан бір-
біріне ұқсас келеді. Электронды микроскоптан мембрананың үш
кабаттан тұратынын анық көруге болады. Ортаңғы ашық кабат
бимолекулалы май қабатынан, ал шеткі күңгірт қабаттары белок
молекулаларынан түзіледі (4-сурет). Клетканың сыртқы қабаты
(плазматикалық) оны сыртқы ортадан бөліп тұрады, ал
ішкі
мембраналар көпіршік түрінде келіп, өзінің құрамындағы
заттарды цитоплазмадан ажыратады.
К.летка
цитоплазмасындағы
мембраналар
қуыстар,
түтікшелер немесе көпіршіктер жасап, өздерінің ішіндегі
заттарды
гиалоплазмадан бөліп, күрделі тор құрайды. Мұндай
мембраналарға митохондрия, пластидтер,
эндоплазмалық
торлардың мембраналары жатады (5-сурет).
Плазмалемма.
Плазмалемма.
клетканы
қоршап
тұрғандықтан сыртқы ортамен тікелей байланысты, сондықтан
бұл мембрананың клетка тіршілігіндегі рөлі өте зор.
Плазмалемманың қалыңдығы 10 нм шамасындай,
басқа
мембраналарға қарағанда қалыңдау, өйткені оның сыртқы беті
көмірсулардан, ішкі жағы қалың белок молекулаларынан
тұрады. Мембрананың негізгі химиялық компоненттері —
белоктар (60%), майлар (40%) жəне көмірсулар (2—10%).
Клетканың ішкі мембраналарына
қарағанда плазмалемма
холестеринге бай.
14
5-сурет. Клетканың ішкі мембраналарының үлгісі:
1 — ядро қабықшасы, 2 — ядро қабықшасындағы
торлар, 3 — полисомалар, 4 - кедір-бұдырлы эндоплазмалық
тор, 5 — жазық
эндоплазмалық тор , 6- ауыспалы
көпіршіктер, 7 — вакуоль, 8 — диктиосома, 9 —
плазматикалық мембрана, 10— цитоплазмалық көпіршік.
Плазмалемманың
бір
ерекшелігі
оның
сыртында
көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бүл
қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады. Плазмалемма негізгі
атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік жəне
тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың,
иондардың жəне молекулалардың
сыртқы ортадан клеткаға
өтуін жəне кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде
клеткада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма
арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы
бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар клетканың
күйін басқа көрші клеткаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма
клетканың бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның
сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты əр түрлі
өсінділер болады.
Достарыңызбен бөлісу: