5-лекция. Еркін және байланысқан зарядтар. Полярлану векторы. Электрлік қабілеттілік . Электр ығысу векторы. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы. Электр өрісінің әсерінен өткізгіш ішінде оңай орын ауыстратын зарядтар еркін зарядтар деп аталады. Диэлектрикті электр өрісіне орналастырғнда онда зарядтар пайда болады, бірақ оларды диэлектриктен бөліп алуға болмайды. Мұндай зарядтарды байланысқан зарядтар деп атайды. Диэлектриктің полярлану дәрежесін полярлану векторы – диэлектриктің көлем бірлігіндегі дипольдік моменті сипаттайды:
Диэлектриктің полярлану векторы сол нүктедегі өріс кернеулігімен
P = χε0E өрнегімен байланысқан; мұндағы χ–диэлектриктің электрлік қабілеттілігі (сезімталдығы). Электр өрісінің кернеулігін еркін және байланысқан зарядтар туғызады. Электр ығысу векторы D тек еркін зарядтармен байланысқан, ол вектор былай анықталады:
D = ε0E + P
Электр ығысу векторы үшін Гаусс теоремасы былай жазылады:
6-лекция. Шекаралық шарттар. Пъезоэлектриктер. Сегнетоэлектриктер. Электреттер.
Бір ортадан екінші ортаға өткенде E және D векторлары сынады. Ол векторлар үшін шекаралық шарттар төменгі өрнектермен беріледі:
Пьезоэлектриктер деп белгілі бір бағытта деформацияланғанда деформациялаушы күшке перпендикуляр бағытта байланысқан зарядтар пайда болатын кристалдарды айтады. Сыртқы өріс болмағанда спонтанды (өздігінен) поляризацияланатын заттарды сегнетоэлектриктер деп атайды.
7-лекция. Зарядтардың өткізгіште орналасуы. Электр өрісі мен заряд тығыздығының байланысы. Әсерлесу арқылы электрлену. Ван де Граф генераторы. Өткізгіш ішінде зарядтар тепе-теңдігі төмендегі шарттар орындалғанда ғана байқалады:
өткізгіш ішінде барлық жерде өріс кернеулігінолге теңболуы керек;
өткізгіш бетінде кернеу барлық бағытта нормаль бойымен бағытталуы керек.
Зарядтар өткізгіштің сүйір ұштарында жинақталады, бұл жерлерде өріс кернеулігі өте үлкен болуы мүмкін. Зарядталмаған өткізгішті электр өрісіне енгізгенде заряд тасушылар қозғалысқа келеді: оң зарядтар өріс бағытымен, теріс зарядтар қарама-қарсы бағытта қозғала бастайды. Осының нәтижесінде өткізгіш ұштарында индукцияланған зарядтар деп аталатынқарама-қарсы таңбалы зарядтар пайда болады. Ван-де-Грааф генераторының жұмысы артық зарядтардың өткізгіш бетіне орналасатындығына негізделген. Бұл генератордың көмегімен өткізгіштерді 107 В. кернеуге дейін зарядтауға болады.